Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді



бет19/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
геод
академиялык
11-лекция
Ғимараттың немесе құрылымның жобасын жер бетіне түсі ру үшін, геодезиялық дайындық жұмыстарын орындайды. Бұл жұмыс негізгі осьтерді геодезиялық қосындарға байланыстыратын қадалау сызбаларын жасаудан тұрады. Қадалау жұмыстарына керекті материалдар графикалық, аналитикалық немесе бірнеше əдістердің қосындысынан (графоаналитикалық) алынуы мүмкін. Графикалық əдіс. Графикалық əдісті көбінесе, егер салынбақшы ғимарат немесе құрылымдардың бұрынғы құрылыстармен байланысы жоқ болған жағдайда қолданады. Бұл əдісте барлық негізгі сұрақтар план бойынша графикалық жолмен шешіледі. Жеке нүктелердің немесе ғимарат жəне құрылым бұрыштарының координаталары планнан циркульдің, транспортирдің жəне масштабтық сызғыштың көмегімен анықталады. Əртүрлі масштабтағы пландардан нүктелер координаталарын алу дəлдігі жер бетінде салынбақшы ғимараттың қадалану дəлдіктеріне əсері үлкен болады. Планның масштабы ірі болған сайын, кординаталар анықтау дəлдігі арта түседі. Планнан графикалық жолмен алынған координаталар шамасын пайдаланып, кері геодезиялық есепті шығара отырып, жек сызықтардың ұзындығын жəне дирекциондық бұрышын есептейді. Нүктелердің координаталары 103-суретте көрсетілген əдіспен анықталады, яғни
ХА = 100 + сn; УА= 100 + cе, 
сn, се шамаларының ұзындығын көрсетілген тəсім бойынша масштабына байланысты планнан алады. Əрі қарай, қағаздың майысуынан болатын қатені азайту мақсатында, тағы да nа жəне еd кесінділерін өлшейді (бұл өлшеу координаталық шаршыны толық пайдалану болып табылады), сонда А нүктесінің координаталары
ХА =100 + 100 cn na + ; УА= 100 + 100 ce ed + .
Аналитикалық əдіс. Жобалаудың аналитикалық əдісі ең дəлірегі, себебі мұнда жобалық берілімдер математикалық жолмен есептелінеді. Жеке тірек нүктелерінің коорди ната лары (ғимарат жəне құрылым бұрыштары, үй аралық жолдардың, коммуни кация лардың қиылысуы) геоде зиялық бай ланыстыру арқылы, жер бетінде аспаптың көмегімен анық талады. Анали тикалық жолмен жобаны əр бөлік ке бөліп, бір-біріне бай ланыссыз, жеке-жеке жер бетіне түсіруге болады. Графикалық əдіске қарағанда аналитикалық əдістің артықшылығы бұл əдіспен тар жердегі, жол үстілеріндегі инженерлік торлар құрылымдарын жер бетіне түсіруде оңтайлы екені көрініп тұр. Графикалық əдісте аталған жұмыстарды атқару үшін, ірілігі 1:500 масштабты, жол үсті инженерлік торлар құрылымдарының планы керек болған болар еді. Құрылыс алаңында геодезиялық тор құрылған болса, аналитикалық əдісті қолдану өте тиімді. Бұл əдіспен ғимараттардың жəне құрылымдардың ұзынабойлық жəне көлденең осьтері геодезиялық торға салыстыра отырып қадаланады, сонда осьтер бойынша кесінділер қосындысы шаршы немесе тік бұрышты төртбұрыш қабырғасының ұзындығын берген болар еді. 
Графоаналитикалық əдіс. Графоаналитикалық əдісте жобалаудың бастапқы берілімдерінің біразын топографиялық планнан графикалық жолмен, ал қалғанын аналитикалық жол мен анықтайды. Графоаналитикалық əдісті көбінесе қайта құ ры лып немесе өзгертіліп жатқан өндірістің бас планын құ растыруда қолданылады. Мұнда бұрыннан бар ғимараттар мен құ рылымдарды, жаңадан салынбақшыларымен аналитикалық əдіс арқылы байланыстырады. Мұнда геодезиялық негіз қосындарын пайдалана отырып, бұрыннан бар ғимарат бұрыштарының, инженерлік торап құдықтарының, ғимаратаралық жолдардың қиылысу жəне басқаларының координаталарын анықтайды. 
Геодезиялық дайындық жұмыстары қадалау тəсімін құрастырумен аяқталады, мұнда көрсетілетіндер: геодезиялық негіз қосындары, тірек нүктелері жəне ғимараттар мен құрылыстардың негізгі осьтері, бұрыштық жəне сызықтық өлшеулердің аналитикалық берілімдері, осьтер бойынша ғимараттардың өлшемдері, эскиздік сызбалар жəне с.с
Геодезиялық қадалау жұмыстарының əдістері 
Ғимараттар мен құрылымдардың жобасын жер бетіне түсіру үшін бастапқы берілімі болып, геодезиялық дайындық жұмыстарының материалдары есептеледі. Мұндағы далалық жұмыстары болып саналатындар: жер бетіне айтулы нүктелерді, түзулерді жəне қисық, түзу сызықтарды, бұрыштарды, биіктік шамаларын жəне жазықтықтарды нақтылы түсіру. Бұл тапсырмалар, құрылыс алаңындағы геодезиялық тірек қосындарының орналасуына, ғимараттың жəне құрылымның пішініне, алға қойылған геодезиялық жұмыстарды жүргізу дəлдігіне қойылатын талаптарға, қолда бар аспаптарға, жабдықтарға, т.б. байланысты. Іс жүзінде келесі əдістер қолданылады: полярлық жəне тік бұрышты координаталар, бұрыштық, сызықтық жəне қатар сызықтық бақылау əдістері.
Полярлық координаталар əдісі. Полярлық координаталар əдісін көбінесе құрылыс торымен қамтамасыз етілмеген құрылыс алаңдарында, сонымен бірге тірек торының қосындары құрылысқа жақын, яғни сол қосынан бастап айтулы нүктелерді немесе құры лыс элементтерін түсіру үшін өлшеу жүргізу мүмкін болған жағдайларда қолданылады (104-сурет). Полярлық əдісті қалалық құрылыста, өлшеу жұмыстары кварталдар ішінде, үй аралық жолдардың айтулы нүктелерінің орындарын анықтау керек болғанда кеңінен қолданады
Айталық, құрылымның С нүктесін жобадан жер бетіне түсіру керек, оның координаталары ХС жəне УС жобадан алынады. Құрылысқа жақын маңда полигонометриялық жүрістің А жəне В нүктелері көрініп тұр. Тапсырманы шешу үшін β бұрышын жəне S арақашықтығын білуіміз керек, ал бұл берілімдерді кері геодезиялық есепті шығара отырып, формуламен анықтауға болады: С нүктесінің жер бетіндегі орнын табу үшін теодолитті А нүктесіне орнатады да, лимбты АВ сызығымен бағдарлайды, лимбты босатып, дүрбіні В нүктесіне бағыттайды, лимбті бекітеді. Əрі қарай алидаданы босатып дүрбіні β бұрышы шамасына бұрады. Осы бағытта S арақашықтығын өлшеп салатын болсақ, С нүктесінің орнын табамыз. С нүктесін полярлық əдіспен қадалау дəлдігі бастапқы берілімдер болып саналатын А жəне В нүктелерінің дəл құрылғандығына жəне β бұрышын, S арақашықтығын дұрыс өлшеуге жəне салуға байланысты болады. Бастапқы берілімдер А жəне В нүктелеріндегі аздаған қатенің өзі қадалау жұмысының дəлдігіне көп əсер етеді; С нүктесін қадалаудың орташа квадраттық қатесі mc формуламен есептеледі:



Яғни, А нүктесінде β бұрышы 30// қатемен салынуы мүмкін. Тік координаталар əдісі. Тік координаталар əдісін құрылыс торы бар құрылыс алаңында қолданады. Мұнда барлық айтулы нүктелердің коррдинаталары, сол құрылыс торы координаталар жүйесінде берілген. Бұл əдісте жобалық нүктелерді жер бетіне түсіру үшін дирекциондық бұрышты, арақашықтықты есептеудің керегі жоқ, себебі жер бетінде тік бұрыштар салы нады, ал арақашықтық құрылыс торы осьтерінің Х жəне У координаталарының айырмасы ретінде анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет