«физика» ПӘні бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау критериалды бағалау



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі64,49 Kb.
#82292
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7 сынып КРИТЕРИЛЕР

Орта мерзімді жоспар
Пәннің оқу бағдарламасына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардан тұратын
ұсынымдық сипаттағы оқу жоспары қоса беріледі.
Оқу мақсаттары жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді
жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда
оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары қосылған
(интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.) Ұзақ мерзімді
жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен
бөлімдерді анықтайды. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған
бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді
жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір
тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары көрсетіледі (Ұлттық білім академиясы, 2016).
Оқу жоспары көптеген орта мерзімді жоспарлардан, яғни бөлімдерден тұрады, олардың
әрқайсысы оқу кезеңінің бірнеше аптасына дейін қамтуы мүмкін. Осылайша бірнеше аптаны
топтастырып бірден жоспарлаған тиімді болмақ. Бұл мұғалімге оқушылардың осы уақыт
ішінде, яғни тақырып немесе мәнмәтін арқылы байланыстырылған тізбектелген сабақтар
топтамасы аясында қалыптастырып, дамытуы тиісті білім мен түсінік, дағдыларды толық
қамтуға мүмкіндік береді.
Орта мерзімді жоспардың алғашқы парағында осы бөлімді бастардың алдында оқушылар
біледі деп күтілетін алдыңғы білімі, бөлімнің мәнмәтіні және бөлімнің қысқаша сипаттамасы
жазылады. Бұл оқу бағдарламасынан алынған оқу мақсаттарына сәйкес келетін, сабақ кезінде
қолдануға ұсынылған бірқатар жаттығулармен бірге беріледі. Белгілі бір тақырып үшін
ұсынылған барлық жаттығуларды бірден алдын ала зерделеп шығу пайдалы болмақ. Бұл ретте
өз оқушыларыңыздың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кез келген жаттығуды
өзгертуге болатынын естен шығармау қажет (айталық, жаттығуды сіздің жағдайыңызға
анағұрлым сәйкес келетін немесе лайықты басқа жаттығумен ауыстыру). Сонымен қатар,
оқушыларға орындау оңай немесе қиын болатынын ескере отырып, белгілі бір жаттығуларды
орындауға көбірек уақыт беріп, ал кейбіреулеріне аз уақыт беру мәселесін де алдын ала шешіп
алған дұрыс болады. Сабақ жоспарына орындау міндетті болып табылатын бұйрық
нысанындағы құжат ретінде емес, бағыт-бағдар көрсететін көмекші ретінде қараған маңызды,
оқушылардың қажеттіліктерін мүмкіндігінше толық қанағаттандыру мақсатында жоспарға
өзгеріс енгізу қажет болуы мүмкін.
Қысқа мерзімді жоспар әзірлеу
Қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктері қарастырылған орта мерзімді жоспар бойынша
мұғалім әрбір жеке сабақтың жоспарын дайындайды.
Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім
оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне
ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға
көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы
керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін
анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа
алуына болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу
мақсаттарын басшылыққа алу қажет;
- сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы
мақсаттар қою;
- орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді,
ресурстарды мұқият зерделеу;
- мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады
(Ұлттық білім академиясы, 2016).
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық
қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын
шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі
керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Мысалы, «Физика»
пәні бойынша 7-сыныптағы «Молекулалық-кинетикалық теория негіздері» бөлімшесінің оқу
мақсаттарының бірі: заттардың молекулалық құрылысы негізінде қатты денелердің,
сұйықтар мен газдардың құрылымын сипаттау.
Бұл оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз болуы, ал сабақ мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін.
Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/мінез-құлқы
сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не үйренуге тиіс екені туралы жазылады. Сабақ
мақсатын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі
тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстаңыз. Бұл:
- сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар
аударуға;
- сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
- оқуды бағалауды жеңілдетуге;
- оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет