Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді



бет8/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
геод
академиялык
10-сурет. Сызықтарды бағдарлау.
Берілген бір нүктеде меридианды астрономия тәсілімен тапсақ, онда меридиан негізгі (географиялық), ал магнит стрелкасы арқылы тапсақ, магниттік меридиан болып аталады.
Осыған сәйкес өлшенетін азимутта негізгі – Ан және магниттік Ам азимут болып келеді. Әр нүктенің магниттік меридианы оның географиялық негізгі меридианына сәйкес келмейді; Олардың стрелкасы бұрыш магнит стрелкасының бұрылу бұрышы (δ) деп аталады. Егер стрелканың солтүстік ұшы негізгі меридианнан шығысқа қарай бұрылса, батыстың бұрылу бұрышы болады, шығыстың бұрылу оң (+), ал батыстың бұрылу теріс(–) болып келеді. Егер магнит тілінің бұрылу бұрышы δ–ның мәні белгілі болса, магниттік азимутқа мына төмендегі формуланы пайдаланып, көшуге болады:
Ан=Aм+ δш;
Ан=Aмб; (12).
мұндағы δш, δб – магнит тілінің шығыс және батыс бұрыштары.
Егер жоғарыда айтылғандай шығыс бұрылуды оң (+), ал батыс бұрылуды теріс (–) деп қабылдасақ, онда екі жағдайда да мына формуланы аламыз:
А=Ам+δ (13).
Магнит тілінің бұрылуы жер бетінің әр жерінде әртүрлі болып келеді. ТМД елдерінде δ – ның шамасы 0°−тан 20°−ға жуық шамаға екі жаққа ауытқиды. Демек сызықтарды магниттік меридиан бойынша бағдарлау тек қана жер бетінің шағын учаскелерінің пландарын жасағанда ғана қолданылады.
Кез-келген жердің өзіне тән магниттік бұрылуын жақын жердегі метеорологиялық стансадан немесе сол жердің топографияық картасынан алуға болады.
Сызықтарды осьтік меридиан бойынша бағдарлау:
Карталар мен пландар координаталардың зоналық тік бұрышты жүйесінде жасалатындықтан, геодезияда дирекциондық бұрыштар жиі қолданылады. Дирекциондық бұрыш (α) деп осьтік меридианның солтүстік жағынан сағат тілінің бағытымен бағдарланғыш сызыққа дейінгі горизонталь бұрышты айтады (11, a - сурет).
Дирекциондық бұрыштар азимуттар сияқты 0°−тан 360°−қа дейін өзгереді.
11– суреттегі АВ бағытының дирекциондық бұрышы αАВ тура, ВА бағытының бұрышы αВА кері дирекциондық бұрыштар болып есептеледі. Осы суреттен:
αкері= αтура+180° (14)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет