«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің қосымша емтихан сұрақтары 1-деңгей «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Ғылыми стиль: антиномия мен антитеза. (Мысалмен көрсетіңіз) Аяулым



бет25/36
Дата25.12.2023
өлшемі382,28 Kb.
#199195
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің қосымша емтихан сұрақтары -emirsaba.org

Ғылыми стиль: антиномия мен антитеза. (Мысалмен көрсетіңіз) Аяулым


Антиномия — пікір алмасу кезінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсы, сонымен бірге бірдей негізделген пайымдаулар. Антитеза — шендестіру (грек. antіthesіsқарама-қарсылық) мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік әдісінің бірі.
Антитезаның сөз өнеріндегі орны ерекше және ежелгі антитезаның бастауы мифтерде жатыр. Адамзаттың балаң кезңіндегі дүниені аспан — жер, жарық — қараңғы, су — от т.б. қарама-қарсы ұғыммен салыстыра тануы шеңдестірудің алғашқы белгілері.



  1. Ғылымитақырып: мотивация. (Мысалменкөрсетіңіз)


Мотивация- "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Ягни,адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы
Мысалы:. Осыдан біраз жыл бұрын АҚШ университеттерінің бірінде студенттердің бітіру кешіне белгілі бизнесменді сөз сөйлеу үшін шақырған. Сонда кездесуге екі сағат кешігіп келген бизнесмен мінберге шығып, сөз сөйлеудің орнына 3 минуттық сөз айтып, шығып кетіп қалған екен. Ұйымдастырушылар мұндай жағдайдың не себепті орын алғанын түсінбей қалады. Бірнеше сағат бойы бітіруші түлектерге өзінің кеңестерін, ақылын айтады деп ойлаған олар, шын мәнінде, абдырап қалған.
Сондағы бизнесменнің айтқан сөздері мынадай болған: «Сендер, түлектер, бүгін университет бітіріп қолдарыңа диплом алып жатырсыңдар. Сендер үшін барлығы тамаша. Әрқайсысыңның әке-шешелерің алып берген көліктерің бар. Дайын тұрған жұмыстарың бар. Еш уайымдарың жоқ. Бірақ мен сендерге шындықты айтқым келеді. Бұл жұмыс арқылы сендер бар болғаны жылына 100 мың доллар табуларың мүмкін. Ал мен үшін бұл ақша түк емес. Мен – бизнесменмін. Бүгін сендерге қарап ешбіріңнің көздеріңнен жанып тұрған отты көріп тұрған жоқпын. Ал жанардағы отсыз сендер – ешкім емессіңдер!» – деп кетіп қалған екен.
Бірнеше жыл өтіп, бұл жағдай ұмытылған соң, әлгі университет басшылығы зерттеу жүргізіп көрмек болады. Университетті бітірген студенттердің қай легінің әлеуметтік жағдайы жоғары екенін салыстырмақшы болған. Нәтижесінде бітіру кешінде сөз сөйлеген студенттер ерекше өсім көрсеткен. Олардың мұндай көрсеткішке жетудегі себебін анықтау қиынға түседі. Осы уақыт аралығында ешқандай мұғалімдер мен ұстаздар ауыспағанын, университет жүйесінде ешбір өзгерістер болмағанын ескере отырып, сол жылы сөз сөйлеген әлгі бизнесменді еске алады. Сонда университет басшылығы шақырылған бизнесменнің 3 минуттық сөзі аталған студенттерге жақсы әсер еткенін түсінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет