11.Өткізгіштер, жартылай өткізгіштер және диэлектриктер арасындағы зоналық теория бойынша ерекшеліктері Жартылай өткізгіштер — өзінің электрлік қасиеті жағынан өткізгіштер мен диэлектриктердің арасынан орын алатын элементтер. Металдармен салыстырғанда жартылай өткізгіштер электр тоғын аз өткізеді, ол сәулелену кезінде жарық энергиясының ағымымен өзгере алады. Радиолампалармен салыстырғанда жартылай өткізгіштер құралдардың көлемі мен салмағы аз, электрлік және механикалық беріктігі жоғары болады, олар ұзақ уақыт қызмет ете алады және электр энергиясын аз пайдаланады. Осындай қолайлы қасиеттеріне орай жартылай өткізгіштерді әскери радиотехникалык аппаратураларда жиі қолданады.
Жартылай өткізгіштердің ерекшеліктері. Жартылай өткізгіштердің кәдімгі температурадағы электрөткізгіштігі металдардың электрөткізгішітігі мен салыстырғанда аз. Өте төмен температурада олар диэлектриктерге ұқсайды. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі температура мен жарық әсерінен қатты өзгереді, яғни температура артып және жартылай өткізгіш неғұрлым қатты жарықталынса, оның электрөткізгіштігі де соғұрлым жоғары болады. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі оның құрамына өте аз шамада қоспалар енгізу жолымен басқарылады. Жартылай өткізгіштер мен диэлектриктерден принципиалдық айырмашылығы жоқ. Себебі бұл екуінде де еркін зарядты тасымалдаушылар жоқ, оларды пайда ету үшін кейбір энергия жұмсау керек. Бірақ егер бұл энергия диэлектриктер үшін өте үлкен болса, ал жартылай өткізгіштер үшін ол аз болады. Жартылай өткізгіштердің саны металдар мен диэлектриктердің санынан артық. Ең жиі қолданылатын жартылай өткізгіштер: кремний, германий, галлий арсениді, селен, теллур, әртүрлі оксидтер, сульфидтер, нитридтер және карбидтер.
12.Потенциалдар айырымының түйісуі. Потенциалдар айырымының түйісуінің пайда болу себептері Потенциалдар айырмасы - электр заряды бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырғанда электр өрісі күшінің атқаратын жұмысының сол зарядтың шамасына қатынасы. Потенциалдар айырмасының өлшем бірлігі-вольт (В). Потенциалдар айырмасы ұғымы өріс күшінің жұмысы зарядтың қозғалыс траекториясына тәуелсіз болғанда ғана қолданылады.
Түйіспелік потенциалдар айырымы - термодинамикалық тепе-теңдік жағдайында электрондарының әр түрлі шығу жұмысы бар екі жанасқан өткізгіштер арасындағы электр потенциалдарының айырымы. Кейбір жағдайда Түйіспелік потенциалдар айырымының пайда болуы түйісу аймағында өткізгіштіктің айтарлықтай төмендеуіне, ал екінші жағдайда оның артуына әкеледі. Откізгіштіктің төмендеуі сырттан берілген кернеу әсерімен қосылса, бұл түйіспенің өткізу қабілетінің ассимметриясына, яғни түзету құбылысына өкеледі. Осы құбылыс негізінде көптеген шалаөткізгіш өткелдер жұмыс істейді. Ал өткізгіштіктің өсу құбылысы ШО аспаптарда омдық түйіспелер жасау үшін пайдаланылады.