Физика сабақтарында оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалану-сапалы білім негізі. Науқанова Назерке Маратқызы



Дата22.08.2017
өлшемі155,27 Kb.
#24517
Физика сабақтарында оқытудың

жаңа әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалану-сапалы білім негізі.

Науқанова Назерке Маратқызы

Қызылорда қаласы,

«Болашақ» медициналық

колледжінің физика пәнінің мұғалімі.
Әлемдік білім деңгейінің басты өлшемі интеллектуалдық әлеует және сапа. Интеллектуалдық әлеует – адами құндылықтар негізінде жүзеге асады.қазіргі зерттеуші ғалымдар еңбектеріне сүйенсек, оларға жататындар: көтеріңкі көңіл күй;академиялық еркіндік;сөз еркіндігі, ойын айту, әртүрлі өзгерістерге төзе алу, ашықтық және тазалық, жауапкершілік; қарым - қатынас мәдениеті;жеке адами қасиеттерді құрметтеу; бастаманы қолдау;еңбек тәртібін сақтау; өз ісіне сенімділік;өз ісіне сыни көзқарас; нәтижеге жету үшін талпыныс.Ал, «сапа» ұғымының мәні кең. Мұның ішінде білім беру сапасына тоқталсақ, күні бүгінге дейін білім сапасын ағымдағы оқу жылының бағалары «жақсы», « өте жақсы» деген ұғымдардың пайыздық көрсеткіштерімен көрсетсек,ендігі сапа - нақты қажеттілікті қанағаттандыратын барлық сипаттамаларының жинақтығын анықтайтын норма деп атайды.(С.Шинков, В. Кальней).Олар «Білім беру сапасы – білім беру үрдісіне қатысушылардың білім беру мекемелері ұсынған, білім беру қызметіне қанағаттану дәрежесі» деп түйіндейді.Қалыптасқан жағдайда сапалық деңгейге жету, соның ішінде «сапаны» әлемдік деңгейге көтеру үшін әуелі педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру қажет. Құзыреттілік, біздің пайымдауымызша, жеке тұлғаның теориялық білімі мен өмірлік тәжірибесіне сай белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы және қабілеті. Құзыреттлік теория мен тәжірибенің бірлігі негізінде жетіледі.

Мұғалімнің ақпараттық –коммуникациялық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе « жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуымен және білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі.Бұл процесті іске асырудағы негізгі құрал компьютер болып табылады. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлау стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді.компьютерлік оқу құралдарын физика сабақтарында пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өзбетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыртастыратын және дамытатын енгізгі буын. Әрбір оқушы өтілген тақырып бойынша алған білімін тексереді, схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады, түрлі ақпараттық анықтамалар алады, сарамандық және тест тапсырмаларын орындайды, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Нәтижесінде , оқушылардың ойлау қабілеті дамиды. Жаңа ақпаратты қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс –әрекетке дайындау. Ол үшін жаңа ақпараттық технолияларды сабақ беру барысында қолдану. Бұл оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, білімді меңгеруінің тиімділігін жоғарылату үшін қолайлы жағдай тудырады. Компьютерді физика сабақтарында қолдану арқылы біренеше кіріктірілген ашық сабақтар, арнаулы тақырыптық кештер өткізілді. Бұл сабақтар оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттырады және оқушының эмоционалды еріктілік қабілеттерін, ішкі мүмкіндіктерін көрсетуіне, материяны терең түсінуіне мүмкіндік береді. Оқушыға мектеп бағдарламасындағы физиканың кез-келген бес негізгі тарауларының бірімен(механика, молекулалық физика, электрлік және магниттік құбылыстар, электромагниттік толқындар және оптика, салыстырмалық теориясы және кванттық физика ) жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрбір тараудан оқушы мынадай мәліметтерді жеңіл түрде таба алады:

1.Тақырыпты формуласымен бірге түсіндіретін мәтіндерді; 2.Тақырыпқа қатысты суреттер мен сызбаларды, графиктерді; 3. Физикалық заңдылықтардың дұрыстығына көз жеткіздіру, формулалардың параметрлерін өзгерту арқылы нәтижесін бірден қадағалау;

4. Физика ғылымының дамуына ерекше үлесін қосқан ұлы ғалымдардың өмірі туралы мәліметтер; 5.Тақырып материалдарын меңгеруге арналған тесттік тапсырмалармен жұмыс; 6.Тақырып бойынша есептер шешуге; 7.Бірліктер жүйесі, негізгі физикалық тұрақтылар, физикалық шамалардың сандық мәндерінің кестесіне қатысты анықтамаларды кез –келген мезетте алуға;

8. Мектеп курсындағы математиканың негізгі формулаларының анықтамасы; 9.Физиканың негізгі формулалары жөнінде кеңес; 10.Калькуляторды шақыру мүмкіндігі;

11. Физика курсы бойынша әрбір тарауға күрделілігі жөнінен үш деңгейге бөлінген қорытынды тесттер мен есептер.

Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламасына сәйкес бекітілген физика пәнін оқытуда ақпараттық технологиялар жетістігінің бірі – электрондық оқулықтар. Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдана білу оқушылардың үйренген білімдерін өз беттерінше қолдана білуге, дүниені аз уақытта танып білуге мүмкіндік береді.

Енді физика пәнінен өткізілген зертханалық сабағымның жоспарын ұсынамын.



Сабақтың тақырыбы: «Бойль-Мариотт заңын тәжірибе жүзінде бақылау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың изопроцестер тақырыбы бойынша білімдерін тексеріп,

бір жүйеге келтіру.



Тәрбиелік: Болашақ маман ретінде физика пәнінің маңыздылығына көз жеткізу, ұғындыру,

сүйіспеншілік сезіміне, имандылдыққа тәрбиелеу. Жауапкершілік, іскерлік,

тиянақтылыққа баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту,

графикалық ебдейлік дағдыларын дамыту.



Сабақтың түрі: зертханалық

Сабақтың типі: теориялық білімді бекіту

Сабақтың әдісі: бағыт-бағдар бере отырып түсіндіру, миға шабуыл, ой қорыту,

пропорциялық тест, ойын әдістері.



Көрнекі құралдар және техникалық жабдықтар: компьютерлік /Active Studio, MS Word, Activote/ бағдарламалары, оқу құралдары, кестелер, сөзжұмбақ, тест, электрондық оқулықтар.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта,GLX-приборы, Absolute Pressure Temperature

сенсоры, шприц, USB шнур.



Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Г.Я.Мякишев. Б.Б.Буховцев «Физика-10»

2. А.П.Рымкевич «Физика есептер жинағы»

3. Тестер жинағы

Сабақтың құрылымы

р/с

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

2

Үй жұмысын сұрау

20 мин

3

Оқушыларды бағалау

1 мин

4

Зертханалық жұмыс жасау

45 мин

5

Бекіту кезеңі

15 мин

6

Сабақты қорыту

3 мин

7

Үйге тапсырма

2 мин

7

Оқушыларды бағалау

2 мин


Сабақтың өткізілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин.

1. Оқытушының оқушылармен сәлемдесуі.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3. Дәрісхананың тазалығына, сабаққа дайындығына назар адару.

Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Бойль-Мариотт заңын тәжірибе жүзінде тексеру».

Маған айтсан мен ұмыстып кетемін,

Көрсетсен мен есте сақтармын,

Маған әрекет етуге мүмкіндік берсен мен үйренемін.



Конфуций.

Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, өткендегі тақырыпқа шолу жасайық.

Өткен сабақта өткен тақырыбымыз: «Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер»

ІІ. Өткен тақырып бойынша оқушылар білімін тексеру – 20 мин.

Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі ол ойын түрінде өтеді.



Ойын «Білімдіге нұр жауар» деп аталады.

Ойын мынадай кезеңдерден тұрады:

1. Пропорциялық байқау сұрақтары.

2. «Кім жылдам» есептер шығару сайысы.

3. «Орнын тап» ойыны

4. Сөзжұмбақ «Газ»

Біз бүгінгі сабағымызда үш топқа бөлініп, топ бойынша жұмыс жасаймыз.

Сондықтан топқа ат қоямыз. 1-топ «Қысым», 2-топ «Көлем», 3-топ «Температура»

1.Пропорциялық байқау сұрақтары.

СҰРАҚТАР

ЖАУАПТАР

1. Идеал газ

А) Газдың бір параметрінің мәні тағайындалып, қалған екі мән арасындағы сандық тәуелділікті айқындайтын процестер.

2. Идеал газ күйінің теңдеуі не үшін керек.

Ә) Қысым тұрақты болғанда термодинамикалық жүйе күінің өзгеруі

3. Изопроцестер

Б) Молекулалар арасындағы өзарар әсері өте әлсіз болатын газ

4. Изотермиялық процесс

В) Жүйе жұмыс істеп тұрса, оның күйі қалай өзгеретінін айтуға болады.

5. Изобаралық процесс

Г) Көлем тұрақты болғанда термодинамикалықжүйе күйінің өзгеру процесі

6. Изохоралық процесс

Д) Температура тұрақты болғанда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі.

2. Авторы А.П.Рымкевич Есептер жинақ кітабынан №488, №492, №497 есептерді шығару



3. «Орнын тап» ойыны.

Формуласы

Атауы



МКТ-ң негізгі теңдеуі.



Менделеев-Клапейрон теңдеуі



Клапейрон теңдеуі

4. Сөзжұмбақ «Газ»


А

В

О

Г

А

Д

Р

О




Ш

А

Р

Л

Ь




Б

Л

Е

З




  1. Бір моль мөлшерде кездесетін атомдар санын кім анықтады.

  2. Изохоралық процес заңын ашқан физик.

  3. Қысымның өлшем бірлігі ретінде алынған физик аты.

ІІІ. Негізгі кезең – 45 мин

Нұсқау картасы бойынша қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіру.

GLX-құралымен жұмыс жасау ережелерін көрсетіп, бағыт-бағдар беру.

Жұмыс жасауға уақыт беру.



IV. Бекіту кезеңі. – 15 мин

Тест тапсырмасына жауап алу.

  1. Макроскопиялық денелердің күйін сипаттайтын параметрлер.

А)қысым, көлем, температура

Б) қысым, молекула

В) термодинамикалық параметрлер


  1. Денелер жүйесінің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама

А) молекула саны

Б) температура

В) қысым


  1. Қысым өзгермегенде көлемі нөлге ұмтылатын шектік температура қалай аталады?

А) абсолюттік температура

Б) шектік температура

В) температураның абсолюттік нөлі


  1. Т=t+273 формула мәні неде?

А) абсолют температура мен Цельсий шкаласының байланысы

Б) Фарангейт пен Цельсий шкаласының байланысы

В) энергетикалық температура мен абсолют температура байланысы


  1. График бойынша қисық сызықты тәуелділік не деп аталады?

А) изобара

Б) изотерма

В) изохора


  1. График бойынша гипербола сызығы не деп аталады?

А) изобара

Б) изотерма

В) изохора


  1. График бойынша қисық сызықты тәуелділік не деп аталады?

А) изобара

Б) изотерма

В) изохора

8. Қысымның өлшем бірлігін көрсетіңіз:

А) Паскаль

В) Кельвин

С) Джоуль

9.Ашық ыдыстағы судың қайнау температурасы 1000С, егер суды геметикалық жабық ыдыста қыздырса қайнау температурасы қалай өзгереді:

А) Ыдыс жарылып кетеді

В) Өзгермейді

Е) Өседі
10. Қатты денелердің булану процесі қалай аталады:

А) Сублимация

Д) Қайнау

E) Балқу


V. Қорытынды – 3 мин

Үш топқа тапсырма?



Не білдің? Не көрдің? Не үйрендің?
VI. Үйге тапсырма.

  1. «Қысым», «Көлем», «Температура» сөздеріне сөзжұмбақ құрау.

  2. №489, №493, №498 есептерді шығару.

  3. Реферат «Газ қасиеті».

VII. Оқушыларды бағалау.

Рейтинг бойынша бағалау. Әр топ өз өзін бағалайды.



р/с

Оқушының аты-жөні

Ойын тапсырмасын бағалау

Зертханалық жұмысты бағалау

Тест тапсырмасын бағалау

Қорытынды бағасы

1

2

3

4

5

6


















НҰСҚАУ КАРТАСЫ

Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Бойль-Мариотт заңын тәжірибе жүзінде анықтау


Мақсаты: Бойль-Мариотт заңын практиалық тұрғыда тексеріп, маңызын анықтау.

Құрал-жабдықтар: GLX-приборы, Absolute Pressure Temperature сенсоры,

шпирц, USB шнур.


І. Лабораториялық жұмысқа дайындық

GLX-приборын ток көзіне жалғаңыз.



  • батырмасын шертіп «Settings» менюіне барып V- батырмасын шертіңіз.

↕-Батырмалар арқылы «Language»- командасына келіп, V- батырмасын шертіп «русский язык» менюін таңдаңыз. V- командасын басып- F1-шертіңіз.
ІІ. Жұмыс барысы

1. - Басып Absolute Pressure Temperature –сенсорын GLX- портына жалғаңыз.

2. GLX-ке шпирц жалғаңыз. Шпирцтегі қажетті ауа көлемін таңдаңыз.(24-20мл)

3. – басыңыз, Ғ4→Ғ1 басып, «Руководство» → V(ОК) батырмасын басыңыз.

4. «Названия измерения» қатарына V- басып «көлем» сөзін енгізіңіз, V-басыңыз. «Устройство измерения» қатарына V- «мл» сөзін енгізіп, V-басу арқылы, Ғ1-шертіңіз.

5. → Ғ1-V→төменгі ↕-басу арқылы V- батырмасы арқылы «көлем» сөзін таңдаңыз.

6. – Ғ2- өлшеуді бастаймыз. 24 мл таңдап, Пуск батырмасын шертіп, абсолюттік қысым мәні шыққаннан кейін, «Флажок» батырмасын шертіп, көлемге – «24»-деп енгізіңіз. Ғ1-шертіңіз

7. Шпирцтегі ауа көлемінің мәнін 22-ге әкеліп, «Флажок» басу арқылы «22» деп теріңіз.Ғ1-ді шертіңіз. Тағы сол сияқты 20,18,16 мәндерін енгізіңіз.

8. «Пуск» батырмасын шертіп өлшеуді тоқтатыңыз. → Ғ1-шерту арқылы экрандағы график бойынша қысымның көлемге қатысты өзгеруін түсіндіріңіз.
ІІІ. Қорытынды

Алынған график бойынша қысым мен көлемнің өзгеруіне сипаттама бер. Бойль-Мариотт заңын қорытып бер.


ІV. Бақылау сұрақтары.

  1. Изопроцесс дегеніміз не?

  2. Тұрақты температурада егер газ қысымы 2 есе азайса, көлемі қалай өзгереді.

  3. Қысым мен көлемнің кез келген екі мәнін алып, Бойль Мариотт заңын тексеріп көр.

P1V1=P2V2

Рейтинг бойынша бағалау.



р/с

Оқушының аты-жөні

Ойын тапсырмасын бағалау

Зертханалық жұмысты бағалау

Тест тапсырмасын бағалау

Қорытынды бағасы

1

2

3

4

5

6



































































































































































Ендеше шәкіртерге терең де сапалы білім беруде жаңа технологияларды меңгеріп, құзертілігін дамытып, өз тәжірибемізде шеберлікпен қолдану – біздің басты міндетіміз. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасыр білімді халықтың ғасыры болады....» деп сенім артады. Сол сенімнің кілті білікті де, білімді ұстаздар қауымының қолында екенін бір сәтте естен шығармауымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Білім беру жүйесін 2010-2015 жылдарға дейін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы. 2. Қазақстан мектебі журналы №11.2010 ж 3. Физика және астрономия журналы

4. Физика және астрономия 9 сынып. «Мектеп» баспасы 2005ж.

5.«ХХІ ғасыр оқытудың жаңа технологиясы» М.Жанпейісова



6.Ақпараттық-компьютерлік технологиялардың болашақ мұғалімдерді даярлаудағы рөлі. //Қазақстан жоғары мектебі. – Алматы, 2010

7.Иманбекова  Б,  Әбдіреймова К, Мазаржанова Қ. «Сабақ – оқытудың      негізгі формасы». Алматы, 2003 жыл.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет