Фармакология кафедрасы


Жағдайлық есептердің жауаптары



бет263/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз
Әкімжанова Әйгерім №2 ТФП. Хаттама
Жағдайлық есептердің жауаптары:
1. Ацетилсалицил қышқылы, асқазанның шырышты қабатының жарақаттануын шақыратын, антиагрегант болғандықтан қанның ұюын бұзады, сондықтан геморрагия болады. Астан соң қабылдау, езіп, көп сумен ішу.
2. Бутадион қабылданған.
3. Мелоксикам – ЦОГ - 2 таңдамалы ингибиторлары, сондықтан асқазан ішек жолына теріс әсерлер көрсетпейді.


Тақырыбы: «Антисептиқалық және дезинфекциялаушы заттар»
1. Операциялық блоктағы суық серильдеуге арналған аппаратураны анионды сабынмен бірге церигельді қолданады, детергент дұрыс қолданды ма?
2. Бөлімшеге пиодермиямен науқас бала түсті (денесінде көптеген іріңдңктер бар). Іріңді жараны өңдеу үшін бояғыш антисептик қолданды. Қандай препарат қолданылған?
3. Клиникаға созылмалы сынаппен уланған науқас келіп түсті. Науқасқа комплексті терапия кезінде қандай антидоттар қолдануға болады?
4. Инфекциялық бөлімшеге ішсүзегімен науқас келіп түсті. Бөлінділерін зарасыздандыру үшін қандай препаратты қолданады?
5. Ашық жерде науқасқа шұғыл инъекция салу керек болды. Шприцті және инені суық серилизациялау үшін қандай затты қолданады?
6. Педиатриялық практикада жаңадан туған нәрестенің суына антисептикалық заттарды қосып жуындырады. Сол затты атаңыз. Осы жағдайда қолданылатын ерітіндіні дайындау әдісін түсіндіріңіз.
Жағдайлық есептердің жауаптары:
1. Дұрыс емес (анионнды сабын кезінде препа­раттың белсенділігі төмендейді).
2. Бриллиант жасылы.
3. Унитиол және тетацин-кальций немесе натрий тиосульфаты.
4. Хлорамин Б.
5. Этил спирті.
6. Калия перманганаты. Алдын - ала кристалдарды жеке ыдысқа сұйылтады, күлгін түске дейін, кейін сұйытады (міндетті түрде фильтірлейді) алдын ала дайындалған қызғылт түс ерітінді алады.


Тақырыбы: «Антибиотиктер»
1. Кең спектрлі антибиотиктерді қолданғанда, дисбактериоз, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш зақымдалы дамиды. Жиі кандидамикоз байқалады, іш өту болады, нәжісте саңырауқұлақтар болу мүмкін. Бұл асқынулардың алдын алу үшін не тағайындау керек?
2. Науқас Б., 40 жаста, туберкулезге қарсы ем қабылдады, Біраз уақыт өткен соң нашар еститіндігі байқалды. Ұзақ емнен кейін де естуі қалпына келмеді. Қандай топ препараттарының әсерінен болған?
3. Жұқпалы ауырулар ауруханасына іш сүзегі ауруымен науқас қабылданды. Кең спектрлі антибиотик тағайындалды. Науқастың жағдайы жақсарды, бірақ шеткі қан көрінісінде-лейкопения, агранулоцитоз байқалды. Препарат тоқтатылды. Науқасқа қандай антибиотик берілген және оны немен алмастыруға болады?
4. Баланы қарағанда дәрігер бой өсуінің кідірістерін және тісінің сары түске боялғанын байқады. Анасымен сөйлескен соң баланың ішек инфекциясымен ауырып антибиотиктермен емделгені белгілі болды. Байқалған асқынулардың себебі болған қандай антибиотик?
5. Жұқпалы аурулар ауруханасына түскен науқасқа менингит диагнозы қойылды науқастың анализінде – анемиясы бар. Аптекада левомицетин, тетрациклин, ампициллин, бензилпенициллин бар. Қажетті антибиотикті таңдаңыз және неліктен таңдадыңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   268




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет