Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді



бет14/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
геод
академиялык
36-сурет. Нивелирлеудің түрлері.
Демек, ортадан нивелирлеу әдісінде биіктік өсімшесі артқы және алдыңғы есептердің айырмашылығына тең.
Ескере кететін жағдай, егер a>b болса, онда h-тың оң таңбалы, a Нивелирді екі нүктенің ортасына орнатып, биіктік өсімшесін осылайша анықтауды «ортадан» нивелирлеу деп атайды.
Ортадан нивелирлеудегі аспаптан рейкаға дейінгі қашықтық нивелирлеу жұмыстың дәлдігіне, сол жердің рельефіне байланысты және де екі қашықтық бір-біріне тең болуы қажет.
Алға нивелирлеу әдісінде (36, ә- сурет) нивелир дүрбісінің оқулары мен А нүктесі бір тіктеуіш сызық бойында орналасады да, есеп алынатын рейка екінші нүктеге орнатылады. Бұл жағдайда визирлік остің А нүктесінен биіктігін- і рулеткамен өлшеп, В нүктесі тұрған рейкадан «в» есебін алады. Көрсетілген суретке сай, биіктік өсімшесі былайша анықталады: H=i-в (72)
мұндағы i- аспап биіктігі.
Екі нүкте арасындағы өсімше белгілі болса, В нүктесінің биіктігін мына формула арқылы анықтауға болады: (73)
яғни, келесі нүктенің биіктігі алдыңғы нүкте биіктігіне өсімшені қосқанға тең.
Деңгей жазықтықтан нивелирдің визирлік осіне дейінгі тіктеуіш сызықты аспаптың горизонты ГИ деп атайды. Аспап горизонты мынаған тең:
немесе (74)
яғни, аспап горизонты ГИ нүктеге биіктігіне НА сол нүктеде орналасқан рейкадан алынған есепті «а» қосқанға тең. Аспап горизонты арқылы да нүктелер биіктіктерін анықтпуға болады.
Мысалы, 36, a- суреттегі екі пункт арсындағы НС төменгі формула арқылы анықталады: HC=ГИ-c (75)
мұндағы с - С нүктесіне қойылған рейкадан алынған есеп.
Әдетте, аспап горизонты бір станцияда тұрып, бірнеше нүктелердің биіктіктерін анықтағанда қолданылады.
Егерде ниверленетін екі нүктенің арасы 100 м-ден аспаса, онда екеуінің арасындағы биіктік өсімі жалғыз станциядан анықталады, мұны қарапайым ниверлеу деп атайды.
Егерде, А және N нүктелерінің арақашықтығы едәуір қашықболса, онда өсімшені -һMN анықтау үшін нивелирді бірнеше станцияға орналастырып, күрделі нивелирлеу жүргізіледі, сәйкес нүктесінің А нүктесінен өсімшесі әр станциядағы биіктік өсімшелерінің қосындысына тең:
(76)
мұндағы Σal – барлық артқы есептердің қосындысы;
Σbl – барлық алдыңғы есептердің қосындысы.

Алдыңғы нүктенің абсолют биіктігі былайша анықталады:

8-лекция
Нивелир–жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесі өлшеуге қолданылатын аспап. Нивелир өлшеу дәлдігіне қарай үш түрге бөлінеді.

  1. H-05- дәлдігі өте жоғары нивелир 1 км-лік қос жүрістегі өсімшемен анықтаудың орташа дәлдігі 0,5 мм-ге тең.

  1. H-3- дәл нивелир. Орташа квадраттың дәлдігі 3 мм.

  1. H-10- техникалық нивелир. Өсімше анықтау дәлдігі 10 мм аспайтын нивелир түрі.

1.Н-3-нивелирі 3,4 кластық және техникалық нивелирлеу үшін қолданылады. Оның негізгі бөлшектеріне: цилиндрлік деңгей (6), қондырылған дүрбі (8), көтергіш винттер (3) бар қондырғы (2) штатив бекіт үшін жасалған винт оймасы бар серіппелі пластинка (1) жатады (37-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет