Филиппин- астанасы: Манила Ауданы: 300000 км



бет5/6
Дата29.04.2022
өлшемі17,81 Kb.
#141457
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Филиппин.docx-мәтін
Философия. Тест, Философия. Тест
Орман шаруашылығы. Филиппин территориясының 46 % ормаңдар алып жатыр. Мәңгі жасыл ылғалды экваторлық ормандар басым. Қатты ағаштар жиҺаз жасауға және құрылыста қолданылады. Орман шаруашылығы өнімдері экспорттың көп бөлігін құрайтын басты саланың бірі. Қазіргі кезде рұқсат­сыз орман кесу - күрделі экологиялық мәселе болып отыр.
Пайдалы қазбалар және өнеркәсіп. Филиппин жер қойнауы никель, мы­рыш, хромит, сынап, алтын, күміс, мыс, кобальт және көмір сияқты пайдалы қазбаларға бай. Лусон аралында минералды ресурстардың негізгі қорлары және ірі өндірістік кәсіпорындар орналасқан. Өндеуші өнеркәсіп өнімдері экспортының күрт өсуі (химиялық, радиоэлектрондық) Филиппиндік кірістің басты көзі болуына себеп болды. Мұнда машина жасау, металл өңдеу, мұнай өңдеу, мұнай-химиялық, тамақ, тоқыма және тігін саласы дамыған.
Транспорты. Темір жолдың жалпы ұзындығы - 1282 шақырым. Автомагистральдары (161 000 шақырымнан көп) Азия бойынша ең дамыған автожолдар жүйесін құрайды. Жүктің көбі теңіз транспортымен 500-ден артық айлақтардан тасымалданады. Ірі айлақтардың оншақтысы мұхит кемелерін қабылдайды. Аралдар арасындағы қатынас 87 мемлекеттік әуежайлар (оның ішіндегі екеуі халықаралық - Манилада және Мактан аралында) арқылы жасалынады.
Саясаты. 1965 жылы Филиппиннің президенті болып Фердинанд Маркос сайланады. Ол қатыгездігімен, билікті ешкімге бермеу үшін жасаған жаман қылықтарымен және заңсыз тәсілдерімен жинаған байлығының арқасында ерекшеленеді. Маркос билігіне қарсылық 1985 жылы шегіне жетті: мыңдаған адамдар көшеге шеруге шықты, оларға католик шіркеуі қолдау көрсетті. Осы оқиғадан кейін Маркос елден безіп кетті. Оның орнына президент болып Корасон Акино, 1983 жылы өлтірілген оппозиция лидері Бениньо Акиноның жұбайы сайланды. Қазір елде басқарудың демократиялық формасы қалпына келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет