Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді



бет17/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
геод
академиялык
9-лекция
Салынбақшы құрылыстың негізгі осьтерін жер бетіне түсіру геодезиялық қосындардың құрылыс маңында орналасу жағдайларына байланысты келесі əдістердің бірімен атқарылады. Триангуляция. Бұл əдісте құрылыс маңында қарапайым триа н гуляция жүйелері арқылы нүктелердің координаталары анықталып, құрылыс осьтерін қадалау атқарылады, олар: үшбұрыштар тізбегі, геодезиялық төртбұрыштар, орталық жүйе, т.т. Үшбұрыштардың пішіні тең бүйірлі үшбұрышқа жақын, ал жалғастырушы бұрыштары 300 кем, 1200 артық болмағаны дұрыс. Бас геодезиялық негіз үшбұрышының бір қабырғасына түйістірілген аспалы тізбек үшбұрыштарының саны екіден аспауы керек. Үшбұрыш тізбектеріндегі əр үшбұрыштың барлық бұрыштары өлшенеді. Полигонометриялық немесе теодолиттік жүрістері белгілі əдістердің бірін қолдануға болмайтын жағдайда немесе құрылыс осі бір-біріне жақын көп бұрылысты болған жағдайда іске асады. Бұл əдісте құрылыс осін жер бетіне түсіру үшін, ұзындықтар мен бұрыштарды алдын ала есептеп алу керек. Теодолиттік жəне полигонометриялық жүрістердің екі соңғы нүктелрі Бас геодезиялық негіз қосындарына тірелулері керек. Айтылған екі əдіс келесі ретпен орындалады: бір-біріне жақын орналасқан триангуляция немесе полигонометрия нүктелері координаталары жəне жобалық трассаның немесе құрылыстың бас нүктелерінің координаталары арасында кері геодезиялық есепті шығарады. Əрине, мұнда жобалық жəне геодезиялық негіз координаталары бір жүйеде есептелген болулары керек. Кері геодезиялық есепті шығару нəтижесінде, геодезист негіздеу қосын нүктесіндегі бұрышты жəне жобалық түйінге, осьтік немесе басқа да құрылыстың негізгі нүктелеріне дейінгі арақашықтықтарды табады. Осындай бірнеше нүктелерді жер бетінде тауып, осы нүктелерді пайдалана отырып геодезист, құрылыстың негізгі жəне де басқа да қосалқы нүктелерін жер бетінде қадалайды да, құрылыс салу үшін керекті жобалық берілімдерін анықтайды. Биіктік шамаларды анықтауда да, осындай жұмыстар атқарылады. Құрылыстың жобалық биіктік шамаларын геоде зиялық негіздермен бір жүйеде біле отырып, геодезиялық негіз биіктік шамасымен жəне құрылыс осінің арасындағы өсімшені есептейді, əрі қарай нивелирмен құрылыстың жобалық биіктік шамасын жер бетіне береді. Құрама қиылыстыру. Бұл əдісте, анықталмақшы ось нүктесінен немесе бекеттен бас геодезиялық негіздің үш қосыны ғана көрінеді. Бұл жағдайда анықталмақшы нүктеден бақылаудан басқа, ось нүктелерін бас геодезиялық негіз қосындарының бірінен бақылауға тура келеді. Кері бақылау. Құрылыс осінің нүктесі бас геодезиялық негіздің кем дегенде төрт қосынынан көрініп тұрған жағдайда кері геодезиялық бақылау қолданылады. Осьтің анықталмақшы нүктесі, бас геодезиялық негіздің кез келген анықталмақшы нүктені бақылау үшін керекті үш қосынын басып өтетін шеңберге жақын болмағаны дұрыс. Тура бақылау. Құрылым осінің бас геодезиялық негіздің кем дегенде үш қосыны көрініп тұрған жағдайда тура бақылау əдісі қолданылады. Көрші бағыттар арасындағы өлшенбекші бұрыштардың шамасы 1200 көп, 300 аз болмауы керек. Анықталмақшы нүктеге бағытталған сызықтардың дирекци ондық бұрыштары жəне ұзындықтары кері геодезиялық есептен табылады, сонымен бірге жер бетіне түсірілетін бұрыштары да анықталады. Полярлық əдіс. Жер бетіне түсірілмекші, құрылысқа тəн нүкте бас геодезиялық негіз қосынына жақын маңда орналасқан, анық көрініп тұрған жəне де ұзындық өлшемін жүргізу мүмкіндігі жоғары жағдайда пайдаланылады
Геодезиялық негіз қосынынан ось нүктесіне дейінгі арақашықтықты, бас геодезиялық қосындар бағыттары арасындағы жəне жер бетіне түсірілмекші құрылыс осінің нүктесі арасындағы бұрыштарды есептеп алады. Бас геодезиялық негіз қосындары аралары арасында ұзындық өлшемдерін жүргізу əдісі. Бұл əдіс, құрылыс осі триангуляция немесе полигонометрия қабырғаларын қиып өткен жағдайда қолданылады. Əр қосыннан қиылысу нүктелеріне дейінгі арақашықтықтарды жəне қиылысу нүктесіндегі негіз қабырғалары, құрылыс осі арасындағы бұрыштарды, есептеп алады. Нəтижесінде, құрылыс осін жер бетіне түсіру жобасын жасаудың жұмыс сызбасын (сұлбасын) жасайды, мұнда жобалық берілімдермен қатар, геодезиялық негіз қосындарынан ось нүктелерінің орнын анықтайтын барлық ұзындықтар мен бұрыштар көрсетіледі. Барлық ұзындықтар жазық жағдайға келтірілген шамасында беріледі. Типтік құрылыс осін жер бетіне түсіру жұмыс сызбасы 62-суретте келтірілген.
Жер бетін көтеру (биіктету), плотина салу кездеріндегі геодезиялық жұмыстар
Жер бетінде қандай жұмыстар істелетіндігіне байланысты, бұл жұмыстар бірнеше түрге бөлінеді: ирригациондық, мелио ративтік, жол салу, т.т. Жер бетіндегі көтеру жұмыстары уақытша жəне тұрақты болып бөлінеді. Жер бетіндегі көтеру жұмыстарының нəтижесі көп уақыт пайдалануда болатын болса, онда оны (жер бетін көтеру, яғни плотина салу, тоғандар жəне басқалары) тұрақты деп атайды. Уақытша құрылымдарға, мысалы, құрылысты салу кезінде оны жер асты жəне ақпа сулардан сақтау (қазан шұңқырлар, плотиналар, шлюздер, бөгемелер, т.т.) кездерінде салынатын құрылыстар жатады. Жерлік құрылыстар сызықтық, созылмалы (жол қатпары, тоғандар, жармалар жəне басқалар) жəне арнаулы (ғимарат салынатын қазан шұңқырлар, бассейндер, т.т.) болып бөлінеді. Жерлік жұмыстар кезінде созылмалы жер қазу, үймелер жасау, алаңдарды тегістеу, жармаларды жəне фундамент жанын толтыру, үйілген топырақты тығыздап таптау болып келеді.
Қазіргі кезде осы жұмыстарды механикаландыру өте жылдам дамып келетіндіктен, бұл нысандарда геодезиялық жұмыстарды күнделікті атқарып отыру қажеттілігі туып отыр. Алдымен құрылыс салынбақшы тұстың жерлік жұмыстарының нобайы анықталады да, жер қазу техникалық машиналарының көмегімен жобада көрсетілген берілімдерді сақтай отырып, геодезияшы маманның бағыттауымен (қадаланған құрылыс осінен, жұмыстық реперлерінен) жазық жəне тік жазықтықтарда қазады немесе үйеді. Жобалық құрылыс нобайын жер бетіне түсіру алдын ала, уақытша белгілермен (қазықшалармен) геодезиялық əдістермен атқарылады да, құрылыс салу барысында жойылып отырылады. Жерлік жұмыстардың жобалық құрылыс нобайын алдын ала жер бетіне түсіру шектік шамаларын, тек қана қазылған қазаншұңқырдың түбін, қабырғаларын, үйілген жəне қазылған топырақтың кемерлерін тазалап, геометриялық пішіндерін тексеріп болғаннан кейін анықтайды. Жерлік жұмыстардың жобалық құрылыс нобайын жер бетіне түсіру, арнаулы жобалық (қадалау) сызбалары арқылы немесе жобалық нүктелерді геодезиялық негіздерге байланыстырғаннан кейін аналитикалық берілімдер арқылы немесе құрылыстың негізгі осіне байланыстырылған берілімдерді пайдалана отырып атқарады. Жобалық сызбаларда жер бетіне құрылыстың нобайын түсіру жəне осьтерін бекіту үшін керекті барлық берілім дер құрылыс түріне байланысты көрсетіледі. Жер бетіне құрылыстың нобайын түсіру жəне осьтерін бекіту əдістері салынбақшы құрылыстың түріне, не үшін керектігіне байланысты таңдалып алынады.
Тегіс алаңда қазу жұмыстарының жобалық нобайын жер бетіне түсіру (қадалау)
Қазып алынатын тұстың екі жағына болат таспамен қазылмақшы полотно (РС) енінің жартысына тең в/2 арақа шықты- ғын қазылмақшы тұстың осінен, ордың ені К жəне ордың табаны mhb өлшеп салады. Сонда ордың (63-сурет) жоғарғы енінің жартысы формуламен анықталады

63-сурет. Тегіс алаңда қазу жұмыстарының жобалық нобайын жер бетіне түсіру (қадалау)
ОО/ осінен l b сызығын салу арқылы табылған Р жəне С нүктелері қазып алудың қабақтарын құрайды. Осы нүктелерге шаблон қойып, қазылмақшы шұңқыр кемерінің кесілу бағытын анықтайды. Шаблон деп отырғанымыз ұзын таяқ немесе тақтай болуы мүмкін, оны шұңқыр тереңдеген сайын қазу кемеріне параллель қойып, оның бағытын анықтайды. Қазу тереңдігіне байланысты, шаблон бірнеше рет шұңқыр кемеріне қойылып, тексеріліп отырылады. Шаблондар үю, плотина, бөгет жəне суқоймаларын салу кездерінде қолданылады. Егер бұл құрылыстарды салатын жер құлдиламалы болып келсе, онда қазып алу осінен кемер қабағына дейінгі арақашықтық геодезиялық аспаптармен өлшенеді.
Тау бөктерінде қазып алу жобасын жер бетіне түсіру Тау бөктерінде қазып алу жобасын жер бетіне түсіру үшін, жер қазу жұмыстарының шекарасын көрсететін l жəне l 1 кесінділерінің ұзындығын білу керек (64-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет