Филология факультеті



бет15/41
Дата29.09.2022
өлшемі1,24 Mb.
#151117
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
6В01700. Ежелгі дәуір. қазақ әдеб. ПОӘК.
zhb kazak-tili-oytu-kazai-tilde-emes 2kl kaz, пед гос (копия)
Сабақтың нәтижесі:

  • студент С. Бақырғани мұрасын қарастыра отырып, оны көркемдік тұрғысынан ажырата, нақтылай алатын болады және кәсіби маман ретінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.

Қ.А. Ясауи дәстүрінің жалғастығы. Ясауи сопылық мектебінің түлегі, ұстазының сүйікті шәкірті – Сүлеймен Бақырғанидың рухани мұрасы жайлы деректер. Хакім ата атануы. «Бақырғани кітабы» еңбегінің тақырыбы мен идеясы. Шығармаларында сопылық идеясын насихаттауы. «Бақырғани кітабының» бөлімдері мен онда көтерілген мәселелер. Адамның өмірдегі орны, гуманистік идеялардың шығармасында көтерілуі.


Шығармашылығы тұрғысынан келгенде С. Бақырғани хикмет дәстүрін жалғастырушылардың көшбасшысы, Ясауи шәкірттері арасындағы ең мол әдеби мұра қалдырған тұлға peтінде ерекшеленеді. Автордың «Бақырған кітабы», «Ақырзаман кітабы», «Расул миғражы», «Бибі Мәриям» дастаны, «Жарты алма» қиссасы секілді шығармалары бар. Соңғы үш туынды бір ғана оқиғаға кұрылған дастандар ретінде жазылған. «Ақырзаман кітабы» - қиямет күнінің белгілерін поэзия тілімен суреттеген туынды. Ал «Бақырған кітабы» «Диуани хикмет» секілді бертініректе құрастырылып, XVIII ғасырға дейін толықтырылумен келген, хикмет жанрында жазылған көптеген шығармаларды қамтыған жинақ болып табылады.
Бақырғани туындылары көп жағдайда Ясауи хикметтеріне стильдік еліктеу немесе оларды қайта жырлаудан гөрі нәзирагөйлік үрдіспен жалғастыру, жауаптасу секілді әсер қалдырады. Осы тұста айта кететін бір мәселе - отандық әдебиеттануда нәзирагөйлік - эпикалық туындыларды қайта жырлауға қатысты дәстүр болып саналса, түрік ғалымдары ғазал секілді таза лирикалық жанрда да нәзира үлгілері болады деп есептейді. Түрік әдебиетінде мұның көптеген көрнекі мысалдары да бар. Ясауи «Диуанында» он төрт буынды қос тармақты ғазал үлгісімен жазылған «Пейіш пен тозақ айтысы» деп аталатын хикмет бар. Бақырғани де осы өлшемді сақтай отырып, «¥жмақ пен тамұқ айтысын» жырлаған. Екі хикметтің басталуы мен аяқталуы бірдейге жуық, соңындағы автор есімінде ғана айырма бар. Шығармалардың негізгі мазмұндық желісі де сәйкес келеді, өзара мәндес сөздермен арнайы қайта жазылғандай әсер қалдырады. Осындай сәйкестіктер Ясауиге телінетін «Дәруішлер сұхбатында» хикметі мен Бақырғани жазған «Еранлар махфилінде» хикметтерінде, Ясауидің «Қаһһар атлығ қаһрында» туындысы мен Бақырғанидің «Рахман атлығ рахматыңда» хикметінде, сондай-ақ Ясауидің «Йол үстінде олтуруб», Бақырғанидің «Йол башыға келибан» атты шығармаларында және қос автордың да «Не хош татлығ Хақ йады» деп басталатын хикметтерінде молынан кездеседі. Ясауи хикметтерінде негізі қаланған тағы бір дәстүр – Құран аяттарынан, пйағамбар хадистерінен үзінді келтіріп отыру тәжірибесі де Бақырғани назарынан тыс қалмаған. Шәкірт ақын өзінің «Ишим, хошым, мағишатым» атты бір ғана хикметінде 38 жол ішінде Құраннан 10 түрлі аят келтірген. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет