Философия тарихындағы жан, ақыл, парасат, рух мәселелері


Жан, рух, сана мәселесін түсінуде антикалық философияның ерекшеліктері



бет5/7
Дата16.04.2024
өлшемі1,19 Mb.
#200911
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Философия тарихында жан мен рух, сана мен ақыл
Scan 09 янв. 24 04·43·33, Scan 22 февр. 24 01·19·07

Жан, рух, сана мәселесін түсінуде антикалық философияның ерекшеліктері

  • Космологизм - ғарыш проблемасының басымдылығы. Рух, парасат, идеялар ғарыштың рухани құрылымы ретінде танылады.
  • «Рух» ұғымы екі сөзбен берілген: «пневма» (тыныс, дем, леп) және “нус» – ақыл, зерде.
  • Дүниежүзілік жан - ғарышты жандандыратын бастама.
  • Құдай - ғарыштық сана, парасат, зерде болса, адам - ғарыштың бөлігі, микрокосмос. Адам жаны – дүниежүзілік жанның бөлшегі

Фалес (625-547 б.д.д.) космологиясындағы жан туралы түсінігі

«Дүниенің негізін құрайтын алғашқы зат - су, оның рухы бар, сондықтан ол бәрін өзінен қалыптастырады. Дүниежүзілік жан бар, ол эфир сияқты зат. Дүние құдайларға толған»


Фалес
(625-547 б.д.д.)

Пифагордың космологиясында адам жанының орны

Ғарыштың, дүниенің алғашқы бастауы – сандар. Бастапқы сан – 1

Жетілген сан – 10

Адамның жаны денемен бірге өлмейді, ол басқа орынға, басқа бір жануардың түріндегі денеге өтуі мүмкін.

Пифагордың өзі қайтыс болғаннан кейін, оның ізбасарлары оны құдайға айналды деп санаған

Демокрит жан туралы

Демокрит жанды зат қозғалысының себебі ретінде түсінген. Жан материалды. Ол өте ұсақ, жылтыр, қозғалмалы, отты атомдардан тұрады. Олар бүкіл денеге жайылған


Демокрит
460 -. 370 до н. э.

Платонның жан туралы ілімі (“Федр” және “Тимей” диалогтарда )

Жаратушы мәңгі дүниежүзілік жанды және аспандағы денелерді -құдайларды өзі жаратқан. Ал құдайлар адамдарды және олардың жандарын жасаған. Жаратылған жан құдайлардың жетекшілігінде ақиқат әлеміне, идеялар дүниесіне саяхаттап барады. Сонда алған білімге қарай жан өзіне лайықты денені және өмір салтын өзі таңдайды.


(б.д.д 427-347жж.):

Аристотель жан мен тән туралы

“Жан туралы” еңбегінде Аристотель жанның денеден бөлінбестігі туралы ойды ұсынды. Ол жанның үш түрін ажыратады: өсімдіктің жаны (өседі және көбееді), жануардың жаны (сезеді және жылжиды), адамның есті жаны (ойлайды). Жанның үш түрі адамға тән. Жанның бірінші және екінші түрі денемен бірге өледі, ал үшінші жан өлмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет