Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ



Pdf көрінісі
бет3/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

Жаңа емле.
Оқу-әдістемелік құрал
. – Астана, 2019. – 111 б.
Оқу-әдістемелік құралда жаңа әліпби мен емле ережелері бойынша дайындалған практика-
лық сабақтар және дәріс тезистері қамтылған. 
Бұл оқу құралы жаңа емлені меңгертетін оқытушыларға, әдіскерлерге арналған.


3
АЛҒЫ СӨЗ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық 
мақаласында: «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және 
жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық 
санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады», – деген болатын. Содан бері елімізде латын 
әліпбиіне көшуге байланысты ауқымды ісшаралар атқарылып, жаңа әліпбимен жазуға бет-
бұрыс жасалды, жаңа емле ережесін ел асыға күтті. 
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген Қазақстан Республи-
касы Мәдениет және спорт министрлігі 
Тіл саясаты комитеті
Шайсұлтан Шаяхметов атын-
дағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы ғылыми орта мен жаппай 
көпшіліктің талқысына салды, түзету, толықтыру, стандарттау жұмыстарын жүргізді, 
еліміздің түкпір-түкпіріне Емле жобасын насихаттады. Мекеменің атқарған қыруар жұ-
мыстарының нәтижесінде көпшілік қауым жаңа жазудан хабардар болды. 14 қазан күні 
өткізілген жалпыхалықтық диктантта жұртшылық өз тілінің жаңа жазуымен бетпе-бет 
ұшырасты. Жазу реформасының мәнін түсінді. «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі ем-
лесінің ережелері» 2018 жылдың 6 желтоқсанында Қазақ жазуын латынға көшіруге 
байланыс ты Ұлттық комиссия отырысында тыңдалып, мақұлданды. 
Емле ережелері – жазба тілдің орфографиялық нормаларын ұсынатын және тұрақтан-
дыратын, жаңа жазу мәдениетін қалыптастыратын ортологиялық еңбектердің ғылыми не-
гіздері мен басты қағидаттарын айқындайтын негізгі құжат. Қазақ жазуының бүгіні мен 
болашағы үшін атқарылып жатқан шаралардың мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру-
дағы рөлі айрықша. Сондықтан алдымен республика көлемінде жаңа графикамен жазылған 
жазба тіліміздің жүйесін, емле нормаларының ғылыми негізін түсінген, таныған және оны 
өзгеге түсіндіре алатын білікті мамандар даярлау жұмыстары қолға алынуда. Осыған бай-
ланысты Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 
емле ережелерін ересектерге, жаппай көпшілікке түсіндіре алатын, меңгерте алатын білік-
ті тренер мамандарды даярлауға арналған «Жаңа емле» атты оқу-әдістемелік құралын ұсы-
нып отыр. 
Оқу-әдістемелік құралды әзірлеуге еліміздің білікті тілтанушы, әдіскер мамандары қа-
тысты. Құралда қазақ жазуын латын графикасына көшірудің мақсаты, жаңа қазақ әліпбиі 
таңдалуының қысқаша тарихы, жаңа қазақ әліпбиінің графикасы мен құрамы, бірге жазы-
латын сөздердің, тұрақты тіркестердің емлесі, дефиспен жазылатын сөздердің емлесі, шет-
тілдік сөздердің орфографиялануы және орфоэпиясы, бас әріппен жазылатын сөздердің 
емлесіне қатысты дәріс тезистері мен практикалық тапсырмалар жинағы берілді. Мұндай 
тақырыптар бойынша жүйеленген тезистер мен тапсырмалар жаңа әліпби мен емлеге қа-
тысты базалық білімдер мен дағдылар қалыптастыратыны анық. 
Жаңа жазуды меңгеру барысында әрбір адамның алдында, ең алдымен, барынша жылдам 
әрі сауатты жазу және қарқынды оқу дағдысын қалыптастыру қажеттілігі туындайтыны 
белгілі. Сол себепті жаңа емлеге сәйкес түзілген тапсырмалар жүйесі, негізінен, жазылым 
және оқылым дағдыларын меңгертуге бағытталады. Жазылым тапсырмалары қолдағды 
қалыптастыра отырып, емле ережелерін меңгертуге көмектессе, оқылым тапсыр малары 
көздағды қалыптастыру арқылы қармап оқуға баулиды. Сонымен қатар оқылым тапсырма-
лары орфоэпия заңдылықтарын меңгерту мақсатын көздейді. Оқу-әдістемелік құралдағы 
тапсыр маларда таным әрекетінің деңгейіне сай, өз ішінде, емле ережесінің ғылыми негіз-
дерін білу, түсіну жаттығулары (есте сақтаңыз, анықтаңыз, астын сызыңыз, көшіріңіз, мән 
беріңіз, табыңыз т.б.), қолдану менталдау деңгейіндегі жаттығулар (жаңа қазақ жазуымен 
жазыңыз, орнына қойыңыз, бағандарға бөліңіз, топтастырыңыз, қатесін түзетіңіз, дұ-
рыстығын тексеріңіз, талдау жасаңыз, талқылаңыз, түсіндіріңіз, себебін айтыңыз т.б.) және 
жинақтау, бағалау деңгейіндегі жаттығулар (жалғастырыңыз, құраңыз, құрастырыңыз, 


4
уәжділігін дәлелдеңіз т.б.) қамтылады. Тапсырмаларды жеке, жұппен және топпен орындау-
ға болады. 
Қазақ жазуын латынграфикалы жаңа әліпбиге көшіру мақсатындағы тілтанымдық ре-
форманың сәтті жүзеге асуы үйренушілердің жаңа әліпбимен жылдам жазу және оқу дағ-
дыларын қалыптастыру мақсатымен тығыз байланысты. Сондықтан ұсынылып отырған 
құрал мұндай алғашқы шаралардың тиімді жүзеге асырылуына, жаңа әліпби мен емле 
ережелерін қалың жұртшылыққа меңгертуге арналған курс тренерлерін дайындауға, жаңа 
жазу дағдыларын өз бетінше игеруге көмекші болады. Жинақ материалдары бойынша 
курстан өткен немесе ондағы тезистермен өзбетінше танысып, тапсырмаларды орындап 
шыққан тыңдаушы төмендегідей білім-біліктілігін арттырады:
- қазақ жазуының латын әліпбиіне өту шешімінің тарихи негіздемесі, жазудың ұлттық 
бірегейлікті, бұқаралық сананы қалыптастырудағы қызметі мен маңызы, тілдің жазба түрі 
мен ауызша түрінің айырмашылығы туралы іргелі, қолданбалы білім алады; 
- жазу мәдениеті мен емле сауаты мамандардың жоғары біліктілігінің көрсеткіші бо-
латыны, қазақ тілінде жаңа графикамен жазу және ісқағаздарды жаңа әліпбимен жүргізу 
мемлекеттік тілдің мәртебесін бекітетіні және қазақтілді тұлғаның беделін арттыратыны 
туралы идеялармен қаруланады; 
- жаңа қазақ әліпбиінің графикасы мен құрамы және әріп-фонема арақатынасы, жаңа 
қазақ әліпбиі таңдалуының қысқаша тарихы, қазіргі айтылым нормалары мен жазудың 
арақатынасы туралы жаңа білім алады;
- қазақ тілі емле ережелерінің басты және қосалқы ғылыми ұстанымдары, қазақ емлесін-
дегі дәстүр мен жаңашылдық, қазақ тілі емлесіндегі жаңалықтардың лингвистикалық не-
гіздері туралы білімдерін арттырады;
- қазақ тілі емлесіндегі дәстүрлі жазу мен жаңалықтардың, емледегі босаң нормалардың 
әрқайсысының ғылыми негіздері айқындалып, жаттығу, сұрақ-жауап, тапсырмалар түрін-
де меңгеріледі, тест, емтихан арқылы тексеріледі;
- жаңа емле ережесіндегі негізгі нормалармен танысады, емлесі қиын сөздердің емле 
уәжін меңгереді, оны ересек аудиторияға жеткізудің әдіс-тәсілдерін жинақтайды, тақырып 
бойынша сабақ беріп үйренеді;
- тақырыптарды жеңіл әрі тез үйретудің әдіс-тәсілдерін меңгереді;
- жаңа әліпбимен жылдам оқуға, сауатты жазуға машықтанып шығады.
Құрметті әріптестер, «Жаңа емле» көпшілік қауымға жаңа әліпбиіміз бен оның емле ере-
желерін меңгертуде сіздерге тиімді көмекші құрал болады деп сенім білдіреміз.


5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет