Flash технологиясы


Пәнді оқыту жөнінде әдістемелік нұсқаулар



бет3/9
Дата18.02.2017
өлшемі1,64 Mb.
#9999
1   2   3   4   5   6   7   8   9


7. Пәнді оқыту жөнінде әдістемелік нұсқаулар.
Пәнді оқыту негізінен дәріс, зертханалық жұмыс, СОБӨЖ және өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дәрісте беріліп, теориялық білім түсініледі. Macromedia Flash программасы көмегімен студенттерге қарапайым анимациялық роликтен бастап, интернеттегі Web- беттің мультимедиалық компонентін жасау үйретіледі. Ол арқылы программа интерфейсін жасау, анимация және интерактивті элемент жасау, мультимедиалық мүмкіндікті және дыбысты қолдануды жүзеге асыратын неғұрлым қуатты жобалар жасау жүзеге асырылады. Flash ортасы анимациялық ролик жасауға ғана емес, программалауға да мүмкіндік береді. Анимацияны программалық жүзеге асыру үшін студенттерге Macromediа Flash-тың ActionScript қондырылған программалау тілі оқытылады. Бұл тілді төменгі курстарда оқыған Borland Pascal және Borland C программалау тілдерінен алған білімдеріне сүйене және онымен салыстыра отырып түсіндіріледі. Бұл тілдің құралдары анимация жасаудың мүмкіндіктерін кеңейтуді жүзеге асыратынына көз жеткізіледі.

Өздік жұмыста студенттер қарастырылған әдістер бойынша есептер шығарып, бақылау сұрақтарына әзірленеді. Оқытушы басшылығымен өткізілетін өзіндік жұмыста оқу материалының теориялық қосымша сұрақтары талданады, өздік жаттығулар компьютерде жүзеге асырылады. Бақылау сұрақтарының жауаптары тексеріледі. Студенттің үй жұмысында бұрын алған білімдерін бекітуге арналған тапсырмалар беріледі. Студенттердің білімін тексеру өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, шығармашылық жұмыс, коллоквиум, тестілеу түрінде ұйымдастырылады. Шығармашылық жұмыста студент MX Flash құралдарын қолданып жасаған Windows-қа арналған тестілеу, оқыту немесе жаттығу программасын презентациялайды. Шығармашылық жұмыс студенттің алған білімін қорытындылау, шығармашылық белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысын жоспарлай алу, пән бойынша алған білімін өз бетінше қолдана алу сиқты қасиеттерін дамытады. Пәнді оқытуда MX Flash программасынан интерактивті электрондық оқулығы қолданылады. Ол арқылы студент әр тақырып бойынша өз білімін толықтырады.



8. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ

САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Практикалық жұмыста Macromedia Flash программасының экрандық элементтері, құралдар панелінің элементтерімен жұмыс, уақыт диаграммасымен жұмыс қарастырылады. Қабат, кадр, кілттік кадр ұғымдары жаттығулар жасау арқыдлы бекітіледі. Жаттығулар жасау арқылы студенттер анимацияның 3 түрі: кадрлық анимация, объект қозғалысының tweened- анимацияcы және объект трансформациясының tweened- анимацияcының мүмкіншіліктерін жүзеге асырады. Объект қозғалысын жетекші және маска қабаттары арқылы ұйымдастыру қарастырылады. ActionScript программалау тілі элементтерін қолдану мысалдары беріліп, Flash программасы құралдарын қолданып, әсем безендірілген түрлі компьютерлік программалар мысалы: оқыту, жаттығу, бақылау, тестілеу программаларын жасауға үйренеді.

Пән бойынша Практикалық жұмыстар “Macromedia Flash программасы құралдары көмегімен анимациялық эффект жасау” оқу- әдістемелік құралы бойынша жасалады. Құрал 13 зертханалық жұмыстан тұрады. Әр практикалық жұмыста алдымен қысқаша теориялық материал беріліп, оны қолдануға жаттығулар қарастырылған. Жұмысты үйрену және орындау әдісі нақты эффектіні жүзеге асыру мысалдары арқылы жүзеге асады. Әр практикалық жұмыс соңында студенттің өз бетімен орындауына арналған тапсырмалар және тақырыпты меңгеруін тексеруге арналған бақылау сұрақтары берілген. Практикалық жұмыс соңында студент орындаған жұмысының компьютерлік программасын көрсетіп, сәйкес бақылау сұрақтарына жауап береді.



Практикалық жұмыс №1.

Тақырыбы: Flash МХ – тің экрандық интерфейсі. Сурет салу құралдарын қолдану.

Тапсырма: Сурет салу құралдарын қолданып төмендегі суреттерді салу.


2. Файлды сақтаңдар.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет