Физикалық сәттіліктің



бет1/2
Дата13.02.2017
өлшемі0,71 Mb.
#9234
  1   2
Кіріспе
Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан – 2030" жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын [1].

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында: Қазақстан Республика Ата заңы, "Білім туралы" Заңында, "Білім" атты мемлекеттік бағдарламада жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша белсенді іс-шаралардың қажеттігі мен мемлекеттік маңызды басымдылық ретінде көрсетілетіндігі жайдан емес.

Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады. Ал Г.С.Акиева, Г.Д.Алимжанова, А.В.Ахаев, Е.Д.Даленов, А.С.Иманғалиев, Ж.О.Жилбаев, т.б. бұл мәселені тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сәттілігіне байланысты қарастырады [2-5].

Денсаулық дегеніміз – аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық шынығудың белгілі бір деңгейі, психикалық және физикалық сәттіліктің негізі.

Денсаулықты сақтау мен қайта қалпына келтіру әр адамның өзіне байланысты. Ол оған әрекеттенгенде ғана (өз балаларын да үйрету қажет) жетеді. Жасалатын әрекет саналы түрде, өз сұранысын қанағаттандыру үшін жасалу қажет. Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтына оң ықыластың болғаны жөн. Бұл ретте оқушы тұлғасы ең құнды дүние болып табылады.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығы 52% оның өмір сүру тәртібі мен жағдайына байланысты екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізген нәтижесі бойынша 44,8% балалардың ауру екендігі, олардың ішінде 35%-ы үнемі дәрігерлік бақылауда болу керектігін көрсетті [6].

БҰҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша денсаулық дегеніміз – адамның дене бітімінің кемістігінің жоқтығы мен аурулардың болмауы ғана емес, оның физикалық, рухани және әлеуметтік жағдайының сәтті болуы.

Денсаулықты сақтау мектептің оқу үрдісінің бір нышаны болып келеді. Ол денсаулық сақтау технологияларында, денсаулық сақтау ортасын құруда, мұғалімдердің оқушының денсаулық мәдениетін қалыптастыру мақсатында медицина қызметкерлерімен, әлеуметтік педагог, психологтармен бірлескен әрекеттерінде көрініс беруде. Десек те, мұғалімдер денсаулық сақтау технологияларын үнемі қолданбайды. Оқушыларда өз денсаулығына деген аса қамқорлық қалыптаспаған, көпшілігінің денсаулықты сақтау туралы білімдері төмен, өз денсаулығын сақтаудың қарапайым біліктері мен дағдылары қалыптаспаған.

Соңғы кезде денсаулықты қалыптастыру факторының ең негізгісі салауатты өмір салты екендігін көптеген педагогикалық, психофизиологиялық, медициналық зерттеулерде, атап айтсақ Р.И.Айзман, В.Ф.Базарный, И.И.Брехман, Э.Н.Вайнер, Э.М.Казин, В.В.Колбанов, А.Г.Комков, Г.А.Кураев, Ю.П.Лисицын, Н.К.Смирнов [7-10], т.б. ғалымдардың еңбектерінде атап көрсетіледі.

Денсаулық мәселелері ғылыми әдебиеттерде кең қарастырылған. Адам денсаулығына байланысты фундаменталды мәселелер Н.М.Амосов, П.К.Анохин, Г.А.Апанасенко, К.И.Адамбеков, Р.М.Баевский, И.И.Брехман, В.П.Казначеев, Э.М.Казин, Г.А.Кураев, Ю.П.Шорин, А.Г.Шурина, [11-13] т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Денсаулықтың жоқтығы адамның өмір сүру әдебіне байланысты, денсаулықтың құнын санат түрде қабылдамайды, сондықтан да сәтсіздікке ұшырайды. Денсаулықты бұл тұрғыда талқылау ашық ақпараттық – профилактикалық мәселеден санитарлық – гигиеналық, әлеуметтік – медициналық, психофизиологиялық факторлары ескерілген оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды қарастыратын педагогикалық мәселеге айналады. Денсаулық мәселелерін білім беру жүйесінде қарастырған ғалымдар: Р.И.Айзман, Е.А.Бабенкова, М.М.Безруких, Г.К.Зайцев, Н.А.Заруба, В.В.Колбанов, О.А.Никифорова, Н.К.Смирнов, В.Д.Сонькин, Л.Г.Татарникова, В.И.Ярославцева.

Денсаулық ұғымының мұғалімдер мен оқушылардың денсаулығына байланысты қатынасының маңызы зор, себебі білім беру мекемелері баланы әлеуметтендіру бойынша маңызды буын, ол жерде өзге де құндылықтармен бірге, денсаулықтың құндылығын игереді, өз денсаулығы мен өзге қоршаған адамдар денсаулығын сақтау мотивін қалыптастырады.

Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі оқушылардың денсаулық жағдайына орай, білім берудің денсаулық сақтауын парадигмасын жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Денсаулық сақтаушы білім беру жүйесі білім беру мекемелерінде оқушының денсаулығын сақтау мен дамытуды қамтамасыз ететін қолайлы денсаулық сақтау ортасын құруды талап етеді. Оқушының оқу мен тәрбиесін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру дегеніміз - оқушының рухани және физикалық сәтті жағдайын қорғауға бағытталған психо-педагогикалық және санитарлық-гигиеналық негіздеріне сүйенген салауатты өмір салтының принциптерін жүзеге асыру.

Оқу үрдісін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру оқушыда денсаулықты сақтау мен нығайтуға тұрақты сұранысты тудырады. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерде оқушы денсаулығын сақтау мәселесінің өзекті екендігін көрсетеді. Еліміздің әр аймағында жүргізілген оқушы денсаулығы жағдайына жасалған талдау мәліметтері мектеп бітіргенге дейін дені сау балалардың көрсеткіші төмендей беретіндігін көрсетті, оның себебі оқушы үшін қолайлы жағдай жасалмайтындығы мен мектеп басшысы мен мұғалімдердің оқушы денсаулығына аса мән бермейтіндігін айтады.

Мәселенің шешу жолдары ретінде М.Б.Антропов, И.А.Аршавский, Н.Д.Гравская, С.П.Летунов, Р.Е.Мотылянская, В.П.Филин, Н.А.Фомин, т.б. ғалымдардың еңбектерінде мектептегі сауықтыру мен алдын алу жұмыстарының медициналық, биологиялық, гигиеналық бағыттары қарастырылған.

Әдебиеттерге жолдау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу үшін мазмұны мен тұжырымдамалық негізіне маңызды өзгерістер жасауы керектігі байқалады. Осы себепті де мәдениеттің барлық байлығын меңгерген, үйлесімді, адамгершілікті, өз қызығушылығын мемлекет мүддесімен ұштастыра алатын тұлға тәрбиелейтін ізгілікті мектеп құру көздейді. Осы бағыттағы жаңашылдықтар оқушы денсаулығын сақтайтын, нығайтатын және дамытатын, ұжым алдында тұлғаның мүддесін қорғайтын, ынтымақтастық педагогикасы арқылы дамитын болады.

Сондай-ақ әдебиеттерге талдау дені сау ұрпақ тәрбиелеуде әлеуметтік орта сұранысы мен жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары денсаулық сақтау жүйесі жасалмағаны арасында қайшылықтар бар екендігін көрсетеді. Бұл қайшылықты жою үшін мәселені шешу жолын өзгерту қажет: оқытудың денсаулық сақтау технологияларын ендіру. Мәселенің шешімі табылмауы себепті, қоғамның сұранысы мен денсаулық сақтау технологияларын ендіретін ғылыми негізделген бастауыш сынып әдістемесі жоқтығы, арасында қайшылық бар. Осы мәселеге орай, дипломдық жұмыстың тақырыбы: "Бастауыш мектеп жағдайында денсаулық сақтау технологияларын қолданудың ерекшеліктері" деп анықталады.

Зерттеу мақсаты: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын ендіруді теориялық негіздеу және оларды ендіру жолдарын көрсету.

Зерттеу нысаны: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын ендіру жолдары

Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда денсаулық сақтау технологияларын қолдану:

а) оқушылардың денсаулығының жалпы жағдайын жақсаруына алып келеді;

ә) оқушылардың салауатты өмір сүруге сұранысы мен құндылықтық бағытталуын ынталандырады;

б) мектепте және мектептен кейінде салауатты өмір сүрудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жағдайын қамтамасыз етеді.

Зерттеу мақсаты мен жетекші идеясына жету үшін мынадай міндеттер белгіленеді:


  1. Психо-педагогикалық әдебиеттер мен мектеп жұмысын талдай отырып, оқу мекемелерінде денсаулық сақтау ортасын құрудың негізі жолдарын анықтау;

  2. Бастауыш сыныптағы әрбір оқушының дені сау болып, толыққанды білім алуы мен дамуын қамтамасыз ететін оқушы әрекетін ұйымдастырудың жағдайын анықтау;

  3. Бастауыш мектеп оқушыларына арналған денсаулық сақтау технологиясын ендірудің тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеудің әлеуметтік негізін "денсаулық", "денсаулық сақтаушы орта", "денсаулық сақтау технологиялары" ұғымдарының мәнін философиялық, психологиялық, медициналық және педагогикалық аспектері бойынша теориялық негізін ашу; тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту туралы ілім немесе тұлғалыққа бағытталған әрекет теориясы; жүйелік-тұтастық теориясы тұрғысынан, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы құрайды.

Алға қойылған міндеттер мен ұсынылған болжамдарды тексеру үшін зерттеудің мынадай әдістері қолданылды: теориялық – зерттеу мәселесін философиялық, психо – педагогикалық, әлеуметтік, тарихи, медициналық әдебиеттерде, ресми құжаттарда берілуін талдау және зерттеу; эмпирикалық – бақылау, әңгімелесу, сауалнама алу, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің озық іс-тәжірибесін зерттеу және жинақтау, мектеп құжаттарын зерттеу, педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және өткізу.



Зерттеу базасы: Шымкент қаласының №38 мектеп-гимназиясы. Тәжірибелік жұмыстың әр түріне 4 бастауыш сынып мұғалімдері, 48 оқушы қатысты.


І. Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары

1.1. Денсаулық сақтау педагогикасы, денсаулық сақтау технологиялары туралы түсінік
Қазақстан Республикасының бүгінгі күнгі білім беру тұжырымдамасы мен білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарындағы оқыту үрдісінің педагогикалық технологиялары ретінде және денсаулықты сақтауды ұйымдастырудағы жаңалық ретінде оқу - тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологиялары енгізілуде. Оқыту мазмұнына жаңалық ендіру оқу үрдісіне қатысушылардан үлкен күш пен еңбекті талап ететін үрдіс. Ол өз кезегінде физиологиялық шаршау мен психоэмоциялық артық жүктеме түріндегі ағзаның функционалдық ахуалының әр түрлі ауытқуларын тудырады. Сол себепті де оқушыларда созылмалы аурулар, психиканың бұзылуы және стресстік жағдайлар көп болады. Сондықтан болар арнайы мамандандырылған мектептерде жалпы білім беретін мектептерге қарағанда оқушылар көп ауырады [6, 12].

Педагогика ғылымына «технология» ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдарында ене бастады [14, 15]. Қазіргі уақытта «технология» ұғымына бастапқы затты түрлендіріп күтілген параметрлерді алу үшін қажетті әдістердің жиынтығы деп түсінік береді. Денсаулық сақтау технологияларында күтілетін параметрге адамның (бала, жасөспірім, ересек адам) физикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайының сәтті болуы жатады. Ал педагогикалық технологиялар күтілген параметрлерге жетуді жеңілдететін біршама талаптарға жауап береді. Технологиялардың негізгі ерекшелігі соңғы нәтижені алдын - ала болжай алады.

Технологияда мақсат негізгі компонент ретінде қаралады және оған жету деңгейін анықтай алады. Технология алға қойылған мақсатқа жетудің барабар құралдарын қолдана отырып, оқу - тәрбие үрдісінің құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Барабарлық (адекваттық) дегенді педагогикалық технологиялардың оқушылардың жас ерекшелігіне, олардың физикалық, психоэмоциялық жай - күйіне сәйкес келуі деп түсіну керек. Сонымен бірге қалыптасқан педагогикалық жағдайға педагогикалық технология қолданатын денсаулық сақтау тәсілдерінің сәйкес келуі.

Соңғы кезде дәстүрлі сыныптық-сабақ жүйесінде оқу үрдісін ұйымдастырудың кейбір жақтарының кемшіл тұстары ашылуда. Сол себепті де оқытудың тиімділігін арттыратын қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды іздеп табу аса маңызды міндеттердің бірі.

Технология дегеніміз - білім беру үрдісіне қажетті әдіс - тәсілдер жүйесі және техникалық және адами ресурстарды пайдалана отырып оқытуды жетілдіре отырып білімді меңгерту.

Білім беру технологияларының жіктелуінде «денсаулық сақтау технологиялары» деген ұғым жоқ. Себебі, ол нақты бір технология түрінде болмайды. Десек те, «денсаулық сақтау технологиясы» ұғымы білім беру мекемесінің оқушы денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту бағытындағы барлық жұмыстарын біріктіреді [16].

Бүгінгі мектептің мақсаты - оқушыны өмірге дайындау. Оқушының мектепте алған білімі - оның болашақ өміріне қажетті, қолданылатын білім болуы қажет. Бұл мақсатқа оқушы мен мұғалім денсаулығын көздейтін оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін жинақтаған денсаулық сақтау педагогикасы арқылы жете алады. Мұғалім педагогиканың соңғы жаңалықтарын біле отырып, оқушы, ата - ана, медицина қызметкерлері мен өз әріптестерімен бірлесе отырып, өз жұмысын бүкіл педагогикалық үрдістің қатысушылары денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағыттап жоспарлайды.

Денсаулық технологиясы деген бірегей технология жол. Ол тек білім беру үрдісінің міндеттерінің бірі ретінде көрінуі мүмкін. Ол оқу үрдісінің медицина-гигиеналық бағыты (педагог - медицина қызметкері - оқушының тығыз байланысы жүзеге асатын), дене шынықтыру - сауықтыру бағыты (дене шынықтыру сабақтарына ерекше назар аударатын), экологиялық (табиғатпен үйлесімді қарым-қатынас жасау) және тағы басқа да болуы мүмкін. Тек оқытуды кешенді түрде қарастырғанда ғана оқушы денсаулығын қалыптастыру мен нығайту міндеттері шешілуі мүмкін [7,3].

Денсаулық сақтау технологиялары көптеген педагогтарға белгілі психологиялық - педагогикалық әдіс - тәсілдер, технологияларды, мәселені шешу жолдарын жинақтайды және соған қоса мұғалімнің өзін-өзі үнемі жетілдіруге ұмтылысы қажет.

Сауықтыру педагогикасының негізгі артықшылықтары мынада:



  • дені сау бала - практика жүзінде жетуге болатын бала дамуы;

  • сауықтыру дегеніміз емдеу - профилактикалық шаралардың жиынтығы емес, баланың психофизиологиялық мүмкіндігін дамыту формасы;

  • жеке-дара саралап оқыту дегеніміз - оқушыны сауықтыра дамыту жұмыстарының негізгі құралы [7,23].

Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты - оқушының мектепте

жүрген кезінде денсаулығын сақтау, оның денсаулығын сақтау туралы білім, білігі мен дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін қолдана білуге үйрету. Барлық денсаулық сақтау технологияларының негізгі ерекшеліктері - оқушылар денсаулығын үнемі экспресс - диагностикадан өткізіп, бақылап отыру және ағзаның қалыпты дамуын бақылап, оқушы денсаулығы туралы қажетті қорытындылар (оқу жылының басы мен аяғында) жасап отырады.

Кез-келген білім мекемелерінің негізгі қызметі денсаулық сақтау технологиялары негізінде оқушыны салауатты өмір сүруге дайындау [16,20].

Сонымен денсаулық сақтау технологияларын ендірудегі мақсат - денсаулық сақтау жөніндегі мұғалімнің білімін жетілдіру, оқушының дене шынықтыру жаттығулары мен салауатты өмір сүру салтының денсаулық сақтауды ұйымдастыру - сауықтыру әдістемесін жетілдіру.

Денсаулық сақтау технологиясы мұғалімнен .үлкен кәсіби біліктілікті (оның білімі, білігі, мәдениеті, оқушыға деген ізгілікті қарым - қатынасы, оқытудың жеке тұлғалыққа бағытталған жүйесінде жұмыс істей білуі) қажет етеді. Мақсатқа жету мен оң нәтиже алу үшін технологиялық амалдар мен денсаулық сақтаушы әрекеттер жасалу қажет.

Денсаулық сақтау технологияларын талдау жасаудың мақсаты - пәнінің мазмұнын игертуге қажетті психологиялық қабілеттердің кешенін анықтау. Оқушының сенсомоторлы, перцептивті, интеллектуальды (көрнекі - образды) және эмоциялық, қызмет түрі пәнді игеру кезінде өзгеріске түседі: мақсат мотивке, амал - әрекетке айналуы мүмкін. Сондықтан негізгі және өзгерген түрдегі әрекеттерді ажырата білу керек [17,18].

Денсаулық сақтау технологияларының жалпы құрылымы мен жүргізілу барысын біле отырып, денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерін шешуді жүзеге асыруымыз қажет. Бұл денсаулық сақтау технологияларының маңызды бірінші қадамы деп ойлауға болады. Екінші қадам оқушы мен педагог арасында сенімді қарым-қатынас орнату деп түсіну қажет, яғни оқушыны технологияның субъектісі деп қарау қажет.

Бұл жерде мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы тек мәлімет алмасу ғана деп түсінбеу керек. Оқушыны «мен» тұрғысында дамыту сапалы даму деңгейін береді, осы тұрғыда дамыту оны нағыз субъект ретінде дамуын көздейді.

Қазіргі заман мұғалімі денсаулық сақтау жүйесіндегі мектепте жұмыс істеу үшін әдістемелік дағды мен технологиялық біліктіліктің «педагогикалық минимум» деңгейімен қамтамасыз етілуі қажет. Оқушыларға денсаулық сақтаудың негіздерін білдіре отырып, салауатты өмір сүруге қызығушылығы мен сұранысын туғызу қажет [19].

Демек, денсаулық сақтау технологиялары дегенде оқу - тәрбие үрдісінде ұтымды пайдаланып жүрген, педагогикалық ұжым меңгерген оқушы мен олардың ата - аналар үшін оқытуда және күнделікті тұрмыста пайдалану деп түсіну керек.



Оқу - тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын жасау мен ендіруде ғалымдар мынадай бағыттарды ерекше көрсетеді:

а/ оқушы ағзасын шынықтыруға негізделген оқу пәндерін тереңдетуге технологиялық жоспарлар жасау;

б/ оқушы қатысатын дене шынықтыру, спорттық секция мен мектептен тыс спорттық ұйымдардағы денсаулық сақтау компоненттерін жетілдіру;

в/ оқытудың мазмұнын оқушы денсаулығын сақтау технологияларына бейімдеу (оқушының дем алысын, денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған жаңа режимде жұмыс жасау, оқушылардың дұрыс тамақтануы, витаминді тамақтануы, дәрігерлік - гигиеналық қамсыздандыру)

г/ оқушының ортасы мен мектептің медико-биологиялық ресурстарын денсаулық сақтау мақсатында тиімді қолдану.

Мұғалімнің алдында жеке - тұлғалық ерекшеліктері бойынша әр түрлі құрамды оқушылар болады. Олардың әр бірінің деңгейіне сәйкес оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру мұғалімнен үлкен психологиялық - педагогикалық, кәсіби - педагогикалық біліктілікті қажет етеді.

Қазіргі заманғы адамға жалпы мәдениеттік маңызы бар қасиеттер қажет. Қазіргі тұлғада жүйелі ойлана алу, өз білімін өзі толтыра алу, оны өзі мен өзгенің қажетіне жұмсай білу сияқты қасиеттер қажет немесе Әл-Фараби сөзімен айтқанда «Тәрбиесіз берілген білім - әлемді бүлдіреді».

Қазіргі заманғы білім беру жалпы мәдениеттілік деңгейге жетуді ізгілікті оқыту арқылы жүзеге асыруға болады деп ойластырады. Ізгілікті тұрғыдан оқыту дегеніміз - әрбір адам бірін-бірі қайталамайтын жеке тұлға, оның өз өмір жолын таңдауға еркі бар, өзінің табиғи қабілеттерін дамытуға құқығы бар, өзінің «мені» бар. Өз қызығушылығы мен сұранысы және мақсаттары бар деп қарау қажет. Оқыту жүйесі тұлғаның еркін дамуымен, оның физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық, моральдық-еріктік және құндылық қабілеттерінің үйлесімді дамуы үшін бүкіл адамзат цивилизациясының мәдени жетістіктері негізінде дамуы жүзеге асу үшін жағдай жасайды.

Ізгілікті оқыту принципі жүзеге асу үшін оқу-тәрбие үрдісі жеке-тұлғалыққа бағытталуы қажет. Бұл деген сөз әрбір оқушының табиғи болмысы, жеке қабілет ерекшелігі, қызығушылығы мен сұраныстары мен икемділіктері негізінде білім берудегі жетістігі қамтамасыз етілуі қажет. Мұның мәнін американдық психолог Джон Дьюи сөзімен айтсақ: «Бала барлық нәрсенің орталығы, басы және соңы». Бұндай оқытуды жүйесімен қамтамасыз ету үшін, бір жағы оқушының тұлғалық параметрлерін дамыту, екінші жағынан оқытудың балама форма, әдіс, бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін дамыту керек. Ол үшін оқу мекемелерінің оқу жоспарының жылжымалы бөлігін дамыту қажет.

Денсаулық сақтау технологияларының негізгі міндеті - оқушының еңбегі мен демалыс режимін ұйымдастыру, оқушының бүкіл оқу үрдісі барысында қажуы мен зорығуының алдын алу үшін жағдай жасау. Олардың алдын алу шаралары туралы сөз ету үшін жұмысқабілеттілік, қажу, зорығу ұғымдарына түсінік беріп өтелік [20-23].



Жұмысқабілеттілік дегеніміз - адамның өз күшін аз шығын жасай отырып, берілген жұмысты сапалы, әрі тиімді орындай білу қабілеті.

Оқу үрдісі барысында жұмысқабілеттілік белгілі бір заңдылыққа сүйенген толқынды өзгеріске түседі. Сабақ басында оқушының жұмысқа қабілеттілігі аса жоғары болмайды, ол біртіндеп көтеріледі. Бұл кезең ену фазасы деп аталады. Бұл кезеңде біріншіден, іс-әрекетті жүйелік және гуморалдық басқаруға дайындау, екіншіден, біртіндеп іс-әрекеттердің стреотипінің қалыптасуы, үшіншіден вегативті қызметтің қажетті деңгейге жетуі жүзеге асады. Балаларда үлкендерге қарағанда ену фазасы әлдеқайда қысқа немесе жылдам өтеді, бұл олардағы жүйке жүйесінің қозуының жоғарлығы мен функционалды белсенділігімен түсіндіріледі [20].

Ену фазасынан соң, тиімді тұрақты жұмысқабілеттілік фазасы келеді, бұл кезеңде оқушылар өнімді, әрі сапалы жұмыс істей бастайды. Дегенмен бұл кезеңнің ұзақтығы алғашқы кезеңдегі сияқты әр баланың жас ерекшелігіне, денсаулық жағдайына, шынығу деңгейіне байланысты әртүрлі болады. Сонан соң жұмысқабілеттілік біртіндеп төмендейді де қажу дами бастайды. Бірақ оқу әрекетінің соңында (егер ол белгілі болса) жұмысқабілеттілік аз ғана, қысқа мерзімге көтеріледі. Егер қандай да бір себептермен жұмыс нәтижесі күтілгендей болмаса, жұмысқабілеттілік өте төмен түсуі мүмкін [21].

Қажу үрдісі дегеніміз - жұмысты орындау барысында ағзада болатын өзгерістер жиынтығы, ол біртіндеп жұмыстың тоқтатылуына алып келеді. Қажу жағдайын шаршау арқылы сезілетін жұмысқабілеттіліктің төмендеуімен сипаттауға болады. Қажу кезінде адам талап етілетін белсенділік пен жұмыс сапасын көрсете алмайды немесе жалғастырудан бас тартады.

Қажудың биологиялық рөлінің маңызы зор. Біріншіден, ағзаны өте ұзақ және аса қиын жұмыс кезінде арып-аршудан қорғайды. Екіншіден, қажудың шыңына жеткізбей қайталануы ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін көтеру құралы болып табылады [22].

Сонымен қажу адамның жұмысқа қабілеттілігінің уақытша төмендеуі мен оның физиологиялық күйін анықтайтын болса, зорығу дегеніміз - жұмысқа қабілеттіліктің ұзақ және терең төмендеуі, ағзаның өмір қажеттілігін қамтамасыз ететін әрекеттерінің бұзылуы, оны қалпына келтіру үшін ұзақ дем алу, тіптен кейбір жағдайларда емдеу шараларын қолдану керек болады. Басқаша айтқанда зорығу дегеніміз ағзаның физиологиялық күйі емес, патологиясы [23].

Осыған орай денсаулық сақтау технологияларының ең негізгі міндеті - оқушының еңбегі мен демалысын ұйымдастыру кезінде оның жұмысқа қабілеттілігінің оқу сабағының барысында (мейлі ол бір сабақ, бір күн, апта, тоқсан, жарты жыл, жыл, мектепте оқыған бүкіл мерзім де) жоғары болуы, қажудың алдын-алу, зорығуды мүлдем болдырмау.

Қажу да, зорығу да үлкендерге қарағанда балаларда тез болады, бұл олардың жүйке жүйесінің ерекшелігімен түсіндіріледі. Бастауыш сынып оқушыларының қажу себептерінің орта және жоғары сынып оқушыларына қарағанда өзгешелігі бар. Осыған орай А.А.Никольской бала дамуының мынадай жалпы жағдайларын бөліп көрсетеді:


  • даму жаймен және біртіндеп жүзеге асады;

  • эмоционалдық, ақыл - ой, ерік әрекеттері арасында қандай байланыс болса, рухани даму мен физикалық даму арасында да тығыз байланыс бар. Сол себепті оқу мен тәрбиені қаншалықты дұрыс ұйымдастырса, соншалықты үйлесімді, жан - жақты даму жүзеге асады;

  • даму үрдісі кезінде психологиялық әрекеттің барлық бағыты бір мезгілде қатыспайды және олардың даму жылдамдығы мен энергиясы біркелкі емес: даму орташа болып немесе әртүрлі себептермен жылдамдауы мүмкін;

  • бала дамуын жасанды жылдамдатуға болмайды, әр жас кезеңіне тән «өз күшін толық жұмсау» қажет.

Бұл міндетті бағдарламалық - нормативтік деңгейде бастап, бір сабақты

өтуге дейін, яғни барлық деңгейде денсаулық сақтау педагогикасы қолданатын технологиялар арқылы шешу мүмкін.

Денсаулық сақтау технологиялары мақсаттары қоғам сұранысын ескеріп оқыту принциптерін анықтайды [16,12].

Денсаулық сақтау педагогикасының принциптері.

Принциптер жалпы әдістемелік пен арнаулы принциптерді жинақтай отырып, сауықтыру педагогикасының арнайы заңдылықтарын білдіретін біртұтас жүйені құрайды.

Жалпы әдістемелік принциптері - денсаулық сақтау оқыту технологияларының мақсатына сәйкес келетін оқыту мазмұнын, оқу процесінің ұйымдастыру формалары мен әдістері анықтайтын жағдай.

Әдістемені денсаулық сақтау заңдылығына сәйкес қолданылса ғана төменгі сынып оқушыларының ағзасына және психикасына әсер етуі жемісті болады.

Саналылық және белсенділік принципі оқушылардағы терең түсінушілікті, тұрақты қызығушылықты, танымдық іс-әрекетке саналы қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Саналылық пен белсенділікті арттыруға педагогтардың ағзаны шынықтыру педагогикасының мәселелерін шешетін арнайы әдіс - тәсілдерді қолдануы әсер етеді. Белсенді іс - әрекеттің сауықтыруға әсерін түсіне отырып, бала танымдық сипаттағы міндеттерді өз бетінше және шығармашылық тұрғыдан шеше алуды үйренеді. Оқушылардағы өз бетінше әрекет етуге, инициатива мен шығармашылыққа деген жоғары деңгейді белсенділік принципі анықтайды.

Көрнекілік принципі оқу үрдісін оқушының таным процесіне барлық сезім мүшелерін максималды қолдануына құрылуын міндеттейді. Көрнекілік принципі сезіну мен ойлаудың бір-бірімен байланыстылығына негізделіп құрылған. Ол танымдық үрдіске бүкіл сенсорлық жүйенің қызметін бағыттауға көмектеседі.

Жүйелілік және бірізділік принципі білім, білік, дағдының бір-бірімен байланысында көрінеді. Алдын - ала дайындалған және тізбектелген әрекеттер жүйесі жаңаны танып білуге және оның негізінде келесі, аса қиын материалдарды танып білуге ауысып отыруға мүмкіндік береді. Мектептің бүкіл оқу кезеңінде оқу - тәрбие үрдісінің жүйелілігің жоспарлылығын, үздіксіздігін жүйелік принципі қамтамасыз етеді.

Арнайы принциптер ішінде сауықтыру педагогикасының заңдылықтарына сүйенетін принцип - «зияныңды келтірме», яғни медицина қызметкерлері, педагогтар, ата - аналар үшін бірдей маңызды зиян келтірмеу принципі. Бұл принцип негізінде кез - келген мамандардың кәсіби этикасы, медициналық деонтология, педагогика мен дидактика негіздері құрылады.

Біліктілік пен дағдыны қайталау принципі ең маңыздылардың бірі. Бірнеше рет қайталау нәтижесінде динамикалық стереотиптер ендіріледі. Әрекет элементтерінің сипаттамасы жаттығулар мен олардың орындалу шарттарын өзгерткен жағдайда, әдіс-тәсілдердің көптүрлігі мен әр түрлі тапсырмаларда көрінеді.

Стереотипке варианттық өзгерістерді ендіру кезеңдік принципін ұстануды сұрайды. Оған оқытудың бір деңгейінен екінші деңгейіне өту жатады.

Денсаулық сақтау технологияларында сауықтыру бағыты бойынша ерекше принцип - мүмкіндік және даралық принципі.

Даралық принципі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтары негізінде жүзеге асады. Мұғалдім оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның дамуын жоспарлайды және болжайды. Оқушының жеке дайындығын ескере отырып, оның әрекеттілік қабілеттері мен денсаулығына сүйеніп, біліктілігі мен дағдысын жетілдіру жолдары, қозғалыс режимін құрау, танымдық әрекеттің әр түрлі формаларына қатыстыру қажет.

Оқушыға шамадан тыс талаптар мен тапсырмалар берілгенде ағзадағы жағымсыз және зиянды салдарларды шығару үшін мүмкіндік және даралық принципі белгіленеді.

Үздіксіздік принципі сауықтыру педагогикасының толық жүйе екендігінің құрылым заңдылықтарын көрсетеді. Ол оқушы жүктемесі мен демалысын кезекпен жүйелі қайталау принципімен тығыз байланысты. Бұндай кезекпен қайталану оқушыларға тиімді әсер етеді, сабақтан сабаққа, бір кезеңнен бір кезеңге өтуіне көмектеседі.

Циклдік принцип сауықтыру педагогикасы үрдісін тәртіпке келтіруге көмектеседі. Ол сабақтардың бірінен соң бірі қайталануы арқылы, оқушының келесі кезеңге дайындығын жақсартады.

Денсаулық сақтау технологияларын қолдануда жас және жеке қабілеттерін ескеру принципі оқушының білігі мен дағдысын қалыптастыру, баланың әрекет қабілеттері мен ағзаның қызметтік мүмкіндігін дамытады.

Тұлғаны жан - жақты және үйлесімді дамыту принципі үлкен маңызға ие. Ол тұлғаның психофизикалық қабілеттерін, білік пен дағдыларын біргелікте жүзеге асуын және физикалық, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік және эстетикалық дамуды, яғни жан - жақты тұлғаны дамытуға ықпал етеді.

Сауықтыру принципі оқу үрдісі барысында бала денсаулығын нығайту міндеттерін шешеді.

Кешенді дисциплина аралық оқыту принципі педагогтер мен медицина қызметкерлерінің тығыз байланысын айтады.

Белсенді оқыту принципі оқытудың белсенді формалары мен әдістеріне (жұппен оқыту, топтық жұмыс, ойын технологиялары, т.б.) үнемі қолдануда көрінеді.

Оқушының өз денсаулығы мен айналасындағы адамдар денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыру принципі де бар.

Теория мен практиканың байланыс принципі практика жүзінде денсаулық сақтау мен шынықтыруда өз білімін қолдануды оқушыларға үйретуге шақырады. Оқушыға өзін қоршаған ортаны білім көзі ретінде ғана емес, білімді қолдану ортасы ретінде үйретуіміз қажет.

Денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жету үшін оқытудың мынадай құралдары қолданылады:

1/ қозғалысқа бағытталған құралдар;

2/ табиғаттың сауықтыру күштері;

3/ гигиеналық факторлар.

Бұл құралдарды кешенді түрде пайдаланғанда ғана сауықтыру педагогикасы міндеттерін шешеді. Қозғалысқа бағытталған құралдарда сауықтыру технологияларының міндетін шешеді және оларға мыналар жатады:



  • қозғалыс;

  • физикалық жаттығулар;

  • сергіту минуттары мен үзілістегі бойжазулар;

  • эмоцияны басу мен «тыныштық минуттары»;

  • гимнастика (сауықтыру гимнастикасы, саусақтық, корригирация-лық, тыныс алу, салқын тиюдің алдын алу, сергітуге арналған);

  • емдік дене шынықтыру;

  • қозғалысты ойындар;

  • массаж, психогимнастика, тренинг т.б.

Табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану оқытудың денсаулық сақтау

технологияларының мақсатына жетуге үлкен септігін тигізеді. Таза ауада сабақ өткізу биологиялық процестердің белсенділігін арттырады, ағзаның жалпы жұмыс қабілеттілігін арттырады, қажу процесін тежейді.

Метеорологиялық жағдайды бақылап отыру (күн сәулесі, ауа мен су температурасының әсері, атмосфералық қысымның өзгерісі, ауаның қозғалысы мен иондануы, т.б.) бала ағзасындағы биохимиялық өзгерістерді анықтауға, оқушы денсаулығы мен жұмысқабілеттілігінің өзгеруіне соқтырудың жағымсыз факторларының алдын алады.

Күн және ауа ванналарын сауықтырудың өзіндік құралдары ретінде көрсетуге болады: фитотерапия, ароматерапия, ингаляция, витаминді терапия (тамақ рационына витаминдерді қосу, суды иодтау, жылына 2 рет (желтоқсан мен көктемде) глицин аминқышқылын оқушылардың есте сақтауын күшейту мақсатында қолдану).

Мектепте фитобарлар, физиотерапия кабинеттерін ашу, педагогикалық оқушыны сауықтыру тренингтерін өткізу де жатады.

Денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жеткізетін гигиеналық құралдарға мыналар жатады:



  • СанПин белгілеген санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы;

  • Жеке бас пен қоғамдық гигиенаның сақталуы (тәннің тазалығы, оқу орнының тазалығы, ауаның тазалығы, т.б.)

  • Оқу өтілетін орынды желдету және дымқыл тазарту;

  • Күннің жалпы режимін сақтау, қозғалыс, тамақтану мен ұйқы режимін ұстану;

  • Оқушыларға қарапайым қол жуу дағдысын, түшкіру мен жөтелу кезінде беторамал қолдану сияқты дағдыларды үйрету, т.б.

  • Салауатты өмір сүрудің қарапайым тәсілдерін оқып үйрену, дененің бір жерін кесіп алғанда, денеге дақ түскенде, күю кезінде, жәндіктер шағып алғанда алғашқы көмек көрсетудің қарапайым дағдыларын үйрету, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін егу жүргізуді ұйымдастыру, оқушыда зорығу болмас үшін оқу жүктемесін шектеу.

Гигиеналық талаптарды орындамау оқытудың денсаулық сақтау технологияларының тиімділігін төмендетеді [24-26].

Жоғарыда келтірілген құралдарды пайдалануға қойылатын бірден-бір талап оларды жүйелі, кешенді түрде пайдалану қажет.

Олар:

- алдын алу әдістері қолданылатын сабақ түрінде;



- функционалдық музыкаларды қолдану;

- сабақты аудио сүйемелдеу;

- жоғары мен төмен белсенділікті қажет ететін сабақтарды кезек қою

арқылы;


- қайта оралту іс-шаралары түрінде;

- жаппай спорттық - сауықтыру іс - шаралары арқылы;

- денсаулық мерекесі;

- табиғатқа серуендеу;

- экскурсия;

- оқушының ата - анасымен жұмыс бағыттарында салауатты өмір

салтын насихаттау мақсатында ата-аналар жиналысында денсаулық

сақтау технологиялары арқылы ұйымдастыру - теориялық, практика-

лық сабақтарды өткізу;

- педагогикалық ұжымды оқып үйрету барысында қолданылуы мүмкін.

Денсаулық сақтау технологиясы әдістеріне сауықтыру педагогикасы міндеттерін шешетін тәсілдер жатқызылады. Оқыту әдісі (грек сөзі «бір нәрсеге барар жол») дегеніміз мұғалімнің оқыту мақсатына жету үшін жүйеленген іс-әрекеті [27].

Денсаулық сақтау технологияларын құрайтын әртүрлі сауықтыру іс-шараларының оқушы денсаулығына позитивті әсерінің тиімділігі әдіс-тәсілдердің сапасымен емес, оның қаншалықты сауатты жалпы жүйеге кіріктірілгені, бала мен педагог денсаулығына бағытталғандығы, тиімділігімен анықталады.

Денсаулық технологиясы жеке дара болуы мүмкін емес. Керісінше, «денсаулық сақтау технологиясы» ұғымы мектептің оқушы денсаулығын сақтау, қалыптастыру мен шынықтыруға бағытталған барлық жұмыстарын кіріктіреді.

Денсаулық сақтау технологияларын ғылым, өнер ретінде және оқушыларды келешекте өз балаларын дені сау, бақытты етіп өсіре алуда үлгі болуы үшін оқытып, тәрбиелеу міндеті ретінде көрсетуге болады.

Мектеп пен мұғалімді денсаулық сақтау технологияларына жүйелі кезегімен қатыстыру төмендегідей жүргізіледі:


  • мектептің бала денсаулығына кері әсер ететін мәселелерін анықтап, оларды жылдам шешу керектігін түсінуі;

  • оқушының денсаулық жағдайының сәтсіз болуына бүкіл педагог қауымы жауапты екендіктерін мойындауы;

  • қажетті денсаулық сақтау технологияларын игерулері;

  • игерілген дайындықты практика жүзінде бір-бірімен, медицина қызметкерлерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен бірлесе отырып іске асыру.

Бұған дейін белгілі болғандай, оқу үрдісін жүргізудің ұйымдастыру-педагогикалық жағдайы технологиядағы сияқты, денсаулық сақтау технологияларында да - мұғалім сабағы - оның негізін құрайды.

Баланың сабақты жақсы оқуы, оның 1-сыныпқа келгендегі денсаулық

жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтан оның денсаулығын анықтай отырып, одан кейінгі мектептегі оқу кезінде олардың оқу-тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру өте маңызды. Оқушының мектепте алған білімдері оның бүкіл ғұмырында қажеттілігін жоймауы қажет.

Мектептегі оқытуды қалыптастыру, оқу үрдісіне талапты күшейту

бастауыш сынып оқушыларына жаңа оқыту технологияларын қолдануды талап етеді.

Қазіргі уақытта қолданыстағы оқушы денсаулығын сақтауға әртүрлі

әдістер мен оқыту формаларын ұсталатын денсаулық сақтау технологиялар-ын бірнеше топқа бөлуге болады. Оларды өзара жинақтай отырып 2 типін бөліп көрсетуге болады: ұйымдастырушылық және педагогикалық.

Бірінші типке оқыту барысында денсаулық сақтау жағдайы жасалған технологиялар жатады, ал педагогикалық технологияларға оқушыға ақпараттық, психологиялық және биоэнергетикалық деңгейде мұғалім ықпалы бар технологиялар жатқызылады. Мектепте жүргізіліп келе жатқан денсаулық сақтау педагогикасы принциптеріне негізделген технологияларды көрнекі түрде сызбамен былай көрсетуге болады (сурет - 1).

Сызбадан көріп отырғандай денсаулық сақтау технологияларының жүйе түзуші принципі ретінде бірінші кезекте оқушы денсаулығына қамқорлық, оның негізінде ғылыми-әдістемелік негіздеу, педкадрларды іріктеу және дайындау көрсетілген.

Сол себепті де педагогикалық әдебиеттерде «денсаулық сақтау технологиясы» ұғымына психологиялық-физиологиялық қорғалған режимде өнімді оқу әрекетін ұйымдастыратын және ықпал жасайтын педагогикалық үрдісті жобалау мәдениеті деп түсіндіріледі.

«Денсаулық сақтаушы» ұғымы кез - келген оқыту технологияларына

олардағы педагогикалық үрдістің қаншалықты оқушы мен мұғалім денсаулығын сақтау мен нығайту міндеті шешілгеніне орай сапалық сипат ретінде беріледі. Сондай-ақ, ол білім беру жүйесінің басты мақсатына жетуге, педагогикалық әрекеттің идеясы мен принциптерін ұстануға қаншалықты бағытталғандығын анықтайды. Бұл білім берудің оқушының келісімінсіз денсаулығына зиян келмейтіндігі туралы «өтем» екендігін көрсетеді [16-21].



«Салауатты өмір салты» ұғымы адамның қызметін өз деңгейінде жүргізуге қажетті өмір, еңбек, демалыс, тұрмыс жағдайларын сауықтыру үшін жасалатын әрекеттері екендігін көрсетеді. Денсаулық сақтау технологиялары барлық оқу сатыларында оқу-тәрбие үрдісінің сапасын

Сурет -1


көтереді, әрі тұлғаны дамытады, оның әртүрлі бағыттағы талабын жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған денсаулық сақтау технологияларымен бірге медико - гигиеналық технологиялары (МГТ), дене шынықтыру - сауықтыру технологиялары (ДСТ), экологиялық (ЭДСТ) және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін (ӨҢҚЕТ), олардың барлығы денсаулық сақтау технологияларына (ДСТ) бірігеді. Оларды тағы мынадай шағын топтарға бөлуге болады:



  • ұйымдастыру - педагогикалық технологияларына (ҰПТ) санПин белгілеген нормада, оқушының зорығу, гиподинамия т.б. дезадаптациялық жағдайлардың алдын алу үшін оқу үрдісінің құрылымын анықтаған технологиялар жатады.

  • психологиялық - педагогикалық технологиялар (ППТ) мұғалімнің жұмысымен тығыз байланысты. Оның оқушыға бүкіл 45 минут барысындағы ықпалы, оқу үрдісінің барлық элементтерін психологиялық - педагогикалық сүйемелдеуі жатады.

  • Оқу-тәрбие технологияларына (ОТТ) өз денсаулығына сауатты қамқорлық жасауды үйрететін және оқушының денсаулық мәдениетін қалыптастыратын, салауатты өмір салтына ынталан-дыратын, зиянды әдеттердің алдын алу, оқушының сабақтан тыс уақытын ұйымдастырушы - тәрбие жұмыстарын өткізетін, олардың ата-аналарымен ағарту жұмыстарын жүргізетін технологиялар жатады.

Мектептен тыс уақытта жүргізілетін, қазір сабақтан тыс жұмыс ретінде

айтылатын барлығынан ерекше екі топ бар:

- әлеуметтік бейімделген және тұлғалық дамытушы технологиялар (ӘБТДТ). Олар оқушының психологиялық денсаулығын қалыптастырушы және шынықтырушы, тұлғаның психологиялық бейімделу ресурстарын көтеруді қамтамасыз етеді. Мұнда тек оқушылар ғана емес, олардың ата - аналары, педагогтар қатысатын әртүрлі әлеуметтік - психологиялық тренингтер, әлеуметтік және жанұялық педагогика бағдарламалары жатады.

- емдеу-сауықтыру технологиялары (ЕСТ) медициналық - педагогикалық білімдерді жинайды: оқушы денсаулығын қалпына келтіретін емдеу педагогикасы, емдік дене шынықтыру.

Денсаулық сақтау технологияларының оқушыларға әсері медицина -психология - педагогикалық диагностикасы мен мониторингтің кешенді әдістері арқылы бағаланады. Үнемі кері байланыс жасап бақылап отыру жұмыстардағы олқылықтарды түзетуге көмектеседі.

Қорыта келгенде, мектептің денсаулық сақтау ортасы дегеніміз - әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың, оқушының адаптациялық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажетті физиологиялық компоненттердің, денсаулықты сақтау мен дамытуға әсер ететін факторлар жиынтығы.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет