«Физика» пәнінен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы студенттері үшін №2 аралық бақылаудың сұрақтар тізімі


Терапевтік контурдағы айнымалы сыйымдылықты конденсатордың қолданылуы



бет8/39
Дата22.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#159303
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
«Физика» п нінен «Фармацевтикалы ндіріс технологиясы» маманды

17.Терапевтік контурдағы айнымалы сыйымдылықты конденсатордың қолданылуы
Сипаттық тағайындалуына қарай конденсаторларды шартты түрде жалпы және арнайы қолданыстағы конденсаторлар деп бөлуге болады:
Жалпы қолданыстағы конденсаторларға кең тараған төмен вольтты конденсаторлар жатады және олар құралдар мен аппараттардың көптеген түрлерінде қолданылады
Ал қалған конденсаторлардың барлығы арнайы қолданыстағы конденсаторлар деп аталады. Оларға жоғарғы вольтты, импульстік, бөгетті жойғыш, дозиметриялық және т.б конденсаторлар жатады.
Конденсатордың негізгі сипаттамасы оның электрсыйымдылығы болып табылады. Ол конденсатордың электрзарядын жинақтау қабілетін көрсетеді. Сыйымдылықтың анықтамасы бойынша конденсатордың жапсарларындағы заряд оның жапсарларының арасындағы кернеуге тура пропорционал. Конденсатордың сыйымдылығы әдетте 1 пФ–тан жүздеген мкФ–қа дейін, сонымен бірге сыйымдылығы ондаған Ф–қа дейінгі конденсаторлар да кездеседі. Сонымен қатар конденсаторларды жапсарларының пішініне қарай жазық, цилиндр тәріздес, шар тәріздес және т.б деп бөледі.
18.УЖЖ электр өрісінің электролиттерге және диэлектриктерге әсері
Электролит ерітінділерінде және диэлетрикте жоғары жиілікті электр өрісінің әсерінен бөлінген жылу мөлшерінің арасындағы қатынас олардың табиғатына және өріс жиілігіне тәуелді.
Диэлектрик ұлпалары ток өткізетін ұлпаларға қарағанда жылдам қызады. Осы қасиетімен УЖЖ-терапия кезінде жылулық эффект индуктермиядан ерекшеленеді.
19.УЖЖ электр өрісінің электродтар арасындағы таралуы
Электродқа айнымалы жоғары жиілікті кернеу беріледі. Бұл кезде ток өте әлсіз және өшетін тербеліс жағдайында болғандықтан ұлпаларда жылулық эффект тудырмайды. Дененің сәйкес аумағы аппараттың терапевтік контурына қосылған изоляцияланған екі жазық электродтардың арасында орналасады. Сондықтан ол электродтар арассындағы түзілетін жоғары жиілікті электр өрісінің әсеріне ұшырайды.
20.АЖЖ-өрістің әсерінің ерекшелігі (микротолқындық терапия)
Пайдалану ерекшелігі бар радиолокациялық станцияның конструкциялық және қондырғыларымен қамтамасыз етілуі, іс жүзінде АЖЖ өрісінің жеке адам-дар организмдеріне қолайсыз еместігі,бірақ сонымен бірге апатты жағдайда және техникалық қауіпсіздік ережелері бұзылғанда қызметкерлердің АЖЖ өрісімен сәулеленуі мүмкін.
Профилактикалық іс шарада дұрыс ереже жүйесін құруда,әртүрлі қызметкерлердің сәулелену өрісінің қолайсыздық жағдайын, сонымен одан қорғану әдіс тәсілін білуі керек, ол еңбек гигиенасын оқытудағы кредиттік жүйеде ерекше орын алады.
Радиолокациялық станция жұмысы көзге көрінбейтін обьектіні табуға арналған,оның негізі радиолокацияда . Ауадағы,судағы және құрғақтағы обьектіні табу,сол бейнеленген обьектінің радиотолқынын және радиотолқынды қабылдау арқылы табылады, осы кездеғі үлкен қуатты электромагнитті қысқа импульстер сәулелендіреді. Импульстердің ұзындығы микросекундтар, ал қуаты – ондаған және жүздеген киловатты құрайды. АЖЖ радиотолқынның диапозонының таралу жылдамдығы – күн сәулесінің жылдамдығымен бірдей
Жылжымалы және стационарлы радиолокациялық станциялардың жұмысы былай: АЖЖ-нің импульсті генераторы электромагнитті энергия шығарады және толқынды жеткізуші антеннаға бағыттайды.Антенна сәуленгеннен кейін қабылдауға қосылады.Одан кері қайтқан көзделген импульсті антенна қабылдайды, толқынды жүргізушіге түскен соң қабылдау антеннасына түседі, ол жерде күшіне еніп төменғі сигналды жиілікте өңделеді және қондырғы индикаторға беріледі.Индикатор экранында (электронды сәулелі түтік) сигналды байқап қабылдауы жарық нүкте тәріздес немесе сәуленің қоса өрілуі. Модулятор қорек көзінен энергияны генерациялық импульспен генератордың жоғарғы кернеулік аралықтары арасында жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет