Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Бәдік айтысының бір үлгісін талдау



бет69/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org
8 сын тест қаз тарихы, Д ниеж зі тарихы 8сынып Та ырыпты тесті Англия, medicinadagy latyn tili, РА презент, Правила волейбола, фольклор 1-6 сұрақ
83. Бәдік айтысының бір үлгісін талдау
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ең мол да ерекше саласы. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде сапасы жағынан да, саны жағынан да ерекше орын алады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:
1. Бәдік айтысы.
2. Жар-жар.
3. Жануар мен адамның айтысы.
4. Өлі мен тірінің айтысы
5. Жұмбақ айтысы.
6. Салт айтысы: 1) қыз бен жігіт айтысы; 2) ақындар айтысы.
7. Осы күнгі айтыстар.
Бәдік айтысы – айтыстың ең көне түрі. Ерте заманда адамдар мал ауруының да, адам дертінің де иесі бар деп ойлап, сол дерттен құтылу жолын іздеген. Ескі наным-сенімге байланысты дерттен құтылудың жолы – үшкіру, шақыру деп есептеген. Түрлі аурумен ауырған малды «бәдік» арқылы үркіту үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізген, өлең сөзбен малға келген індетті көшіруге әрекеттенген. Келе-келе айтыстың бұл түрі жастардың әзіл-қалжың ойын айтысына, сауық кешіне айналды.
Бәдік айту дәстүрі жайында Әбубәкір Диваев, Сәкен Сейфуллин т.б. зерттеп жазған.
Талдау:
Көш-көш!
Аспандағы ақ бұлтпен көш!
Зияныңды тигізбе, сақтықпен көш!
Бірдеңеден қалғандай тез-тез басып,
Қарайламай артыңа аптықпен көш.
Тақырыбы: Бәдік жыры
Идеясы: Жамандықтан аластау
Шумақ: 1
Тармақ: 4
Буын: 10-11
Бунақ: 1
Ұйқас түрі: Қара өлең ұйқасы (а.а.б.а)

84.Өлік жөнелту ғұрпының фольклоры
Өлік жөнелту фольклоры отбасы фольклорының бір түрі болып табылады.
Өлік жөнелту ғұрпына естірту, көңіл айту, жұбату секілді ғұрыптар жатады.
1)Естірту – қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның жақын туыстарына хабарлау рәсімі. Ауыр қаза, қайғылы оқиғаны жанашырларына, ел-жұртына өлеңмен Естірту дәстүрі қазақ халқында ертеден бар. Ардақты азаматы не батыр-бағланы өлген үйдің жанкүйер жақын, туыстарын азалы хабарға дайындап, әзірлеп алу үшін естірту, көбінесе, “Аққу ұшып көлге кетті, сұңқар ұшып шөлге кетті, ол адасып кеткен жоқ, әркім барар жерге кетті” деген сияқты салыстырулар түрінде болған.
Ауыз әдебиетінде естіртудің мол ұшырасуы қазақ халқының жан дүниесінің тазалығын, қайғы көріп, қаралы болғанға қабырғасы қайысып, ауыртпалықты бірге көтерісетінін танытады. Жалғаншы дүниеде баянды ештеңе жоқ, бәрі де өтеді деген ишарадан кейін барып қана өлең қайғылы халді естіртеді. Яғни "естіртудің" образдық құрылысында пернелеу, тұспалдау басым. Мұнда поэтикалық образ үшін табиғат құбылыстары, жануарлар, тарихи тұспалар алынады, Қайғылы хабар содан кейін барып естіртіледі. Ал өлеңнің соңғы бөлімі "көңіл айтуға" - жұбату жырына ауысады.
"Естіртудің" айрықша бір түрі күй арқылы білдіріледі. Мұнда күйші домбыра сазы, күңіренген күй әуені арқылы тыңдаушыны жаманат хабарды жорып, сезуге даярлайды. "Ақсақ құлан, Жошы хан" тәрізді атақты күй - осының бір мысалы. Естірту тіпті эпоста да ұшырасады. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырындағы Тазшаның сұмдық түс көріп естіртуі - ежелден мәлім. "Ер Сайын" жырында қырық жігіттің Аюбикешке күйеуі Сайын қаза тапқанын естірту үшін айтқан хикаясы да бұған дәлел.
2)Жоқтау-дауыс қылу деп те аталады, қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Қазаны естіген жанашыр туыстар ауылға “ой,бауырым" деп ат қойып шауа келіп, атынан жығыла түсіп, жақындары жоқтау айтып, қайғылы сарынмен көріседі.

Қазақ халқында жоқтау:


Жаз күндері қаралы ауыл көшіп-қонғанда,
үй жығып жатқанда дауыс салып жоқтау айтылады.
Таң сәріден тұрып, жүк артып болып, көш жолға шығар алдында да жоқтау айтылған.
Мұның бәрі – қайтыс болған адамның соңғы күндері өткен, соңғы рет жүріп-тұрған жерін, қоныстанған жұртын қимай, сол атамекені мен қайтқан адамның арасындағы үзілген байланыстың қайғысын жария етуді білдіреді. Баратын жеріне жеткенше қаралы көш жоқтау айтуды жалғастырып, сол мұңды, зарлы қалыптарымен келесі қонысқа жеткенше ешқайда бұрылмай жүре беретін. Жолда кездескен ауыл қаралы көштің қонақасын көтеріп алатын болған.
Жоқтау жырларын зерттеу 19 ғасырдан басталады. Ш.Уәлиханов оған алғаш ғыл. баға беріп, бірнеше үлгісін жазып алған. Жоқтау ауыз әдебиетінің бағалы үлгісі ретінде жинап, 1926 ж. “23 жоқтау” деп аталатын кітап етіп шығарған Ахмет Байтұрсынұлы болды. 19 ғасырдың соңы 20 ғасырдың басындағы ақын-жыраулардың шығармаларында әр түрлі жоқтау үлгілері кездесіп отырады. Әсіресе, 20-ші ғасырдағы қиын кезеңдерде ақын-жазушылар қаламынан туған жоқтау жырлар, Ұлы Отан соғысынан оралмаған, ерлікпен өмірін қиған ұлдарына арнаған халық жоқтаулары жеткілікті.
Жоқтауды Ахмет Байтұрсынұлынан кейін жүйелі түрде жинап, зерттеген тілші-ғалым Т.Арынов болды. Ол қазақтың жоқтау жырларын мұқият жинастырып, “Боздағым” деген атпен кітап етіп, бастырып шығарды.Жоқтау' – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, тұрмыс-салт жырларының бір түрі.
3)Көңіл айту-Көңіл айтқан кезде шын жаныңыз ашып, сөзіңіздің жүректен шыққаны қажет. Жай ғана аузыңызды қозғалтпай, құшақтап, арқасынан қағып, қолын қысуыңыз бірге қайғырғаныңызды білдіреді. Қазақтар көңіл айтқанда: қалғандарыңыз аман болыңыздар, ақыры қайырлы болсын, сабыр берсін, өмірден өткен жан иманды болсын, топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын, амал дәптері оң жағынан ашылсын, алдынан жарылқасын, жаны жәннатта болсын деген сөздерді қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет