Филология және көптілді білім беру институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы соөж тақырыбы:«Көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштеріндегі фузиялық өзгерістер»



бет2/4
Дата14.10.2023
өлшемі70,05 Kb.
#185450
1   2   3   4
Байланысты:
Диана Сайлау. Фузия соөж
Практическая работа Информационный буклет, Сборник Паскаль1, 9 практикалық тапсырма, 3, 5 дәріс, 2-дәріс. Жалпы мағлұматтар, Все лекции, Өмірбаян, 1 лекция, Тәжірибелік жұмыстар (1), test1, 3 тәжірибелік жұмыс ОБП, Вирусные-диареи1, 3 Зертханалық жұмыс, Задание
1.1 Тіліміздегі фузия құбылысы
Түп төркіні тұрғысынан тіліміздегі бірсыпыра сөздер бірнеше түбірлерге, түбір мен әр түрлі қосымшаларға бөлінуі мүмкін. Бірақ күнделікті қолданыста ол сөздердің әрқайсысы беретін мағынасы жағынан бөліп жаруға келмейтін бір ғана түбір. [М. Томанов. 1988, 264] Мысалы, қазіргі тіліміздегі ашудас, айқабақ, ақ табан, ала өкпе, бізқұйрық, бірқазан, елкезер, жамбас, сегізкөз, қарлығаш сынды сөздерді қолданғанда, олардың әу бастағы мән-мағынасына қарап жатпаймыз. Мысалы, соққы, мұңлық, немене, сыртқары, әрі, бері сөздерін де біз түбір мен қосымшаға бөліп қараймыз. Осы қалпында тұтас түсінеміз. Өйткені, осы сөздер құрамындағы –қы, -қары, -лық, -рі қазіргі тілде сөз жасайтын актив аффикстері емес. Қалай болғанда да, бұларды қазіргі –шы, -лы тәрізді сөз жасайтын аффикстер сияқты қабылдаймыз. Түбір мен қосымшаның өзара жымдасып кетуі кейде бастапқы түбірдің өзінің дербес мағынасын жоғалтып, ескіруінен болуы мүмкін. Бұны анықтау үшін түбірдің бастапқы сипатын басқа сөздермен салыстыру керек немесе, қосымшаның құрамы арқылы анықталады. Мына мысалдарға назар аударайық: ілгері, айт, кет, жоры, алда, байла, арт, сан, т.б. Осы сияқты сөздер түбір мен қосымшаның жымдасып кетуінен пайда болған. Морфологиялық жымдасу, фузия тек түбір мен қосымшаның бірігіп, бөлежаруға келмейтін ұғымға ие болуына ғана әсер етіп қоймаса керек. Бір фонемадан ғана тұратын алғашқы қосымшалардың фузияның нәтижесінде өзара жымдасып, бірігіп кетуінің салдарынан осы күнгі бір буынды аффикстер қалыптасса керек. А.Н.Кононов осындай топқа мына аффикстерді жатқызады: - ғылтым-ғы+л+ты+м - сымақ-сы+ма+қ - мтыл-м+ты+л - дық-д+ық [Кононов 1960,446]. Өзара сіңіскен жұрнақтар.
1) –шылық (-шілік) жұрнағы. Бұл жұрнақ кейбір сөздерде құрамындағы компоненттері (-шы-лық, ші-лік) жеке-жеке бөліне алатын дара (жалаң) жұрнақтар есебінде жұмсалса, кейбір сөздерде бөліне алмайтын бір күрделі жұрнақ ретінде қолданылады [Ысқақов,1991,150)]. Мысалы, егіншілік, малшылық, оқушылық, зарығушылық деген сияқтылардың –шылық, (-шілік) формасын іштей жеке-жеке бөлуге болады. Ал адамшылық, кемшілік, тіршілік, баршылық, кәріпшілік, айшылық дегендердегі –шылық формасын бөлуге болмайды. –шылық жұрнағы арқылы мынандай сөздер жасалады: адамшылық, жұртшылық, басшылық, кедейлік, сенушілік, жүдеушілік, тарығушылық, қиыншылық, таршылық, артықшылық, тіргілік, кеңшілік, құрғақшылық. А.Н.Кононов өзбек тілінде бұл қосымшаның есімдерден зат есімдер тудыруда өнімділігін [Кононов,1960,76], А.М.Щербак оның көне өзбек тілінде де өнімді болғанын [Щербак,1962,122], Н.А.Баскаков қарақалпақ тілінде ол арқылы туған бірқатар сөзді көрсеткен [Баскаков,1951,182]. Ә.Нұрмағамбетовтың пікірінше отаншылық, малдаршылық сияқты сөздер Түркменстандағы қазақ говорына түрікмен тілінен тікелей ауысқан [Нұрмағанбетов,1974,107-108 б]. Екінші, бірқатар сөздің –шылық жұрнағымен айтылуын ауызекі-диалектілік сипаты бар жергілікті тұрғындар тілінің стиль жағынан нормаланбауынан деп түсіндіруге болады. Мысалы: маманшылық, мұғалімшілік, білмесшілік, батыршылық, жетпесшілік т.б. жұрнағын бөлуге келмейтінін көреміз. Берілген жұрнақ қазіргі қазақ тілінде сіңіскен жұрнақтардың қатарында қаралады. Яғни бұл жұрнақтарды өзара сіңісіп кеткен жұрнақ деп түсінген жөн.
2) –нқы (-нкі), -нқы (-іңкі) жұрнағы. Бұл жұрнақ негізінен етістіктерге жалғанып, олардың сол сөздердің негізгі лексикалық мағыналарымен байланысты туынды сын есімдер жасайды. Мысалы, жатыңқы, салбыраңқы, шығыңқы, көтеріңкі, басыңқы, қамығыңқы, шашыраңқы, кебіңкі, бытыраңқы [Ысқақов,1991,177]. Аталған мысалдарда –нқы (-нкі), -нқы (-іңкі) жұрнақтарын бөліп талдауға болмайды. Бұл жұрнақтар өзара кірігіп кеткен. –нқы (-нкі), -нқы (-іңкі) жұрнағы туралы А.Айғабылов есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақ екенін айтады [Айғабылов,1995,85].
3) –нды (-інді), -ынды (-інді) жұрнағы. Ғалым А.Ысқақов –нды (-інді), -ынды (-інді) қосымшаларын –ын және –ды формаларынан құралған құранды жұрнақ деп түсіндіреді [Ысқақов,1991,155]. Бұл жұрнақ негізінен сабақты етістікке жалғанып белгілі бір іс-процестің нәтижесін білдіретін я заттық ұғамдардың атын жасайды. Мысалы, жуынды, шайынды, сыпырынды, үгінді, сарқынды, ерітінді, қорытынды. Сонымен қоса аталған жұрнақтар сын есім тудыру жағынан да өнімді екені белгілі. Аталған жұрнақтар етістіктерге жалғанып, белгілі бір іс-әрекеттің нәтижесінен туған сындық ұғымның атауын білдіреді. Мысалы, асыранды, құранды, серпінді, түйінді, туынды, жаттанды, жырынды, ағынды, шұбырынды, жасырынды, т.б. Берілген мысалдарда - нды, -ынды, -інді жұрнақтары бөлшектенбейді. Берілген жұрнақ туралы орыс ғалымы Э.В.Севортян Аффиксы именного словообразование в азербайджанском языке еңбегінде былай дейді: Салыстырулар көрсеткендей азербайжан, түрік, татар тілдерінен басқа тілдердің көпшілігінде -ынды жұрнағы кездеседі.
4) –қылықты (-ғылықты), -кілікті (-гілікті) жұрнақтары. Бұл жұрнақ-қы, -лық, -ты компоненттерінен құралған. Бұл қосымша кейбір салт және сабақты етістіктерге және мекен атауын білдіретін кейбір зат есімдерге жалғанып, қосылатын сөзінің мағынасына байланысты туынды сын есімдер жасайды. Мысалы, жеткілікті, тұрғылықты, тыңғылықты [Ысқақов,1991,181]. Жоғарыда келтірілген мысалдарда –қылықты, -ғылықты жұрнағын құранды жұрнақ, сіңіскен аффикс деп түсіндіреміз. Тілімізде түбір сөз деп қолданылып жүрген бірнеше сөздің жалғау, жұрнақтарын бөліп көрсетуге болады. Мысалы: Алғы сөзіндегі –ғы жұрнағы түбірге сіңісіп кеткен. өйткені, бұл сөзді ал-түбірі, -ғы-жұрнақ деп бөлмейміз. Алғы күйінде айтамыз. Бұл сөздің түбірі-ал, яғни етістік мағынасында жұмсалып тұр, бір нәрсені алу, ал алғы деген сөздің мағынасы қазіргі тілімізде түбірмен бірге айтылады. Жұмысқы. Іш мерез, арам, пасық. Жымысқы күлкі (ұры адам) [Қазақ тілінің сөздігі,262]. Жұмысқы сөзі қазіргі тілдік қолданыста түбір сөз ретінде жұмсалады. -а, -е жұрнағы – көне қосымшаның бірі. Әуел баста есім сөзді етістікке айналдыратын өнімді қосымша болғанымен, бірте-бірте самарқауланып, тек бұрынғы кезде жалғанған сөздердің аясында ғана қалып қойған. Мысалы: ат-а, ас-а, дем-е, жи(ы)на, с-е, от-а, ор(ы)н-а, ой(ы)н-а, өрт-е, тіл-е, нық-а, тіс-е, сын-а, мін-е, үст-е, салдыра-а, сылдыр-а, тең-е, т.т. осылардың ішінен ата, үсте, деме, тіле, нықа, (нықта, нығызда), түзе (түзу, түзік) дегендердің түпкі есім негіздерінің мағыналары бірте-бірте көмескіленіп, кейбіреулерінікі тіпті ұмытылып, байырғы естістіктердің сипатына көшіп бара жатқаны байқалады [Ысқақов,1991,234]. Түбірге –а, -е жұрнақтары сіңісіп кеткен сөздердің бір тобы: жүлге, бопса, кежеге, кексе, көпене, топса. Жүлде. Жарыста озғандарға берілетін бәйге, сыйлық, приз. Қажымұқан атындағы жүлде тағайындалды. Жүлде алды–топтан озып, бәйге алды [Қазақ тілінің сөздігі,255]. Жүлде сөзінің түбірі-жүлд. Бұл тілімізде өлі түбір деп қаралады. Сондықтан да қазіргі тілімізде мұндай сөздер түбір мен қосымшаға бөлінбей, тұтас түбір сөз ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет