Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер


Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары



бет10/47
Дата03.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#189193
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
Байланысты:
abf bio mukaz mad j paid sultan
ссылка Айналайын, 09.10 матем, 260538
Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары


1 тақырып Дәнді бұршақ дақылдардың морфологиясы
Мақсаты: Дәнді бұршақ дақылдарының морфологиялық ерекшеліктерімен
танысу, тұқымның жетілуін, тіршілікке қабілеттілігін анықтау.
Жоспар:
1 Дәнді бұршақ дақылдарының тамақтық және мал азықтық құндылығы. Асбұр-
шақ. Биологиялық ерекшеліктері. Агротехника ерекшеліктері.
2 Ноғатық. Ноқат. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Май бұршақ. Атбас бұршақ. Биологиялық ерекшеліктері. Агротехника ерекшеліктері.
Жалпы түсінік
Дәнді бұршақ дақылдарына асбұршақ, жасымық, сиыр жоңышқа, ноғатық, майбұршақ, ноқат, атбас бұршақ, лобия (бадана, үрме бұршақ) бұршағы, бері бұршақ кіреді. Олар бұршақ тұқымдасына (Fabaceae) жатады, алайда дақылдар арасында морфологиясы, биологиялық ерекшеліктері мен пайдалануда үлкен айырмашылықтар бар (8 сурет).

8 – сурет. Асбұршақ өсімдігі кұрылысының кескіні:
1 — сабақ; 2 - буынаралық; 3 -буын (түйін); 4 — жапырақ 5 — жапырақ cepiгi;6 жапырақ,шыбығы(бутары); 7—жапырақшашыбығы;8— жапырақша; 9 - мұртша; 10- гүл тұғырығы; 11- гүл; 12 – жеміс сабағы; 13- бұршаққап.

Дәнді бұршақ дақылдарының тамыр жүйесі кіндікті, 1-2 м топырақ қабатына бойлайды, көптеген бірінші, екінші, үшінші және одан кейінгі дәрежедегі бүйір тамыршалары болады, олар негізінен жыртылатын топырақ қабатында орналасқан.


Сабағы біреулерінде тік тұратын, бұтақты (атбас бұршақ, ноқат, майбұршақ, бөрі бұршақ) басқаларында – жапырылғыш (асбұршақ, жасымық) немесе жапырылуға бейім (ноғатық).
Жапырақтары күрделі, олардың құрылысы бойынша дәнді бұршақ дақылдарын үш топқа бөледі:
- қауырсын жапырақты өсімдіктер;
- үштік жапырақты өсімдіктер;
- саусақ салалы жапырақты өсімдіктер.
Гүл шоғыры – шоқгүл (майбұршақ пен бөрі бұршақта) немесе гүлдері жапырақ қолтығындаы гүл бағанасында бір, екі немесе үштен орналасқан.
Гүлдері – қосжынысты, бес күлтеше жапырақтары, бұрыс пішінді, күлтеше жапырақтарының түсі ақ түстен қызғылт-қызыл немесе күлгін түске дейін.
Жемісі - әртүрлі пішіндегі және мөлшердегі бұршақ. Піскенде екі ұзынша жармаға жарылады (ноқат, жасымық, және ақ бөрі бұршақтан басқаларында).
Тұқымдары әртүрлі көлемді, пішінді және әр түсті болып келеді.
Ас бұршақ (горох) - Pisum
Ақ гүлді және боялған гүлді ас бұршақ түріне жатады.
Егістік ас бұршақ негізінен азық-түліктік мақсатқа, мал азығына, сидеральды және көкөністік дақыл ретінде өсірілетін формаларын біріктіреді.
Егістік ас бұршақ – біржылдық шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі кіндікті, көптеген ұсақ бүйір тамыршаларынан тұрады және 1,2-1,5 м тереңдікке дейін бойлайды.
Ас бұршақтың сабағы домалақ келген, айқындалмаған төртқырлы, іші қуыс, жеңіл жапырылады, ұзындығы 30-дан 150 см дейін және одан да жоғары.
Ас бұршақтың жапырағы күрделі: сағақтан, 2-3 жұп жапырақшадан, түр өзгерістеріне ұшыраған жапырақ болып табылатын дара санда мұртшалардан тұрады, соңғыларының көмегімен ас бұршақ кез келген біреуге сүйеніп тік өсе алады.
Жапырақтардың негізінде жартылай жүрек тәрізді пішіндегі ірі жапырақ серіктері орналасқан. Жапырақтар мен сабақтар балауыз тұтымен көмкерілген.
Гүлдері ірі, ақ, жапырақтардың қолтығында біреуден, немесе екеуден орналасқан.
Жемісі – көп тұқымды бұршаққап, түзу немесе қылыш тәрізді мұқалған ұшымен аяқталады.
Тұқымы – домалақ-бұрышты , әртүрлі шамада, көкшіл-жасыл, сарғыш-жасыл, ашық-қызғылт түсті.
Ас бұршақтың түр тармақтары – егістік ас бұршақ және далалық ас бұршақ- бір бірінен анық байқалған морфологиялық белгілермен ажыратылады.
Ас бұршақтың аталған екі түр тармақтарының әрқайсысы 2 топқа бөлінеді: аршылған және қантты. Аршылған ас бұршақтың бұршақ қабының жармасында қалың пергамент қабаты болады, бұл оған қаттылық береді. Қанттық ас бұршақтың бұршақ қабында мұндай пергамент болмайды. Оның жармалары жұмсақ келеді. Сондықтан қанттық ас бұршақтың бұршақ қабы жасыл күйінде тамақтық мақсатқа пайдаланылады. Ас бұршақ бірқатар морфологиялық белгілері бойынша түршелерге бөлінеді.
Жасымық (чечевица) –Ervumlens
Жасымық бес түрді біріктіреді, олардың ішінде жалғыз мәдени немесе кәдімгі жасымық барынша көп тараған.
Тамыр жүйесі кіндікті, аз бұтақтанған, сабағы жіңішке, төрт қырлы, биіктігі 40-70 см, жапырылуға бейім өсімдік. Жапырақтары қосқауырсынды, мұртпен аяқталады. Гүлдері ұсақ, ақ, көкшіл немесе күлгін – көк түсті.
Бұршаққабы қыса, 1-3 тұқымды, жалпақ.
Тұқымы дөңгелек, қысыңқы, жасыл немесе сары-жасыл, диаметрі 3-тен 9 мм-ге дейін.
Кәдімгі жасымық екі түр тармағына бөлінеді: ірі тұқымды жасымық (Е.Lens macrosperma) және ұсақ тұқымды жасымық (E. Lens microsperma).
Ноғатық (чина) – Lathyrus
Ноғатық 800-ден астам түрлерді біріктіреді, бірақ тағамдық маңызы бары бір-ақ түр – егістік ноғатық (Lathyrus sativus).
Егістік ноғатық екі түр тармағына бөлінеді: европалық және азиялық.
Тамыр жүйесі кіндікті, 170 см дейін топырақ тереңдігіне бойлайды, жақсы бұтақтанған. Сабағының биіктігі 20-дан 100 см дейін және одан жоғары, төрт қырлы, жапырылғыш.
Жапырақтары бір жұптан қосқауырсынды, жапырақшалары ланцетті немесе линиялы. Гүлдері дараланған, кейде бір гүл бағанасында екі екі гүлден болады, түстері әртүрлі: ақ, көк, күлгін, қызғылт немесе ақ, алайда көкшіл немесе қызғылт жүйкелі. Желкені қырқынды боялған.
Бұршаққап ромбы, кең линиялы немесе эллипс пішінді, жоғарғы тігісінде қысыңқы екі қанатты. Бұршаққапта 3-4 тұқым болады. Тұқымдары жалпақ, жалпақ-сыналы-тісті пішінде келеді. Түсі сарғыштау-ақ, сұр және қоңыр әртүрлі реңді және суретті.
Ноқат (нут) - Cicer
Ноқат Сicer туыстығына жатады және 30-дан астам түрлері біріктіреді. Олардың көпшілігі көпжылдық. Дақылда кең тарағаны жалғыз түр – мәдени ноқат (Cicer arietinum).
Бұл бір жылдық өсімдік, сабақтары қырлы, тік өседі. Тамыр түбінен немесе бүкіл сабақ бойымен бұтақтанады. Жапырақтары қысқа сағақты, дара қосқауырсынды, түкті, мұрттары болмайды. Гүлдері қосжынысты, ұсақ, ақ, қызғылт, қызыл-күлгін, кейде көкшіл түсті. Бұршаққаптары қысқа, қосдәнді, қампиған, сопақ пішінді, сабанды-сарғыш түсті, молынан түктелген. Тұқымы бұрышты – домалақ, тұмсықты, ақ, сары, қызылдау, қара.
Бадананың 200-дей түрлері белгілі, олардың 20-сы дақылда өсіріледі. Ірі тұқымдылардан барынша кең тарағаны кәдімгі бадана, ал ұсақ тұқымдылардан маш баданасы.
Кәдімгі бадана (Phaseolus vulgaris) жақсы дамыған тамыр жүйесін қалыптастырады. Сабағы шөптесін, бұтақты формаларында жапырылмайды, биіктігі 50 см. дейін. Жапырақтары үштік, жүрек тәрізді – үшбұрышты кең жапырақшалары болады. Гүлдері ақ, кейде қызғылт. Бұршаққаптары ұзын, көптұқымды ірі, бүйрек пішінді, түсі әртүрлі.
Май бұршақ (соя) - Glycine
Мәдени май бұршақ – Glicine hispida- 75 түрі біріктіреді. Май бұршақ – біржылдық шөптесін өсімдік, кіндікті тмыр жүйесі бар, ол жақсы бұтақтанады. Сабағы тік өседі, жапырылмайды, биіктігі 1,5 м дейін жетеді (9 сурет).

9 –сурет. Майбұршақ:1- өciп тұрған өсімдік; 2 - пiciп келе жатқан өсімдік; 3- бұршақ-қаптар; 4 — тұқымдар.

Жапырақтары үштік, жапырақшалары жұмыртқа пішінді, немесе сопақ, егін жинау қарсаңында түсіп қалады. Бұкіл өсімдік түкпен көмкерілген, гүлдері ақ немесе: ашық-күлгін түсті, 3-5 гүлден тұратын шоқгүл түрінде жапырақтар қолтығында орналасқан. Бұршаққаптары ірі емес, 1-5 тұқымды жиі түктенген, піскенде қоңыр, тіпті қара түсті болады. Тұқымдары шар тәрізді, сопақ пішінді, сары, жасыл, қоңыр, қара.


Мәдени май бұршақ көптеген түр тармақтары мен түршелерге бөлінеді
Манчжурия түр тармағы (Glycine hispida manschurica)- тұқымы жиі түрде сопақ, дөңес, орташа мөлшерде (1000 тұқымының массасы 120-130 г). Гүлдері ұсақ, сабағы жуан, жапырақтары дөрекі. Қытайлық (G.h. chinensis) жоғарыда аталған түр тармағынан айырмашылығы сабағы жіңішке, жапырылуға бейім, жапырақтары жұқа, тұқымдары жалпақ, ұсақ, 1000 тұқымның массасы 70-130г.
Бөрі бұршақ (люпин)- Lupinus туыстығы 200-дей түрді біріктіреді, оның ішінде екпе дақылда өсірілетіні төртеу.
Жіңішке жапырақтары бөрі бұршақ (Lupinus angustifolius) – біржылдық шөптесін өсімдік. Тамыры кіндікті 2м тереңдікке дейін бойлайды, жақсы дамыған түйнектері болады. Сабағы бұтақты, түкті, биіктігі 1,0-1,5м. Жапырақтары саусақ-салалы, 70 - 10 ұзынша линиялы жапырақшалары болады.
Гүлдері көк, көкшіл, қызғылт, ақ, күлгін. Негізінен гүлдердің көк түсі басым (басқа атауы – көк бөрі бұршақ осыдан тараған). Бұршаққап ірі емес, 4-7 тұқымды, түкті, піскенде қоңыр, жарылғыш. Тұқымы домалақ- бүйрек тәрізді пішінде, сұр, сұрғылт-қоңыр, немесе ақ. 1000 тұқымының массасы 150-180 г.
Сары бөрі бұршақ (Lupinus luteus) – біржылдық шөптесін өсімдік. Тамыры кіндікті, түйнектері жақсы дамыған. Сабағы бұтақты, биіктігі 1 м дейін. Жапырақтары саусақ-салалы, кері жұмыртқа тәрізді енді, 5-9 жапырақшадан тұрады, төменгі жағы түкті. Гүлдері сары. Бұршаққап үлкен емес, 4-5 тұқымды, молынан түктелген, піскенде ашық-қоңыр, жарылғыш. Тұқымды домалақ – бүйрек пішінді, мрамор суретті, кейде қара немесе суретсіз ақ түсті. 1000 тұқымының массасы 100-140г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет