Ғылыми конференциясының материалдары


Ұйымдастыру комитетінің мүшелері



бет2/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
treatise40297
molekulyarnaya-biologiya.-uchebnik-s.a.ermekova.-almaty-2017.-539-s., Немесе Техникалық құралдар көмегімен ақпарат алмасу. Акт-emirsaba.org, руханият 2, руханият 2
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Бисенбаев А.Қ., Буланова Т.М., Досанов Б.И., Ибрагимова М.Н., Ибраимова Ж.Т., Қадырқұлов Қ.Ш., Мажиқызы Н., Мәтбек Н.Қ., Мусагулова А.Б., Нусупбаева С.А., Сапаева Г.Е., Тастемирова Г.А., Тилеужанова Г.Т.,


Ғылымдағы студент – болашақтың зияткерлік әлеуеті: «Фараби әлемі» атты халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясының материалдары. Алматы, Қазақстан, 2016 жыл, 12 сәуір. – Алматы: Қазақ университеті, 2016 – 230 бет.


ISBN

Жинақта XXXI халықаралық «Ғылымдағы студент – болашақтың зияткерлік әлеуеті» атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясының мақалалары жарияланған.




6-СЕКЦИЯ


«ОҢАЙ» ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Абдулла Әсел (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к., аға оқытушы Мәтбек Н.Қ.
Дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстанның ірі мегаполисі болғандықтан, жаңашыл жобалар мен тың дүниелер көбінесе Алматы шаһарынан басталады. Осыны ескере отырып, өткен жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесі енгізілген болатын. Уақыт талабына сай электронды төлем жүйесі қазынаны қампайтуға үлкен сеп болмақ. «Оңай» электронды жүйесіжол ақысын есептеу және төлеу жүйесін автоматтандыру. Қуантарлығы, бұл қызмет түрі мұнан былай көлеңкелі жолмен табыс тапқысы келетін қоғамдық көлік компанияларының жұмысына тосқауыл қояды. Сонымен қатар жолаушылардың қала ішінде еркін қозғалуына жағдай жасайды. Яғни бір карта арқылы барлық автобуста қатынауға мүмкіндік туады.
Жол ақысын электронды төлеу жүйесін енгізу мақсаты халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту, жолаушыларды есепке алу және корреспонденциялау, сондай-ақ жол ақысын саралау болып табылады. Бұл қаржылық ағын мен салық төлемдерінің айқындылығын жоғарлатады, жолаушыларды мінгізіп-түсіру уақытын, көліктің қозғалыс қашықтығын айтарлықтай азайтып, қозғалыс қауіпсіздігін жақсартады. Бұл жүйе, көптеген дамыған мемлекеттерде енгізілген. Атап айтсақ, АҚШ, Түркия, Жапония, Корея т.б.
Биыл күзде жолаушыларды билеттендірудің электронды жүйесі туралы әңгіме қайтадан бас көтергенде тұрғындардың көпшілігі мұны қалаға жаңа әкімнің тағайындалуымен байланыстырды. Алайда бұл жүйеге көшу Алматы қаласы жолаушылар мен жүк тасымалын дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасында жоспарланып қойғанын айтып өткен жөн. Енді қала басшылығының бұл жүйені енгізудегі көздегені не деген сұраққа келсек. Мұндағы мақсат, ең алдымен, осы саладағы қаржы айналымын көлеңкелі нарықтан жарыққа шығару. Сөйтіп, қала бюджетіне түсетін салық көлемін арттыру. Егер бұл жүйе ойдағыдай жүзеге асатын болса, әкімдіктегілер қаладағы жолаушылар легі мен жолаушы тасымалынан түсетін нақты табыстың шынайы туатынына сенімді. Билеттендірудің бұл жүйесі сынақ түрінде ағымдағы жылдың қазан айынан бастап қолданысқа енді. Бірінші кезекте, «Оңай» карталарын автобустарына қойылып, кейін жекеменшік тасымалдаушылардың көліктерін де қамтымақ. Аталған жүйені жүзеге асыру «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС-ге жүктелді. Жалпы құны 12 миллион АҚШ долларын құрайтын жоба толықтай отандық инвесторлардың есебінен қаржыландырылады және жеті жыл мерзім ішінде өзін-өзі толық ақтайды деп күтілуде... «ОҢАЙ» картасымен барлық метростансыларында төлем жүргізу мүмкіндігі пайда болды.
2015 жылдың 6 желтоқсанынан бастап метрополитеннің барлық стансыларындағы турникеттерінің біріне «ОҢАЙ» терминалдарын орнату ісі аяқталды. Енді жеңілдікпен жол жүру осы қоғамдық көлік түрінде де мүмкін болмақ. Жеңілдігі бар «ОҢАЙ» көлік карталарының 4 түрі бар:
1) «Оқушы көлік картасы». Бұл карта оқушылардың жол жүру ақысын төлеуге арналған. Қалалық қоғамдық көліктердің бағасынынан 50% жеңілдік жасалған.
2) «Студенттің көлік картасы». Бұл карта студенттердің жол жүру ақысын төлеуге арналған. Қалалық қоғамдық көліктердің бағасынан 50% жеңілдік жасалған.
3) «Әлеуметтік көлік картасы». Бұл карта зейнеткерлік жасқа жеткен жолаушылардың жол жүру ақысын төлеуге арналған. Қалалық қоғамдық көліктердің бағасынынан 50% жеңілдік жасалған.
4) «ҰОС ардагерінің көлік картасы». Бұл картаны Ұлы Отан соғысы ардагерлері қолданады. Жол жүру ақысы олар үшін - тегін.
«ОҢАЙ» картасында ақша жоғалып жатқандығы туралы шағымданған жолаушылар бойынша шын мәнісінде мынадай жағдай орын алған. Олар қоғамдық көлікке кіргенде карталарында ақша болмаған. Бірақ сол карталары арқылы жол ақысын несиеге төлеуге қол жеткізген. Келесі жолы картадағы теңгерімін толықтырған сәтте, өткен жолы пайдаланған несиесі автоматты түрде өтелген. Яғни ақша жоғалған жоқ, керісінше несиесі жабылған. Мысалы, жолаушы картаның балансын 200 теңгеге толықтырып, қоғамдық көліктерде 2 рет төлейтін болса, картасында 40 теңге қалады. Ал, жол ақысы - 80 теңге. Картасының теңгерімін толықтыруды ұмытып кетіп, үшінші рет төлегісі келсе, транзакция жасалады, яғни 40 теңге және автоматты түрде несиеге тағы 40 теңге төленеді. Келесі жолы карта теңгерімі толықтырылған кезде 40 теңге автоматты түрде өтеледі. Уақыт өте келе жолаушылар картадағы өз ақшаларын бақылауды және жоспарлы түрде жұмсауды үйренген соң, көп мәселе шешіледі. Онлайн технология виртуалды түрде ақша ұрланудан барынша қорғалған. Сондықтан «Оңай» картасынан ақша ұрлау мүмкін емес.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының электронды төлем жүйесі арқылы да «Оңай» электронды билеттендіру жүйесіне түбегейлі көшу 2016 жылдың 11 қаңтарынан басталды. Қағаз жол жүру билеттері 2015 жылдың соңына дейін ғана жарамды. Қолма-қол төлем жасау түрі 2016 жылдың 11 қаңтарында тоқтатылды. Сол күннен бастап қоғамдық көліктерде жол ақысы тек «Оңай» карталары арқылы қабылданатын болды.
Электронды «Оңай» жүйесінің қалыптасуы:

  • 1 наурыздан бастап айлық жүру карталары қолданысқа шығарылды.

Бірыңғай көлік картасы – 7200 тг.
Әлеуметтік айлық көлік картасы – 2000 тг.
Оқушылар айлық көлік картасы – 1000 тг.
Студенттік айлық көлік картасы – 3000 тг.

  • «Оңай» айлық картасы ұзақ қолданысқа жарамды.

  • «Оңай» айлық картасы – заман талабына сай төлем жүйесі.

«Оңай» электронды билеттендіру жүйесі қазақ тілінде ақпарат бере бастады. «Оңай» жүйесі құрылғылары экранындағы мәліметтер енді қазақ және орыс тілінде орналастырылуда. Әзірге «Жол ақысын төлеу үшін картаны салыңыз» және «Карта жөніндегі ақпарат» мәліметтері қазақ тіліне аударылған. Алдағы уақытта жүйенің барлық мәтіндік мәліметтері қазақ тіліне аударылады. Алматы қалалық Жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Дәурен Асылбекұлы электронды билеттеу жүйесінің уақыт талабы екенін айтып, жаңалықты ендірудегі мақсаттарға тоқталды. БҰҰ-ның Даму бағдарламасының мәліметі бойынша, жыл сайын әлемнің 200-дей қаласы осы жүйеге көшеді екен. Нью-Йорк, Варшава сияқты қалаларда электронды есеп айырысу жүйесі озық үлгі болып табылады дейді. Алматыда толықтай қосылғанына екі айдай болған «Оңай» жүйесі де өзінің тиімділігін көрсетіп, мегаполистің қоғамдық көлік саласындағы логистикасын жүйелеп, миллиондаған қаржыны көлеңкеден шығарды. Жолаушы тасымал­даушы компаниялардың 70 пайызы былтырғы жылмен салыстырғанда шығындарын толықтай жауып, алды 30 пайыз пайдаға шығып отыр. Статистика бойынша бұрын 35 пайыз алматылық қоғамдық көлікпен жүреді деп есептелсе, бүгінде Алматы тұрғындарының 70 пайызы «Оңай» карталарын алған. Бұл жолаушы тасымалы жүйесіндегі ақша айналымының негізгі бөлігі көлеңкеден шыққанын көрсетеді. Ең бастысы, «Оңайдан» түскен қаражат жолаушы тасымалы саласын жақсартуға (жаңа автобустар, көлік бағыттарын жүйелі қалыптастыру т.б.) жолаушыларға қатысты әлеуметтік қолдауға (жеңілдікті карталар, қолайлы автобус, троллейбустар) жұмсалады. Электронды билеттендіру жүйесі Алматы қаласы қоғамдық көлігін қайта құру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. Осы жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде барлық көлік түрінде нақты ақшамен төлемақыны жүзеге асыру жойылып, бірыңғай ақпараттық құрылым құрылады, бұл қоғамдық көлік жұмысын оңтайландыруы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет