«Физика» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып


ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет2/13
Дата09.12.2022
өлшемі412,22 Kb.
#162054
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
osh sor fizika 9-klass kaz
Қазақстан тарихы 2 курс МЕ

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ




«Кинематика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Оқу мақсаттары 9.2.1.1 - материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық
қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану
9.2.1.3 - вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктеу
9.2.1.5 - түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану
9.2.1.13 - дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау


Бағалау критерийі Білім алушы:

  • Материялық нүкте анықтамасын қолданады

  • Вектордың координаталар осіне проекциясын анықтайды, векторды құраушыларға жіктейді

  • Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолданады

  • Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттайды

Орындау уақыты 20 минут


Тапсырмалар


  1. Денені қай жағдайда материялық нүкте деп қарастыруға болатын мысалдарды анықтаңыз.

Қозғалыстағы дене мысалы

иә

жоқ

Жағалаудан алшақтап бара жатқан кеме







Мектеп ауласында ойнап жүрген оқушы







Эскалатормен көтеріліп бара жатқан адам







Жер бетінен ғарышқа қарай ұшып бара жатқан ракета







Жерді айнала қозғалып жүрген жасанды серік







Сынып бөлмесінде жүрген оқушы










  1. Салмағы 1,2 Н болатын шар ауада соңғы жылдамдықпен құлап келеді. Сол жақтан горизонталь бағытта кенеттен пайда болған жел 0,5 Н күшпен шарға әсер етеді. Қай диаграммада шарға әсер ететін қорытқы күш дұрыс көрсетілген?





  1. Денеге горизонталь жазықтыққа 400 бұрыш жасай 7,5 Н күш түсірілген. (sin 400 = 0,64, cos 400 = 0,77)




    1. Күш векторының горизонталь құраушысын анықтаңыз.

    2. Күш векторының вертикаль құраушысын анықтаңыз.




  1. Төмендегі графикте автокөлік жылдамдығы қысқа уақыт аралығында қалай өзгеретіні бейнеленген.




    1. Жолдың әрбір бөлігі сәйкесінше A, B, C, D және E деп белгіленген.

      1. Графиктен автокөліктің тыныштықта тұрған бөлігін анықтап жазыңыз.

      2. Графиктен автокөліктің тұрақты жылдамдықпен қозғалған бөлігін анықтап жазыңыз.

      3. Қозғалыс кезінде автокөлік баяулайды. Автокөліктің жалпы жүрген жолын анықтаңыз.

    2. Автокөлік жылдамдығы 16 м/с-тан 8 м/с-қа дейін 4 секунд ішінде азайды. Дененің үдеуін анықтаңыз.




  1. (a) Дене шеңбер бойымен қозғала отырып, 5 с ішінде 2π радианға тең жол жүрсе, шеңбер радиусын 10 м деп ала отырып, дененің сызықтық жылдамдығын анықтаңыз.

  1. Дене радиусы 4 м шеңбер бойымен 500 см/с жылдамдықпен қозғалады. Анықтаңыз:

    1. айналу периодын;

    2. центре тартқыш үдеуді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет