Форма 12 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті



бет7/12
Дата22.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#12104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жеті ата


Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таратылады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болған. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болды. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы “қазақ халқы — бір атаның баласы, бір тамырдан тараған” деген ұстанымды орнықтырған.

Жеті атасын тарата білу арқылы әркім көрші рулармен байланысын білген, сөйтіп бүкіл қазақтың біте қайнасқан туыстығына көзі жеткен. Сөйтіп Жеті аталық ұстаным қазақ халқының этнобиологиялық, этномәдени, жалпы рухани тұтастығын табиғи түрде қамтамасыз еткен. Жеті аталық ұстанымға негізделген туыстық байланыс институты әрбір казақтың білмекке деген ынтасын оятқан. Жеті атасын, руы мен жүзін білген соң, қазақтар туған жерінің кез келген шалғайында өзін туысқандарының ортасында жүрген алып бір жанұяның мүшесіндей сезінген. Нәтижесінде біртұтас жанұя секілді ұлттың біртұтас зердесі қалыптасып, жер басып жүргендер ғана емес, жадта сақталған баяғы ата-бабалар да тірілердің санасында тірлігін жалғастырған. Халықтың мұндай зердесі әрбір қатардағы далалықтың тарихты айқын елестетіп, жан-жүрегімен сезінуіне себепші болған. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың құлағына күн сайын бабалары туралы тек жақсылықты құйып, рухани тектілікті дәріптеп, ұлттық сенімін орнықтырған. Бабалар рухы — аруақтың күн сайын желеп-жебеп отыратындығы туралы сенімін тудырған. Сөйтіп Жеті ата институты қазақ халқының өткеннен болашаққа деген сенімін мың сан ұрпақтар арқылы сабақтастырып отыратын тетік ретінде танылған. Жеті аталық ұстаным бабалар рухы алдында әрбір қазақ пен бүкіл халықтың іштей жауапкершілік сезімін оятқан. Осы ұстаным аясында қазақ өмірінің моральдік кодексі, салт-дәстүрі мен тыйым-жораларының негізі қаланған. Сөйтіп туыстық қарым-қатынас қалыптары күнделікті моральдік санаттан бірте-бірте заңдық мәртебеге ұласқан. Мұндай құқықтар мен міндеттер жүйесі біртұтас әдеп деңгейінде көрініс тапқан. Әдепті бұзғандар қатал жазаланып, ең ақыры туған жерінен қуылған, яғни гипержанұядан аластатылған. Дені дұрыс адам үшін мұнан ауыр, масқара жаза болмаған. Жеті ата ұстанымы бүкіл халықтың бойында еш мәжбүрлеусіз мейлінше тегеурінді рухани бірлік сезімін терең сіңірді. Ол этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы болды.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар орындау
12.Жаңа тақырпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Жеті аталарыңды жазып келіңдер


19-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері.Тұрлаулы мүшелер. Қонақ күту.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Сұраққа жауап беру барысында сөйлемдердегі дұрыс құрастыруды үйрету.

Тәрбиелік: Қонақ күтуге. Бата беруге,бір-бірін құрметтеуге,отанды сүюге тәрбиелеу.

Дамыту: Сөз қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту тапқырлыққа баулу.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1.Жай сөйлем дегенміз не ?

2.Жай сөйлем құрамына қарай қалай бөлінеді?

3. Жеті аталарыңды атаңдар


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Қонақ күту

Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болы, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.

 Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады.

Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.

Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме – дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй – иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі. Қонақ шақырудағы ескерту. Қазақ дәстүрінде, әсіресе, қазіргі кезде қонақты көбінесе үй иесі өзі барып шақыруы немесе арнайы шақыру қағазын жіберуі тиіс. Қонақты бір жұма бұрын шақыру бұл күндері әдетке айналған, өйткені әркімнің алдағы уақытқа жоспарлап қойған әр түрлі жұмыстары болады. Егер қонақ шақырылған жерге бара алмайтын болса, себебін бірден айтқан жөн. «Көрермін, мүмкін барып қалармын» бара алмасам, ренжіме» - деген сөздер шақырушыға жайсыз тиеді. Шама келсе халықтың көнеден келе жатқан дәстүрі бойынша «Шақырған жерден қал ма, шақырмаған жерге бар ма» деген мақал сөзін берік ұстаған жөн. Бұрыннан таныс немесе жақын туыстары болмаса, сыйлы қонақтарды телефонмен шақыру ыңғайсыз. Дастарқан басында қалай өзін ұстау керектігін білу керек Ондаған, жүздеген жылдар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан, дастарқан басында әркімнің өзін дұрыс ұстай білу ережесінің қажеттілігі сонда – оның негізінде адамдардың қысылмай, өзара көңілді отыруында, тазалық сыпайылық талаптарын үйлесімді дұрыс сақтауында маңызы зор. Мысалы: үй иесі оның жұбайы дастарқан басына отырмас бұрын қонақтарды бір-бірімен таныстырады, оның тәртібі, жасы кішілерді үлкендерді, ер кісілерді әйелдерге таныстырады. Үй иесі әйел қонақтарды шақырып, алдымен өзі отырады. Ер кісілер алдымен әйелдерге орын босатып, сонан соң ғана өздері отырады. Үй иесі тамақты тез жемеуі керек, ал қонақтардың да тамақты тез жеуіне мәжбүр етеді, берекесін алады. Дастарқан басынан қонақтар үй иесі тұрған соң ғана тұрады. Ер кісілер орындықтарын жылжытып, әйелдерге стол басынан тұруға көмектеседі. Қалыптасқан дәстүр бойынша ер кісілер оң жағында отырған әйелге қызмет етеді. Алайда сол жақта отырған әйелді де ұмытпаған жөн, әсересе оған жанында қызмет көрсететін ең кісі болмаса. Дастарқан басында отырғанда қатты сөйлеудің, қатты күлудің қажеті жоқ, амандасу үшін стол үстінен қол созу да дұрыс емес, көршіге жаныңды беріп отырыңыз. Кейде мерекелік дастарқанда, басқа да жиын-той дастарқанында ыдыс-жабдықтардан көз тұнады, кейбіреулер қайсысын аларын білмей сасып қалады. Саспай, мұхият зерттеп қарасаңыз, бәрінің де қолданатын орны бар. Көпшілікке арналып, ортаға қойылған басытқыны сондағы ортақ қалақ, қасықпен алып, әркім өз тарелкасына салады.

Май, уылдырық т.б. тағамдарды осып өз пышағымен нанға жағады. Естеріңізде болсын алдыңыздағы тамақты тауысып жемей, сыпайылықты көрсету, ешқандай сыпайылыққа жатпайды, керек десеңіз, тамақтың ұнамағандығын көрсетіп, үй иесін ренжітесіз. Одан да тамақты өз салып асыңыз, не балмаса кейбір тағамнан мүлдем бас тартыңыз, бірақ дәмсіз екен жарамайды дегенді айтпай-ақ қойсаңыз да болады. Ал үй иесіне де ескертер жай, тағамдарды қонақтардың аузына тықпалай берудің қасиеті жоқ. Дастарқан басында тіс шұқу, тістің арасында тұрып қалған тағамды қолмен алу әдептілікке жатпайды. Дыбыс шығармай, сораптамай ішіп-жеу дастарқан басында әдеп сақтаудың бірден-бір түрі. Тамақты қасықтың, шанышқының, пиаланың ұшынан ұстап сорып ішпеңіз. Сұйық тамақты ыстықтай ішуге де болмайды. Аузыңызды тамаққа толтырып алып сөйлеуге тырыспаңыз, тамақты алдыңғы тістеріңізбен шайнамаңыз, сондай-ақ екі ұртты толтырып шайнамаңыз – адамға тіпті де жараспайды. Өзіңізден алысырақ тұрған бір тғамды затты аламын деп қол созып, алдыңыздағы тарелкаға (көршіңіздің тарелкасына да) төнбеңіз. Одан да жақын отырған біреуге қол созып жіберуді өтініңіз. Біздің оқулығымыздағы тақырыпқа сай қонақ күту мәтіні бар.


Сөйлем мүшелері
1.Сөйлем мүшесі болатын сөз немесе сөз тіркесінің мынадай негізгі белгілері болады:

2.Сөз я сөз тіркесі дербес, толық мәнді болып, белгілі бір сұраққа жауап береді.

3.Белгілі бір грамматикалық тұлғада тұрады.

4.Өзінің байланысатын сөзімен синтаксистік қатынасқа түседі.

Сөйлем ішінде өзіне тән орны болады. Міне, осы белгілерге толық ие болатын сөздер мен сөз тіркесі ғана сөйлем мүшесі болады. Мысалы: Қазіргі кезде дәрінің түрлері күн өте өсіп келеді деген сөйлемдегі әр сөз сөйлем мүшесі болудың негізгі шарттарына толық сай келіп тұр.

1.Әрбір сөз жеке сұраққа жауап береді.

Не істейді? - Өсіп келеді (баяндауыш).

Не - өсіп келеді? – Дәрінің (бастауыш).

Ненің түрлері – Дәрінің (анықтауыш).

Қашан өсіп келеді? – Қазіргі кезде (күрделі, мезгіл пысықтауыш).

Қалай өсіп келеді? – Күн өте (үйірлі, сын-қимыл пысықтауыш).
2.Әрқайсының грамматикалық тұлғасы бар.

Қазір – үстеу, - гі – сын есім тудырушы жұрнақ.

Кез – зат есім, - де – жатыс септік жалғауы.

Дәрі – зат есім, - нің – ілік септік жалғауы.

Түрі – зат есім, - лер – көптік жалғаулар, – і – тәуелдік жалғауының III жағы.

Күн – зат есім.

өт – етісік, - е – көсемше жұрнағы.

өс – етістік, - іп – көсемше жұрнағы.

Кел – етістік, - е – көсемше жұрнағы, - ді – жедел өткен шақ жұрнағы.

Сөйлем мүшесі өзінің құрылысы жағынан дара, күрделі және үйірлі болады.


Тұрлаулы мүшелер
Сөйлемді құрастыруға негіз болатын мүшелерді тұрлаулы мүшелер дейміз. Бұған бастауыш пен баяндауыш жатады. Мысалы: Дәрігерлер адам өмірін сақтайды (К.А.)

Бастауыш сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Несі? Қаншасы? Нешеу? Қандайы? деген сұрақтарға жауап береді, - Аурулардың екеуі жазылып шықты (К.А.) Бұл сөйлемде бастауыш – Екеуі.

Бастауыштар құрылысына қарай былайша бөлінеді:


Құрылысына қарай

Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең?

Дара

Омар қырман басында жүр. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

Күрделі

Туған жерім - әйгілі Шалқар өңірі. Күле беру ыңғайсыз.

Үйірлі

Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.

Билеті барлар орындарына жайғасты.




Баяндауыш
Баяндауыш – сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі.

Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайды. Кей сөйлемде бастауыш айтылмаса да, баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.

Баяндауыш құрылысына қарай былайша жіктеледі:




Құрылысына қарай

Сұрақтары: Не істеген? Не қылған? Қайтті? Не болмақ? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі?

Дара

Заман өзгерген, білім күшейген.

Қазына – халықтікі.



Күрделі

Абай күрсініп қояды.

Олжабек шалқасынан түсе жаздады.



Үйірлі

Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.

Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.


Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында, кейде атау тұлғада, тәуелдік, септік тұлғада тұрады.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар (Сөз жұмбақ шешу)


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Қонақты қалай сыйлау керек

2. Сөйлем мүшелерін атаңыздар.

3. Тұрлаулы мүшелердің қызметі
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

2. Жаттығу жұмыстары;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер. Қонақ күту.

20-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың байланысы.Бата.
2.Сағат саны: 2 90(100%)
3.Сабақ түрі:тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Сұраққа жауап беру барысында сөйлемдердегі дұрыс құрастыруды үйрету.

Тәрбиелік: Қонақ күтуге,Бата беруге,бір-бірін құрметтеуге,отанды сүюге тәрбиелеу.

Дамыту: Сөз қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту тапқырлыққа баулу.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Қонақты қалай сыйлау керек

2. Сөйлем мүшелерін атаңыздар.

3. Тұрлаулы мүшелердің қызметі

4. Жаттығу жұмысы


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Бастауыш пен баяндауыштытың байланысы
Қиысу – баяндауыштың бастауышпен байланысы. Мысалы: Біз оқушымыз. Сендер студентсіңдер. Мен жазушымын. Сіз оқытушысыз. Мен оқыдым. Біз оқыдық. Бұл – Шолақсай, Табысымыз мол, ертеңіміз айқын (газеттен).

Баяндауыштар жақтық және сандық (жекешелік, көпшілік) анайылық, сыпайылықты білдіретін тұлғалардың 1,2 кейде 3 жақтары арқылы бастауыш пен қиысып тұрады. Сөз бен сөздің осылай байланысқан түрін қиысу дейміз. Қиыса байланысу баяндауыш пен бастауыштың арасында болады да, әрқшан сөйлем құрайды.

Бұл – Шолақсай. Табысымыз мол. Ертеңіміз айқын. Деген сөйлемдердің де баяндауыштарымен қиыса байланысқан.
Дастарқанға БЕРІЛЕТІН БАТА

  Дастарқандарыңа береке берсін,

Бастарыңа мереке берсін.

Астарыңа адалдық берсін.

Бастарыңа амандық берсін.

***


Асың, асың, асыңа,

Береке берсін басыңа.

Қырғауылдай жорғалап,

Қыдыр деген жарықтық

Өзі келсін қасыңа.

Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол,

Бозторғайдай төлшіл бол.

Бұрама темір, сом алтын,

Суға салса, батпасын.

Тәңірі берген несібең

Тепкілесе кетпесін.

Ойда қойың жайылса,

Омыртқа мен құйрық же.

Қырда жылқың жайылса,

Қазы менен қарта же.

Дөнежінің бұзаулап,

Дүниеге сыйласын.

Құла биең құлындап,

Кең далаға сыймасын.

Жарылқа, Құдай, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет.

***


Дастарқаның тоқ болсын,

Уайым-қайғың жоқ болсын!

Бақ-дәулет берсін бастарыңа,

Ғұмыр берсін жастарыңа!

Пәле-жала, жын-шайтан

Жоламасын қастарыңа!

Аллаһу әкбар!

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
31 -жаттығу. Сөйлемдерді жазып, бастауыштың астын сызыңыздар.

1.Самат ағасына телефон соқты. 2.Мен үндемедім. 3.Өзім апарып салдым. 4.Айтқаны рас болды. 5.Жиырма бес үшке тең бөлінбейді.


32 -жаттығу. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін тауып, жазбаша түрде сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Зауытта кімдер жұмыс істейді? 2.Мекемеде кімдер жұмыс істейді? 3.Институтта кімдер жұмыс істейді? 4.Мектепте кімдер жұмыс істейді? 5.Дәрісте кімдер отыр?


33-жаттығу. Сөйлемнің әрбір мүшесіне сұрақ қойыңыздар.

1.Оның әкесі университетте жұмыс істейді. 2.Үйдің алдында әдемі гүлдер өсіп тұр. 3.Қыздар медеуге кетті. 4.Киімді инемен тігеді. 5.Котлетті еттен жасайды. 6.Базардан қарбыз әкел. 7.Жаттығуды жазамыз ба? 8.Даладан келді. 9.Үйге апар.


12. Жаңа тақырпты бекіту: 9 мин (10%)
1-тапсырма. Ендігі сайысымыз қазақ әліпбиіндегі әріптердің реттік санын қолдана отырып жасырын сөздермен мақал-мәтелдерді табу.

124
12512437


18118
61242512315118
152018115
15201816 3718 24131885818 31161243718
27231737 188 28133818 24372237231737
ІІ топ. 115117814818
151111152425118
15111115 15201811510113 301163715
124221113437
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) Жаттығу жұмыстары


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Бата. Бастауыш пен баяндауыштың байланысы туралы оқып келу.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет