Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын орындауға арналған келісім шарт


Шарттың жалпы сомасы және төлеу талаптары



бет2/6
Дата21.12.2022
өлшемі60,14 Kb.
#163575
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Келісім шарт Магистратура 90 мектеп
Жұқпалы аурулар- Маемер, мед карта 5 Абдужалилов И.Ш, Мед карта 7 Сүйер Ә.Т, Мед карта 7 Сүйер Ә.Т, Ирискулов эссе психология 3 (копия), әлеуметтік психология силл, ион, Снимок экрана 2023—11—30 в 10.01.08, Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі псих
3. Шарттың жалпы сомасы және төлеу талаптары
3.1. Шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, қызметтерді орындауға байланысты барлық шығындар құнын қоса алғанда, 300 000 (үш жүз мың) теңгені құрайды.
3.2. Орындаушының жұмыстарына бөлінген төлем қаржысы жоспарланған зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін және орындалған жұмысты қабылдау Актісіне қол қойылғаннан кейін төленеді.
3.3. Қаржыландыру көзі: Тапсырыс берушінің қаражаты.
4. Жұмыстарды тапсыру және қабылдау тәртібі
4.1. Орындаушының шартты орындаудың жекелеген кезеңдерінде және ол аяқталған соң рәсімдеуіне және тапсыруына жататын ғылыми, техникалық және басқа да құжаттаманың тізбесі Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу саладағы қолданыстағы нормативтік құжаттарында айқындалған.
4.2. Шарттың жекелеген кезеңдері бойынша белгіленген тәртіппен рәсімделген құжаттаманы беру жыл сайынғы орындалған жұмыстар актісімен және Орындаушының аннотацияланған есебімен жүзеге асырылады.
4.3. Орындаушы Тапсырыс беруші жүргізілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары туралы жылдық есепті 30 қарашадан кешіктірмей ұсынуға міндеттелінеді.
4.4. Жұмыстар мерзімінен бұрын орындалған жағдайда Тапсырыс беруші жұмысты мерзімінен бұрын қабылдап, оған төлеуге құқылы.
4.5. Егер жұмысты орындау үдерісінде теріс нәтиже алуға мәжбүр болатындығы немесе жұмысты одан әрі жүргізудің орынсыздығы анықталса, Орындаушы оны тоқтата тұруға, ол туралы жұмыс тоқтатылған күннен кейін 5 (бес) күн мерзімінде Тапсырыс берушіні хабардар етуге міндетті. Бұл жағдайда тараптар жұмысты жалғастырудың орындылығы және бағыттары туралы мәселені қарастыруға міндетті.


5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Шартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда тараптар қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарда және тәртіппен жауапты болады.
5.2. Жұмыстар көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда Орындаушы төленген қаражатты толығымен қайтаруға міндетті.
5.3. Орындаушы бағдарламаның жекелеген жобалары бойынша жұмыстарды тиісінше орындалмаған жағдайда орындалмаған жұмыстың көлеміне қарай қаражатты кері қайтаруға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет