Физика-математика факультеті


ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – Cиллабус (Syllabus)



бет2/20
Дата02.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#107936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
4fa88a89-30f4-11e3-8846-f6d299da70eeАн.геом. ОӘК Т 111,113
0001c0b2-2ffc8d8e, жана жыл 2023, 1 тоқсан есебі 22-23 Диана
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – Cиллабус (Syllabus)



    1. Мұғалім туралы мағлұмат:

Нақышбекова Ғафиза Молдабекқызы – аға оқытушы

Оқытушымен байланыс: СМПИ, корпус 3, аудитория 319

Тел. 64-62-09


    1. Пән тұралы мәлімет:

Атауы: Геометрия

Кредиттер саны: 3

Оқыту орны: корпус 3

Оқу жоспарының көшірмесі:





Курс

Семестр

Кредит


Дәрiс,

сағ.


Маш,

сағ.


СОӨЖ (СРСП),

сағ.


СӨЖ (СРС), сағ.

Барлығы,

сағ.


Соңғы бақылау түрi

1

1

3

30

15

45

45

135

Емтихан


1.3. Пререквизиттер (Пәнге қажет білім): Педагогикалық институтта оқитын студенттерді болашақ мамандыққа тәрбиелеуде, оның біліктілігін арттыруда оқыту теориясының, дидактикасының және практикалық технологиясының алатын орны мен атқаратын қызметі ерекше. Сондықтан бұл пәнді жақсы меңгеру үшін студенттер мектепте қаралатын геометрия курсын жақсы меңгергендері жөн. Сондықтан, аналитикалық геометрия курсы институтта болашақ мұғалімнің геометрияға деген барынша жеткілікті кең мөлшердегі көзқарасын қамтамасыз етуі және оны (студентті) геометрияны мектепте оқыту кезінде қажетті болатын нақтылы білімдермен қаруландыруы керек.

1.4. Постреквизиттер (Пәнді оқытудан кейінгі білім): Геометрия курсында қаралатын материалдар, соған байланысты есептер мектептің геометрия курсында қаралатын дәлелдеуге, есептеуге, салуға берілген есептермен тығыз байланыста болуы шарт. Бұлар болашақ математика мамандарының білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастырады. Геометрияның негізгі фактыларын, олардың геометриялық және механикалық мағыналарын білу;

Теориялық білімдерін геометрияның есептерін шеше білу дағдыларын, іскерліктерін, әртүрлі кеңістіктер туралы көзқарастарын қалыптастыру.


1.5. Қысқаша сипаттамасы (Пәннің мақсаты, қысқаша мазмұны):

Аналитикалық геометрия курсы орта мектепте оқытылатын геометриямен тікелей байланысты. Бұл курстың негізгі мақсаты геометриялық объектілердің қасиеттерін аналитикалық әдістердің көмегімен оқу болып табылады. Аналитикалық әдістердің негізіне координаталық әдіс жатады. Бұл әдістің негізінде векторлық алгебра, оларға қолданылатын сызықтық амалдар, векторлардың скаляр көбейтіндісі, векторлық көбейтінді, аралас көбейтінді қаралады. Координаталар әдісін оқыту және оларды жазықтықтағы және кеңістіктегі түзулерді, жазықтықтарды, екінші ретті сызықтар мен беттерді зерттеуде қолдана білу аналитикалық геометрияның оқытудың объектілерін құрайды.

Геометрияны аксиоматикалық әдіспен құра білу, жазықтықтағы және кеңістіктегі түрлендірулердің әралуан топтары жайында айқын түсініктері болуы және бұл түрлендірулерді салу, дәлелдеу және есептеу есептерін шешуде пайдалан білу. Болашақ математика мұғалімі топ, құрылым (структура) жақсы біліп, сонымен қатар аффиндік және евклидік кеңістіктегі көп өлшемді геометрияның элементтерін білуі керек. Соның негізінде квадраттық формалардың теориясын көпөлшемді кеңістіктегі квадрикалар теориясымен байланыстыра білу.

Аффиндік, центрлі-аффиндік, эквиаффиндік геометрия ұғымдары. Түрлендірулер теорияларын есептер шешуде қолдану. Проективтік түрлендіру, проективтік координаталар. Төрт нүктенің күрделі қатынасы, гармониялық төрттік. Кеңейтілген евклид түзуі мен жазықтығындағы проективтік координаталар жүйесі. Толық төрттөбелік, гармониялық төртінші нүктені салу. Проективтік түрлендірудің аналитикалық өрнектелуі, коллинеация, гомология. Квадрикалар туралы түсінік, Полюс, поляра, Паскаль, Брианшон теоремалары.

Жазықтықтағы геометриялық салу есептерін шешудегі түрлендірулер (нүктелердің геометриялық орны әдісі, қозғалыс, гомотетия, алгебралық әдіс).

Геометрия курсының мазмұны дискретті математика, компьютерлік технология, информатика т.с.с. пәндерде қолданылады.


Пәннің тақырыптық жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет