Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер



бет7/13
Дата03.02.2017
өлшемі2,57 Mb.
#8721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Қажетті материалдар:

-майлы күнбағыс өсімдігінің төменгі, ортаңғы және жоғарғы жапырақтары

- майлы өсімдіктердің (мақсыр,қыша, ақ қыша, жаздық рапс, күздік рапс, арыш, майкене, күнжыт, жержаңғақ, перилла, ляллеманция) кеппешөптері

- майлы дақылдардың жемістері мен тұқымдарының коллекциясы

- күнбағыстың негізгі сорттары көрсетілген таблица

- майлы дақылдардың плакаты

Әдебиет: 2, 135-147 бет, 4, 168-179 бет.

Бақылау сұрақтары:

1. Негізгі майлы дақылдардың құрылыс ерекшеліктеріне тоқталыңыз?

2. Негізгі майлы дақылдардың өсіп жетілу кезеңдеріне сипаттама беріңіз?

3. Майлы дақылдардың классификациясының принципі қандай?

4. Майлы дақылдардың өкілдері мен олардың ерекшеліктері?

5. Майлы дақылдардың адам өміріндегі, табиғаттағы, өндірістегі алатын орны?


Майлы дақылдардың тізімі:

1. Біржылдық күнбағыс (Подсолнечник однолетний) -Hlelianthus annuus.

2. Мәдени күнбағыс (Подсолнечник)- Helianthus cultus Wenzl.

3. Егістік (далалық) күнбағыс (Подсолнечник полевной) -Helianthus sativus.

4. Сәндік күнбағыс (Подсолнечник) -Helianthus cultus ornamentalis.

5. Мақсыр (Сафлор)- Carthamus tinctorius L.

6. Майлы зығыр (Лен масличный) - Linum.

7. Көкшіл сұр қыша (Горчица-сизая) -Brassica juncea Czern.

8. Ақ қыша (Горчица белая) -Sinapis alba L.

9. Рапс - Brassica napus oleifera D. C.

10. Жаздық егістік арыш (Рыжик) -Camelina sativa Czantr.

11. Үпілмәлік, майсана, майкене, кенедән Клещевина (крупноплодная)-Ricinus macrocarpus Pop.

12. Күнжіт (Кунжут) -Sesamum indicum L.

13. Жер жаңғақ (қытай жаңғақ) (Арахис) -Arachis hypogaea.

14. Перилла- Perilla frutescens Brit. (P. ocymoides L.)

15.Ляллеманция -Lallemantia iberica F. еt. M.


Тесттер

1. Күнбағыстың жемісі не деп аталады?

А) дәнек

В) тұқымша

С) жаңғақша

D) себетгүл

Е) шашақ
2. Күнбағыстың алғашқы гүлдейтін гүлдері?

А) түтік гүлдері

В) ортаңғы гүлдер

С) воронка тәрізді гүл

D) шеткі гүлдер

Е) тілше гүлдер
3. Қазіргі күнбағыстың сорттарының майы % бойынша?

А) 60-63

В) 25-28

С) 70-80

D) 50-52

Е) 30-45
4. Майлы дақылдардың ішінде құрғақшылыққа ең төзімді:

А) арахис

В) перилла

С) кунжут

D) күнбағыс

Е) мақсыр

5. Кеппейтін техникалық май қандай дақылдарға тән?

А) кунжут, рапс, қыша

В) мақсыр, перилла, қыша

С) майкене, жержаңғақ

D) арыш, рапс

Е) күнбағыс, кунжут



Крахмалды дақылдар

Жалпы түсінік. Картоп – алқа тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Картоптың көп таралған түрі Solanum tuborasum. Картоптың 200- ден астам жабайы және екпе түрі бар. Картоптың биіктігі 50-80см, бір түпте 3-6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жер асындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Түйнегінің пішіні, түсі, сортына, өсетін жеріне қарай әр түрлі. Картоп алғаш Оңтүстік Америкада өсірілген, Россияға Европадан әкелінген. Картоп Қазақстанның барлық аймақтарында өсіріледі. Әсіресе Солтүстік Қазақстанның өсіру мүмкіндігі мол. Оңтүстік Қазақстанда картоп көбіне суармалы алқаптарда өсіріледі. Картоп тағамға, малға – азық және өнеркәсіпте техникалық шикізат ретінде пайдаланылады.

Картоп өсіру – егіншіліктің бір саласы. Картоп үшін ең қолайлы алғы дақылдар асбұршақ, жүгері, қант қызылшасы, қара парға егілген күздік дәнді дақыл, жеміс дақылдарынан – капуста, қияр. Бақша дақылдары да картоп үшін ең жақсы алғы дақыл. Отырғызу үшін салмағы 50-80г түйнектер іріктеп алынады. Қоймадан алып егілген түйіннен 15-25 күнде, кейде тіпті бір айда көктейді. Сондықтан түйнектің көктеп шығуын тездету үшін оны сөреге жайып, бөлме ішіне сәуле түсіру, егістікте не қойма ауласында күн көзіне қыздыру және қараңғы бөлмеде өндіру керек.

Картоп топырақтың 8-10 см тереңдіктегі температурасы 6-80 С-қа жеткенде егіледі, 12-140С-та тегіс көктейді. Ылғалы жеткілікті алқаптарда әр гектарға 50-55 мың түйнек отырғызылады. Қатараралықтары 60 және 70 см, ал қатардағы өсімдіктер аралығы 25, 30 және 35 см болады. Тұқым алу үшін әр гектарға ірілігі мен отырғызылу жиілігіне қарай 2,5-3,5 т тұқым жұмсалады. Картоп қара топырақты жерде 8-12 см, құм аймақты алқаптарда 8-10 см тереңдікке отырғызылады. Егістік картоп көктеп шықанға дейін 5-6 және 12-14 күндері екі рет тырмаланады. Көктегенннен кейін қатараралықтар бірнеше рет қопсытылады. Алқаптағы арам шөпті құрту үшін гербицидтер қолданылады. Аурудан таза, ірілігі біркелкі тұқым өнімді мол береді.
Бақылау сұрақтары:

1. Крахмалды өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерінің баяндаңыз?

2. Негізгі крахмалды дақылдардың маңызын атаңыз?

3. Картоптың биологиялық ерекшеліктері қандай?

4. Крахмалды өсімдіктердің тамақтық құндылығы жоғары ма? Не себептен?

5. Картоп, боташ және тағы басқа крахмалды дақылдардың маңызы?


Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып Крахмалды дақылдардың морфологиясы

Мақсаты: Крахмалды өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерімен танысып, негізгі маңызын анықтау

Жоспар:

1 Картоптың биологиялық ерекшеліктері.

2 Крахмалды өсімдіктердің тамақтық құндылығы.

Жалпы түсінік

Түйнек жемістер (картоп, жер – алмұрт)

Картоп тұқымдасына (Solanaceae) Solanum туысына жатады. Бұл туыстықтан егістікте көп тараған түрі мәдени картоп- Solanum tuberosum. өзінің табиғатына қарай қарастырылып отырған түр сабағы жыл сайын өліп қалатын көпжылдық түйнекті өсімдік. Оны вегетативті жолмен де тұқыммен де көбейтуге болады.

Картоп түйнегімен көбейткенде тамыр жүйесі шашақты болады. Ол жекелеген сабақтардың тамыр жиынтығы деп есептеледі және столон маңы тамырларынан тұрады. Тұқымымен көбейтілгенде кіндік тамыр жүйесін қалыптастырады.

Түйнектерімен көбейтілгенде биіктігі 180-200 см жететін бірнеше қырлы сабақтардан тұратын бұта түзеді. Бұтадағы сабақ саны түйнектерде өскен көзшелер санына, түйнектің мөлшері мен өсіру тәсілдеріне тәуелді.

Картоптың жапырақтары күрделі, үзік-дарақауырсынды-қиықты, бірнеше жұп бүйір бөліктері мен бөлшектерден тұрады, сабақ бойында бұрандалы орналасқан.



Гүлдері қос жынысты, бестік типте, күрделі шиыршық гүл шоғырына жиналған. әрбір гүл тозаңдарымен 5 аталықтан және бағана ұзындығы әртүрлі аналықтан тұрады, түстері жасыл-сарғыштан күрең қызылға дейін. Картоптың барлық сорттары гүл түзе бермейді. Жемісі – шырынды жидек, көптеген тұқымдардан тұрады. Тұқымдары ұсақ жаншылған, ақ-сұр және сарғыш түсті, 1000 санының массасы 0,3-0,5 г (15 сурет).


15-сурет. Картоп өсімдігінің тұқымының дамуы.

Түйнек – түр өзгерісіне ұшыраған жер асты сабағы болып табылады, пішіні мен түсі әртүрлі. Түйнектің бетінде бұрандалы тәртіппен орналасқан көзшелер (түр өзгерісіне ұшыраған жапырақтар) болады, олар тыныштық күйіндегі 2-3 бүршіктен құралған. Түйнектің столонға бекіген жерін кіндік, ал қарама-қарсы жағын – төбесі деп атайды. Сортына қарай картоп түйнегі сопақ, домалақ, ұзынша-сопақ болыу мүмкін. Сыртқы түсі бойынша түйнектер ақ, сары, қызыл, қызғылт, қызғылт-күлгін болады, ал жұмсағының түсі – ақ, сарғыш, сары, күлгін.

Түйнектің анатомиялық құрылысы сабаққа ұқсас: оның ұзындық қимасына түкті сақина шоғырын көруге болады, ол түйнек бетіне таяу көзшелерге қарай орналасқан, түйнектің орта бөлігі барынша ылғалды өзекпен толтырылған, ол негізінен крахмал клеткаларынан тұрады; түйнектің сырты эпидермис түзетін перидерма қабатынан тұрады.

Жер-алмұрт (топинамбур) – көпжылдық түйнекті өсімдік. Ол астра тұқымдасына (Astraceae) Hehanthus – туыстығына tuberosum түріне жатады.

Морфологиялық құрылысы бойынша жер-алмұрт күнбағысқа өте ұқсас.

Тамыр жүйесі түйнектерімен көбейтілгенде шашақты, жақсы дамыған, тұқымымен көбейтілгенде – тереңге бойлайтын кіндік тамырлы (16-сурет).





16-сурет. Жер алмұрты, түйнектері мен өсімдігінің жалпы көрінісі
Сабақтары – тік өседі, жақсы жапырақтанған, биіктігі 2,5-3,0 м. бұтақтана алады, кейде сәл күлгін түсті.

Жапырақтары қарапайым, сағақты, жұмыртқа тәрізді, үшкірленген, ірі, шеттері ара тісті, сабақтың төменгі бөлігінде қарама-қарсы, ал орта және жоғары бөлігінде – кезектесіп орналасқан. Жапырақтары мен сабақтары дөрекі талшықтармен көмкерілген.

Гүл шоғыры – диаметрі 3-4см келетін кәрзеңке, гүлдері екі типті – жеміссіз тілді және жемісті қосжынысты түкті. Гүлдері желдің көмегімен және насекомдармен айқас тозаңданады.

Жемісі – кішірек сұр шекілдеуік, күнбағыс шекілдеуігінен айтарлықтай ұсақ, 1000 санының массасы 7-9г. Тұқымымен көбейтілуі селекциялық жұмыстарда кездеседі.

Жералмұртының түйнектері әртүрлі пішінді – алмұрт, цилиндр, түйреуіш тәрізді, ұзынша-домалақтау. Көзшелер түйнектерде бұранда тәртібімен дөңестеніп орналасқан.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет