Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы



бет68/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org
8 сын тест қаз тарихы, Д ниеж зі тарихы 8сынып Та ырыпты тесті Англия, medicinadagy latyn tili, РА презент, Правила волейбола, фольклор 1-6 сұрақ
82. Қиял-ғажайып ертегілер
Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде ертегілерді негізінен дәстүрлі үш топқа бөліп қарастырады.Ал,академик Сейіт Қасқабасов ертегілерді бес топқа жіктейді:
хайуанаттар туралы ертегілер, қиял –ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер,
хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер.
Қиял­ғажайып ертегілер – қазақ ауыз әдебиетіндегі көне жанрлардың бірі. Оның шығу мезгілі – алғашқы қауымдық
қоғам дәуірі. Сондықтан ертегінің бұл түрінде адамзаттың
ертедегі өмірінің көптеген белгілері сақталған. Мысалы, мат­риархат заманына тән аналық ру мен көптеген әдет­-ғұрып­
тардың көріністері– ерте заманғы анимизм, то­темизм, магия сияқты діни нанымдар мен сенімдер.
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес, оның құрамында алғашқы қауымға тән қарапайым әңгімелер, батырлық ертегілер кездеседі, сондай-ақ тұрмыс-салтты авантюралық шығармалар да ұшырасады. Демек, ертегінің бұл түрі жанр жағынан синкретті.
Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің сюжеттік құрамы да әралуан. Атап айтсақ, онда барлық халықтың өзі шығарған халықаралық сюжеттер, бізге басқа халықтардан ауысқан және тек өзімізге тән сюжеттер бар. Бұл кездейсоқ емес. Қазақ халқы сахарада жеке, дара ғұмыр сүрген жоқ. Ол өмір бойы басқа халықтармен қоян-қолтық аралас, тығыз қарым-қатынаста болды.
Айтылмыш жанрдағы басты тақырып – сиқырлы заттардың көмегімен бас қаһарманның небір ғажайыптар мен қыруар қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі. Мұның үстіне үнемі әділеттік жеңіп, зұлымдық әшкереленіп отырады. Ертегілердің бұл түрінде дәстүрлі идеялардың жиынтығы оның композициясымен, сюжеттік желілерімен және қаһармандардың айқын анықталған идеясымен біте қайнасып кеткен. Бұл қатаң бірліктен сәл ауытқу қиял-ғажайып ертегісінің мүлдем бөтен түрін туғызады. Егер қаһарман барлық күшін сарқа пайдаланып, небір қиындықтарды жеңіп шықса, ол батыр атағына ие болады да, мұндай қаһарманы бар ертегі өзіндік ерекшелігімен дараланатын батырлық ертегілер деп аталады. Екінші жағынан, дәстүрлі композициядан ауытқу қиял-ғажайып ертегілеріне жақын әрі біршама бөтен идеялармен байланыстырылады.
Қиял-ғажайып ертегіге талдай отырып мысал бере кетсек:
Ертегі атауы:Құйыршық
Ертегі авторы:Балғабек Қыдырбекұлы
Құйыршық ертегісі-қиял-ғажайып ертегілер тобына жатады.Себебі,Құйыршықтың ғажайып жағдайда дүниеге келуі,құйыршықтың өзі өмірде кездеспейтін құбылыстар.
Сонымен қатар,ертегіні жан-жануарлар туралы ертегілер тобына да жатқызуға болады.Себебі, мұнда қасқыр бейнесі арқылы қулық-сұмдық, жауыздық сияқты қасиеттер аллегориялық формамен ашылып тұр.
Дегенмен де бас кейіпкер-Құйыршық, қиял-ғажайып кейіпкер болғандықтан, ертегіде осы жанрлық сипат,ерекшелік басым болып келеді.Сол себепті ертегіні қиял-ғажайып ертегілер тобына жатқызамыз.
Кейіпкерлер:
1)Құйыршық-ертегі кейіпкері бүгінде анасының артынан қалмайтын,жылауық балаларды сомдауда. Құйымшақтың сүйірленіп келген ұш жағын құйыршық дейді . Аты затына сай шал мен кемпірдің құйымшақ жегенінен кейін туылған балалары. Өте кішкентай, көзге байқала бермейтін сәби. Құйыршық құйымшақтың бөлігі болғаннан кейін, анасынан ажырамай жүретін баланы бейнелейді.Құйыршық мифтік сарыны бар кейіпкер.Себебі оның бейнесі осыған дәлел.
2)Шал мен кемпір-орта жағдайда өмір сүретін, қазақ халық ертегілерінде көптеп кездесетіндей бір перзентке зар болған кеійпкерлер.
3)Қасқыр-қанішер, қаскөй кейпінде бейнеленеді. Дегенмен ертегіде, қасқырға деген аяныш та туындайды.Себебі, қасқырдың басқаны азық қылмаса аштан бұралып өлері де айтылған.
4)Түлкі-барлығымызға мәлім ертегілерде қулық,сұмдық бейнесі."Құйыршық" ертегісінде де түлкі қу,айлакер кейіпкер.
Композициялық ерекшеліктері:

Ертегінің басы қазақ ертегілердегі дәстүрлі бастамамен басталады.Яғни, ертегідегі кейіпкерлердің бір перзентке зар болуы көптеп кездеседі. Мысалы, мұндай бастама "Алтын сақа" ертегісінде де кездеседі:


"Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты."
Құйыршықтың ғайып жолмен пайда болуы да ертегілердің көбінде кездеседі.Мысалға,құйыршық шал мен кемпірдің құйымшақты жегенінен кейін пайда болса,Ертөстік ертегісіндегі Ертөстік кейіпкері шал мен кемпірдің төстікті жегенінен кейін пайда болған.
"Сөйтіп, бұлар төстікті қазанға салады. Төстікті асып жеп, шал мен кемпір әлденеді. Ұзамай кемпір жүкті болады"
Оқиғаның өрбіп,дамуы да дәстүрлі түрде жалғасады.Ертегіде бас кейіпкер үйден жырақта әр түрлі қиындықтарды бастан кешіреді.

"Құйыршық елмен бірге тұзға кетеді.Ал Құйыршық болса, бір түп түйеқарынның астына кіріп кетеді де қисайып жатып, ұйқтап қалады.


Қара нар оттап тұрып, Құйыршықты түйеқарынмен қоса асап қояды"."Сөйтіп, Құйыршық есін жиып, шал мен кемпірді қайтадан іздеп тапқанша, бір аш қасқыр келіп, қан мен жынды асап-асап жеп қояды."
Мұндай оқиғалар ертегілердің қай-қайсысында болсын бар.Мысалы,"Алтын сақа" ертегісінде де бала жұрттқа жалғыз барғандар түрлі қиындықтарға тап болады:
"Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады. Бала үзеңгіден аяғын суырмай, сақаны іліп алады. Тай тұра қашады. Жалмауыз кемпір тұра қуады. Бала қашып келеді"
Оқиғаның соңы да дәстүрлі түрде,бақытты болып аяқталады.Ертегі көбіне балаларға арналып жазылғандықтан, ертегінің соңы қашанда жақсылықпен аяқталады.

"Сөйтіп, Құйыршық өзінің сүйікті ата-анасымен осылайша қайтадан табысқан екен."


Ертегіде ертектехника, яғни, жансыз затты жандандыру қолданылған. Яғни,құйыршықтың жансыз құйымшақтан пайда болуы осыған байланысты.
"Сол кезде жабықтан:
— Шешеке-ау, мен ше? Мен бар емеспін бе? – деген жіңішке дауыс естіледі. Құйыршық жабықтан шығып, секіріп жерге түседі де табаққа салған қаспақты алдына алып, жей бастайды."
Сонымен қоса,ертегіде аллегория яғни,пернелеу қолданылған.Бұл ертегіде қулық пен сұмдық қасқыр мен түлкінің бейнелері арқылы берілген.
"Бір күні титықтап келе жатқан қасқыр сумаңдаған түлкіге кездеседі.
— Түке, тоқтай тұршы, – деп, тоқтатып алады да осылай да осылай деп сырын айтады..."
Негізгі идеясы:әр нәрсеге килікпеу, қолдан келмейтін іске кіріспеу.

"Міне, бір құйыршықтың кесірінен ел әбігер болыпты. Ұшқалақ, жеңіл мінезді балаға, орынсыз, әр нәрсеге киліге беретін балаға халықтың көңілі тола қоймаған"


Ертегіге сай келетін мақал-мәтел: «құйыршыққа ұқсап қыстырылма»
Мотив(сарын):кейіну,перзентке зар болу."Құйыршық" ертегісінде:
"Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Балалары болмапты"
"Ер төстік" ертегісінде:
"Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді, келмейді.Солай кемпірі екеуі бір перзентке зар болады"
"Алтын сақа" ертегісінде:
"Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты"
Пейзаж:қарапайым қазақ ауылы.
"Ол кезде тұрғын ел ас-тұзын қиырдан түйеге артып әкеледі екен. Бір күні ауыл адамдары тұзға баруға әзірленеді"
Ертегі сюжеті:
Оқиғаның басталуы:Шал мен кемпірдің баласының болмауы.
Дамуы: Құйыршықтың дүниеге келуі
Шиеленісуі:Нар түйенің құйыршықты жеп қоюы
Шарықтау шегі:Қасқырдың құйыршықты жеп қоюы
Шешімі:Құйыршықтың акма-есен оралып ата-әжесімен ауызбіршілікте өмір сүруі.
Әлем ертегілерімен салыстыру:«Құйыршық» ертегісі ағылшын хылқының «Tom Thumb» ертегісімен ұқсас болып келеді.Бұл екі ертегіде де ата мен әженің балаларының болмауы. Олардың баланы зарығып күтуі. Армандарының орындалып, балалы болуы. Екі отбасының балаларының басқа балалардан ерекшелігі олар өте кіп-кішкентай болатын. Олардан көз жазып қалу өте оңай еді. Сондықтан да бұл екі кішкентай балалар көптеген қиыншылықтар мен кедергілерге тап болады. Ертегі соңында екі кейіпкерімізде отбасына аман-есен, оралып, бақытты ғұмыр кешеді.

Қорытынды:"Құйыршық" ертегісі қазақ халық ертегілерінің ішінде өзіндік орын бар ғажап туынды.Қазақ баласының қай-қайсысы болмасын бұл ертегіні тыңдап өскен. Ертегінің шытырмандығы мен онадағы ғажап дүниелердің орын алуы балаларды қызықтырары анық!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет