Филология факультеті



бет13/41
Дата29.09.2022
өлшемі1,24 Mb.
#151117
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
6В01700. Ежелгі дәуір. қазақ әдеб. ПОӘК.
zhb kazak-tili-oytu-kazai-tilde-emes 2kl kaz, пед гос (копия)
Сабақтың нәтижесі:

  • студент Сыр бойы әдебиеті мен Қ.А. Ясауи мұрасын қарастыра отырып, оны көркемдік тұрғысынан ажырата, нақтылай алатын болады және кәсіби маман ретінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.

Ислам мәдениетіндегі сопылық ағымның Сыр бойындағы өкілі Ахмет Ясауи болғандығы. Басқа ақын-ғалымдар секілді араб-парсы тілінде жазбай, кітабын түрік тілінде жазып, бүл тілдің қадір-қасиетін жоғары бағалағандығы. Ясауи өз хикметтерінде өмірде не нәрсе қүнды, неден қашу керек, неге асығу керек деген мәселелерді көтергендігі. Сонымен бірге, менмен-тәкаппарлық, дүние-мүлікке қүмарлық, еріншектік сияқты т.б. жағымсыз нәрселерден сақтандыратындығы. «Хикметтеріндегі» негізгі айтпақ ойларды: имандылық, адалдық, адамгершілік мәселелері екендігі. Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстан аумағында таралуына сүбелі үлес қосқан шоқтығы биік тұлғалардың бірі Қожа Ахмет Ясауи. Өйткені оның еңбектері мен даналық хикметтерінің маңызы күні бүгінге дейін төмендеген емес. «Диуани хикмет» еңбегімен мәшһүр тұлғаның қаламынан сусындаған жолдар елдің рухани азығы мен тәлім-тәрбиелік қасиеттерін молайтуға ықпалын тигізері айдан анық.


Қ.А. Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Пақырнама» сияқты бізге жеткен мұраларынан көрінеді. Ясауи қалыптастырған хикмет дәстүрінің Ислам ақиқатының халықтың жүрегіне жол тауып сіңірудегі маңызы зор болды.
Қ.А. Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам кемелдікке жетуі үшін қажетті білім игеріп, Аллахтың фазылымен берілетін – хәл іліміне жетуі керек.
Қ.А. Ясауи Ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылатын, түркі сопылығына негізделген тариқат жолын қалыптастырды. Бұл жолдың негізгі әдептері: шәкірттің ұстазға құрметі, адалдығы мен мойынсұнуы, Алланы тануға, жомарттыққа, тәуекелге, тафаккурға ұмтылу. Шәкірттердің негізгі міндеттері: кемелдікке жетуге, хаққа жақындай түсуге тырысу, қауіп пен үміт хәлінде болу. Үнемі Алланы еске алып, зікір ету, Ақиқат жайлы сөйлеу. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан және Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды.
Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет