Физика пәнінен зертханалық жұмыстардың тақырыбы 7 – сынып



бет8/41
Дата10.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#152421
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
Лаборант документ
Математикадан 1, Информатика, Толепбаев
Жұмыстың барысы:



  1. Динамометр көмегімен денеге әрекет ететін Fа ауырлық күшін өлшеңдер.

  2. Мензурканы пайдаланып, дененің Vg көлемін анықтаңдар.

  3. Денені сұйыққа батырған кезде оған әрекет ететін ығыстырушы күшті есептеңдер Fы = Pс gVg.

  4. Fа ауырлық күші мен Fы ығыстырушы күшті салыстыру арқылы тапсырмада қойылған сұраққа жауап беріңдер.

  5. Денені берілген сұйыққа батырып, жауаптарыңды тәжірибе жүзінде тексеріңдер.

  6. Кестені толтырыңдар.




Тәжірибе реті

Сұйық

Fа , Н

Vg, м3

Fы, Н

Fа мен Fы қатысы

Батады, жүзеді немесе қалқып шығады.

1
2
3

Су
Тұзды су
Тұзды су



1,5
1
0,95

13*10-6
9*10-5
1,2*10-4

1,5
0,93
1,3

FA =Fы
FA Fы
FA  Fы

Жүзеді
Батады
Қалқиды.



Қорытынды: Архимед күші мен ауырлық күші арасындағы байланысты тексере отырып, денелердің жүзу шарты орындалуына көз жеткізу.

10 жұмыс.




Көлбеу жазықтықтың ПӘК – ін анықтау.


Ж ұмыстың мақсаты: Денені Һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.


Құрал –жабдықтар: тақтай, динамометр,
өлшеуіш таспа немесе сызғыш, ағаш білеуше,
жылжымалы қысқашы бар штатив.


1 –тапсырма: Денені Һ биіктігіне бір-
қалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.


Жұмыстың барысы: Денені Һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F1 күші А1 жұмысын істейді. А1= F1Һ.
Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретінF күші дененің Р ауырлық күшіне тең : F1= Р.
Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:
1) білеуді көтеретін Һ биіктігін таңдап алыңдар;
2) білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;
3) білеуді Һ биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.
Жұмысты орындау: 1.Білеуді көтеретін биіктікH=40 см=0.4 м
Ауырлық күші F=0,7 Н. Көтергенде істелетін жұмыс А1= F1Һ. =0,7Н*0,4 м=0,28Дж


2 – тапсырма. Денені көлбеу жазықтың бойымен Һ биіктігіне бірқалыпты көтергенде істелетін жұмысты анықтау.


Жұмыстың барысы: Денені жоғарыдағы таңдап алынған
Һ биіктігіне тік көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы L көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге де болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F1 < F2), оның есесіне жолдан ұтыламыз (L>Һ). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2= F2L. «Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1 және А2 жұмыстары бір - біріне тең: А1= А2 немесе F1Һ= F2L. Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2пайдалы А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А21

  1. Тақтайды көлбеу орналастырыңдар(Һбиіктік пен көтерілетін білеу өзгеріссіз қалуы керек);

  2. Көлбеу жазықтықтың L ұзындығын өлшеңдер;

  3. Білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдарда, F2 тарту күшін өлшеңдер;

  4. Білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер.

Жұмысты орындау: 1.Биіктік Һ=40 см=0.4 м
2.Көлбеу жазықтықтың ұзындығы L=65 см =0,65 м
3. F2 тарту күші F2=1,2Н
4.Білеуді көлбеу жазықтықпен көтергенде істелетін жұмыс
А2= F2L =1,2Н*0,65м=0,78 ДЖ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет