Ғылыми әдебиеттермен жұмысты ұйымдастыру



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#88058
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ғылыми әдебиет

ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген талдау негізінде, еліміздегі әлеуметтік жұмыс бойынша мамандарды дайындауды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар қалыптасты.
Теория мен тәжірибені интеграциялау мәселелерін шешу үшін келесі ұсыныстарды ұсынуға болады:
Шет елдердегі мамандарды дайындау жүйесінің қазіргі тенденцияларын талдау, дайындықтың маңызды құраушысы ретінде тәжірибені көрсетіп отыр. Мысалы, Ұлыбританияда, Германияда, Данияда, Нидерландыда өндірістік тәжірибе көлемі – өз елінен тыс (Англия, Канада, Ресей, Дания, Оңтүстік Африка) жұмыс жасау мүмкіндігін беретін 9-12 айды құрайды. Күндізгі оқу бөліміндегі шет елдік студенттердің көпшілігі сонымен бірге әлеуметтік жұмыскер мамандығының әлемін жақсы біледі: олар ЖОО түскенге дейін қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік науқандарға қатысқан; немесе ЖОО оқу мен әлеуметтік мекемедегі жұмысты бір уақытта орындайды. Шет елдерде тәжірибе мазмұнында тәжірибелі оқытушылар мен мамандар жетекшілігімен супервизорлық аясындағы жұмысқа, болашақ мамандардың теориялық және тұлғалық рефлексиясына үлкен орын беріледі.
Әлеуметтік жұмыс бойынша мамандарды тәжірибеге бағдарланып дайындаудың міндеттерін шешу үшін келесі жолдарды ұсынуға болады:
1) Сабақ формасы ретінде практикумдарды енгізу.
Біріншіден, жалпы кәсіби және арнайы дайындық блогындағы оқу пәндерінің бірқатарын қолдайтын практикумдарды енгізу. Дайындаудың бұл түрінің жалпы ойлағаны салалық мекемелерге бару арқылы халықты әлеуметтік қолдау немесе ұйымның аймақтық тәжірибесімен студенттерді таныстыру мүмкіндігі, болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік құрамдас бөлігін тәжірибелік игеруден көрінеді. Болашақ мамандықтың өкілдерімен тақырыптық кездесу студенттердің білімінің теориялық деңгейінің мазмұнын байытуға, оларға болашақ мамандығының пәнін нақтылауға көмектеседі, олардың кәсіби-позициялық ұстанымдарын күшейтеді.
Екіншіден, студенттердің 1-ден 6-семестрге дейін таңдау пәні бойынша «Кәсіби дайындық практикумы» курсынан практикум әзірлеу. Курстың мақсаттары болашақ маманның кәсіби қызметін субъектті құрамдастарды тәжірибелік игерумен; болашақ маманның тәжірибесін көрсетуші ретінде тәжірибе – әлеуметтік жұмыскер мен ішкі әлемінің жағдайына бағдарланумен байланысты. Студенттердің түрлі жағдайларда көмек көрсету мен қабылдаудың жеке және жалпы мәдени тәжірибесін өзектендіруі болашақ маманды кәсіби дайындаудың тұлғалық құрамын жүзеге асыратын шарты ретінде болады. Практикумның бұл түріндегі студенттің кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ететін механизм ретінде білікті әлеуметтік жұмыскер-практикпен оқу диалогы, тәжірибе пәніндегі кәсіби-жеке өсу рефлексиясына фокусталған топтық және ішкі диалогтар болады.
Бұл курсты игеруден күтілетін нәтиже – бір жағынан студенттерде әртүрлі әлеуметтік топтардағы клиенттермен кәсіби өзара әрекетке дайындығының пайда болуы, екінші жағынан – жаңа бастап келе жатқан маман ретінде өзіне рефлексивті қатынастың пайда болуы.
2) Зерттеушілік және алаңдық білім.
Пәндердің бұл блогы әлеуметтік жұмыс бойынша мамандарды дайындауда эмпирикалық жолмен алынған білімдерді, әсіресе әлеуметтік жұмыс тәжірибесі үшін қажетті білімдерді қолданып, нәтижелі пайдалана алуға үйрету үшін қажет, сондай-ақ олардың жасаған жұмысын білікті бағалауға үйрету үшін қажет. Зерттеушілік курс стандартты тақырыптар жиынтығын қамтиды: әдебиеттерге шолу жасай алу қабілеті, зерттеу мәселесі мен болжамды тұжырымдау, эксперименталды және эксперименталды емес жұмыс жоспарларын жасау, халықты және жеке адамды зерттеу бағдарламаларын құрастыру, мәліметтерді талдау мен зерттеу нәтижелерін тарату.
Оқыту мазмұнының қорытынды бөлімі болып алаңдық білім болу керек. Алаңдық білім кезінде студенттің әлеуметтік мекемеде тәжірибелі әлеуметтік жұмыскердің жетекшілігімен оқушы ретінде жұмыс жасауы түсіндіріледі. Алаңдық білімнің мақсаты – студенттің осы мамандықтың мақсаттарын, құндылықтары мен этикасын түсінуін нығайту; кәсіби біліктілікті дамытуға қызықтыру мен эмпирикалық және тәжірибеге негізделген білімдерді қолдануға ынталандыру.
Алаңдық білім кезінде студенттер дәріс сабақтарында алынған білімдері мен өз реакцияларын тексерумен тәжірибелік өтілін үйлестіре отырып жұмыс жасауға үйренеді.
Алаңдық білім алуды салалық пәндерді оқыта бастайтын үшінші курстан бастаған дұрыс. Алаңдық білімді өтудің формасы ,параллелді оқыту түрінде болғаны дұрыс, мұнда студенттер оқу мекемесіндегі сабақтарына аптаның бірнеше күнін арнаса, аптасына бірнеше күн академиялық жыл бойы қандай-да бір әлеуметтік мекемеде жұмыс жасайды. Бұл студенттердің алаңдық тәжірибеде бойына сіңіретін тәжірибелік ептілікпен аудиторияда оқытылған білімдердің, теориялық және зерттеушілік мазмұнның өте тығыз байланысына мүмкіндік тудырады.
Нарық қажеттілігіне мониторинг бойынша ұйым құру, еңбек нарығына бағдарлану мәселесінің шешімі болып табылады.
Ресейдегі кәсіби білім беру жүйесі федералдық және территориялық еңбек нарығына әзірге жеткіліксіз бағдарланған, сонымен бірге олардың дамуының басым қажеттіліктері оны бәсекеге қабілетсіз қылып отыр. Кәсіби білімді жаңартудың негізгі факторы ретінде экономика мен әлеуметтік саланың, ғылымның, техниканың, технологияның дамуының сұраныстары тұр. Түрлі біліктілігі бар мамандарға еңбек нарығының ағымдық және басымды қажеттіліктерінің тұрақты мониторинг жүйесін халқақаралық тенденцияларды есепке ала отырып жасау керек. Федералдық және территориялық бөліністе еңбек нарығы қажеттіліктерін болжау нәтижелері, сондай-ақ кәсіби білім мекемелерінің рейтингі халыққа таратылып, мемлекеттік БАҚ-та талдануы керек.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет