Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ


QAZAQ JAZÝYN LATYN GRAFIKASYNA KÓSH



Pdf көрінісі
бет4/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

1
QAZAQ JAZÝYN LATYN GRAFIKASYNA KÓSH
IRÝDIŃ 
MAQSATY
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУДІҢ СТРАТЕГИЯСЫ
ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МӘНІ
Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру арқылы реформа-
лау Қазақстан тәуелсіздік алған ХХ ғасырдың 90-жылдардан бері көтерілген идея болды. 
Мұны алғаш академик-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбдуәли
Туғанбайұлы Қайдар айтты. Тілтанушылардың бұл мәселені алғаш болып қоғам алдына 
тартуының басты себебі әліпби реформасының ең алдымен тілдің болашағы үшін қажет-
тілігінен туындады. Қазақ жазуы бір ғасырда бірнеше рет әліпби ауыстырды: араб графи-
касынан латынға (1929), латыннан кирилге көшті (1940), ХХІ ғасырда кирилден қайта жаңа 
латынға ауысып жатыр. Осы жазулардың барлығында қазақ жазуы дыбыстық-әріптік жазу 
сипатын сақтады, яғни бұл жазу бойынша «бір дыбысты бір әріппен» таңбалау принципі 
негізіндегі әліпби тиімді болып саналады. Алайда кирилл графикасындағы 42 әріптің бо-
луы қазақ тіліндегі төл 28 дыбыстың таңбасынан бөлек 14 шеттілдік сөздерге арналған 
таңбаның артықтығымен ерекшеленді. Бұл – шеттілдік сөздердің жазуда ұлттық тіл жүйе-
сі бойын ша игерілу тетіктерінің тоқтап қалуына әкеп соқты, себебі осы әріптер орыс сөз-
дерінің қазақ мәтіндерінде орыс орфографиялық ережелеріне сәйкес жазылуына қызмет 
ету үшін әдейі әліпбиге енгізілді, сол сияқты шеттілдік сөздер айтылуында да қазақша-
ланбайтын болды. Сөйтіп, 70 жылдан астам уақыт бойы және Кеңестік құрылыс құлап, ел 
тәуелсіздік алғаннан кейін де бұл процестер инерция күшімен тоқтаған жоқ. Бүгінгі күн-
ге дейін әсіресе ғылыми сананы қалыптастыратын қазақ тілінің лексикалық қабатында 
терминдік сипаттағы сөздер, негізінен, орыс тілінің заңдылығымен оқылып, жазылады. 
Мұндай үдеріс тілдің бірте-бірте калькаланып өзіндік ерекше сипатынан арылуына әкеп 
соқтырады. Тілдің сырт әсерді игеру құралдары мен тетіктерінің «тот басып» тоқырауы-
на, сол тілде сөйлейтін ұлт өкілдерінің жалқаулығына, соңында тілдік нигилизмге ұрын-
дырады. Осы құбылыстарды түсінген ғалымдар әліпби реформасының қажеттілігін алға 
тартты. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңа әліпбиге көшуге саяси 
шешім шығарылды. Бұл қазақ мемлекетінің стратегиялық дамуы үшін аса маңызды қадам 
болып саналады. Себебі тіл тәуелсіздігін қамтамасыз ететін жаңа әліпби тілдің ішкі имму-
нитеттік ресурстарын қайта қалпына келтіреді, сөйтіп ұлттық тілдің шеттілдік әсерді иге-
руінің жазудағы тетіктері қалпына келген тіл ұлттық сананы қалыптастырып нығайтушы 
әмбебап құрал ретіндегі қызметін толық атқара бастайды. Ұлттық сана – ұлттық бірегей-
ліктің негізі, ұлттық бірегейлік – унитарлы мемлекеттің өзегі, мемлекеттің өміршеңдігінің 
маңыз ды параметрі. Демек жаңа әліпби реформасы –мемлекеттің стратегиялық дамуының 
аса маңызды үдерісі.
Сонымен латын графикасына көшудің стартегиясы мынадай болмақ:
- қазақ тіліне шет тілінен орыс орфографиясы бойынша енген сөздердің жазудағы тұр-
паты өзгереді. Олар бұрын түпнұсқа принципі негізінде таңбаланса, енді түпнұсқа және 
фонетикалық принциптердің үйлесімі негізінде таңбаланады, яғни ұлттық жазу жүйесіне 
сәйкес игеріледі;
- егер ғылыми сананы қалыптастыратын ғылыми стильдегі мәтіндерде кеңінен қолда-
нылатын терминдік сөздердің дені тек орыс орфографиясы бойынша жазылатын сөздер-


6
ден құралса, латыннегізді әліпбиде олар қазақ тілінің орфографиялық ережелеріне сәйкес 
жазылатын болады. Бұл ғылыми сананың ұлттық өзегінің күшеюіне септігін тигізеді;
- бұған дейін негізі донор тіл орыс тілі болса, жаһандану үдерісінің әсерімен бірте-бірте 
осы рөлге ағылшын тілі де орнығатыны ақиқат, олай болса жаңа әліпби негізіндегі емле 
ережелерінде ағылшын тілінен енген сөздерді игерудің тетіктері қалыптастырылады;
- кирилнегізді әліпби бойынша қалыптасқан емле ережелеріндегі бүгінге дейін толық 
немесе дұрыс кодификацияланбаған кейбір тілдік бірліктердің орфограммалары реттеледі;
- жаңа әліпбимен берілген қазақ мәтіндерінің халықаралық жазба кеңістіктегі танымал-
дығы, тартымдылығы арта түседі, себебі латын жаһанияттың әліпбиіне әрі «сапа» кон-
цептісінің репрезентантына айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет