Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер



бет8/13
Дата03.02.2017
өлшемі2,57 Mb.
#8721
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Қажетті материалдар:

-картоптың жапырағы мен гүлшоғырының кеппешөптері

- картоптың түйнектері, жемістері және тұқымдары

- формалині бар шыны ыдыста орналасқан картоптың тамыр жүйесі

- 5л шыны цилиндрлер

- ареометрлер

- жер алмұртының түйнектері



Әдебиет: 2,127-133 бет, 4, 179-195 бет.

Бақылау сұрақтары:

1. Крахмалды өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерінің баяндаңыз?

2. Негізгі крахмалды дақылдардың маңызын атаңыз?

3. Картоптың биологиялық ерекшеліктері қандай?

4. Крахмалды өсімдіктердің тамақтық құндылығы жоғары ма? Не себептен?

5. Картоп, боташ және тағы басқа крахмалды дақылдардың маңызы?


Крахмалды дақылдардың тізімі:

1. Мәдени картоп (Картофель)- Solanum tuberosum.

2. Жер алмұрт Земляная груша (топинамбур)-Helianthus tuberosum.
Тесттер

1.Жер алмұрты өзінің құрылысы жағынан қандай майлы дақылдарға өте ұқсас келеді?

А) мақсырға

В) күнбағысқа

С) қышаға

D) күнжытқа

Е) периллаға


2. Жер алмұртының тамыр жүйесі қандай?

А) кіндік тамыр жүйесі

В) қосалқы тамыр

С) кіндік тамыр жүйесі, етті

D) шашақ тамыр жүйесі

Е) шашақ тамыр жүйесі, етті


3. Жер алмұртының сабағы қандай?

А) тік


В) ұзынынан төселіп жатады

С) цилиндр тәрізденіп өсіп жатады

D) цилиндр тәрізді

Е) конусты


4. Жер алмұртының жапырағы қандай?

А) жүрек тәрізді

В) бүршік немесе жүрек тәрізді, ұзын сағақты

С) үш құлақ - күрделі

D) сағақты, жұмыртқа тәрізді

Е) екі-үш рет қауырсынданған


5. Жер алмұртының гүл шоғыры қандай?

А) диаметрі 5-10 см болатын себетгүл

В) диаметрі 3-4 см болатын күнбағыс себетгүліне ұқсас

С) диаметрі 6-8 см болатын себетгүл

D) диаметрі 10-15 см болатын себетгүл

Е) диаметрі 20 см болатын себетгүл




Қантты дақылдар

Жалпы түсінік. Қант қызылшасы (Beta vulqaris) – қызылша туысына жататын екі жылдық техникалық дақыл. Бірінші жылы тамыр, тамыржеміс, жапырақ, сабақ сияқты вегетативтік органдар өседі де, екінші жылы тұқым алынады. Қант қызылшасының тамыржемісінің салмағы 300-600г. Суармалы жерлерде кейде 2000 г- ға дейін жетеді. Тамыржемісінде 15-20% сахароза, 4-5% клетчатка, 1-1,5% азот қосылыстары, 0,6-0,8% күл болады. Бағалы техникалық дақыл ретінде 19 ғасырдан бастап қоңыржай аймақтың барлық өңірінде өсіріледі. Қант қызылшасынан алынатын қант – негізгі тағамның бірі. Қант өндірісінің қалдығы (сірне мен жем) - өте бағалы мал азығы. Сірнеден спирт алынады. Қант қызылшасы малға жем үшін де өсіріледі. Қант қызылшасын жақсы қопсытылған құнарлы топырақты жерге күздік бидайдан кейін себеді. Қант қызылшасының тұқымы өнуі үшін топырақ 5-60С-қа дейін жылынуы қажет. Себу нормасы 32 кг/га, тұқым 2-3 см (ауыр топырақты жерлерде 4-5см) тереңдікке, қатар аралығы 44,5 см (суармалы жерлерде 50-60 см) шаршы ұялы әдіспен себіледі. Қазақстанда қант қызылшасын Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарында 78 мың га жерге егіледі. Орта есеппен әр гектарынан 333 ц өнім алынады. Қазақстанда қант қызылшасы Рамонская 1537, Рамонская 06 сорты, Белоцеркавская односемянная, Ялтушковская односемянная, Киргизская односемянная және ВНИС 5 сорттары аудандастырылған. Қант қызылшасы егісін арам шөптен тазартып, топырақты қопсытып, үстеп қоректендіріп, зиянкестермен күрес шараларын үзбей жүргізу керек.

Тканінде көп мөлшерде қант жиналатын дақылдар – қантты өсімдіктер деп аталады. Азық-түлік өнеркәсібінде қант қызылшасы, қант қамысы, бал жүгері, жер алмұрты, қант пальмасы (ренга) шарап пальмасының маңызы үлкен. Қарбыз, қауын, тәтті шырынды парсы түйетікені құрамында да қант көп болады. Фотосинтез процесінде жапырағында қант түзілетін – сахарофильді (мыс. қызғалдақ, шалқан, пияз), жапырағында қантпен қатар крахмал жиналатын амилофильді өсімдіктер де болады.

Қант өндірісі – қант қызылшасынан не қант қамысынан шекер өндіруге арналған технологиялық процестер.

Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып Қантты дақылдардың морфологиясы

Мақсаты:

– өндірістік қантты дақылдарға мәлімет беру;

– көмірсулардың өсімдікте жиналуын игеру.

Жоспар:

1 Қант үшін өсірілетін екпе дақылдарға (қант қызылшасы, қант қамысы т.с.с) сипаттама.

2 Көмірсулардың өсімдікте жиналуы. Қызылша өсіру.

Жалпы түсінік

Қант қызылшасы (Beta vulqaris) – қызылша туысына жататын екі жылдық техникалық дақыл. Бірінші жылы тамыр, тамыржеміс, жапырақ, сабақ сияқты вегетативтік органдар өседі де, екінші жылы тұқым алынады. Қант қызылшасының тамыржемісінің салмағы 300-600г. Суармалы жерлерде кейде 2000 г- ға дейін жетеді. Тамыржемісінде 15-20% сахароза, 4-5% клетчатка, 1-1,5% азот қосылыстары, 0,6-0,8% күл болады. Бағалы техникалық дақыл ретінде 19 ғасырдан бастап қоңыржай аймақтың барлық өңірінде өсіріледі. Қант қызылшасынан алынатын қант – негізгі тағамның бірі. Қант өндірісінің қалдығы (сірне мен жем) - өте бағалы мал азығы. Сірнеден спирт алынады. Қант қызылшасы малға жем үшін де өсіріледі. Қант қызылшасын жақсы қопсытылған құнарлы топырақты жерге күздік бидайдан кейін себеді. Қант қызылшасының тұқымы өнуі үшін топырақ 5-60С-қа дейін жылынуы қажет. Себу нормасы 32 кг/га, тұқым 2-3 см (ауыр топырақты жерлерде 4-5см) тереңдікке, қатар аралығы 44,5 см (суармалы жерлерде 50-60 см) шаршы ұялы әдіспен себіледі. Қазақстанда қант қызылшасын Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарында 78 мың га жерге егіледі. Орта есеппен әр гектарынан 333 ц өнім алынады. Қазақстанда қант қызылшасы Рамонская 1537, Рамонская 06 сорты, Белоцеркавская односемянная, Ялтушковская односемянная, Киргизская односемянная және ВНИС 5 сорттары аудандастырылған. Қант қызылшасы егісін арам шөптен тазартып, топырақты қопсытып, үстеп қоректендіріп, зиянкестермен күрес шараларын үзбей жүргізу керек.



2 Тканінде көп мөлшерде қант жиналатын дақылдар – қантты өсімдіктер деп аталады. Азық-түлік өнеркәсібінде қант қызылшасы, қант қамысы, бал жүгері, жер алмұрты, қант пальмасы (ренга) шарап пальмасының маңызы үлкен. Қарбыз, қауын, тәтті шырынды парсы түйетікені құрамында да қант көп болады. Фотосинтез процесінде жапырағында қант түзілетін – сахарофильді (мыс. қызғалдақ, шалқан, пияз), жапырағында қантпен қатар крахмал жиналатын амилофильді өсімдіктер де болады (17-сурет).



17-сурет. Қант қызылшасыньң тамыр жемісі:1-басы; 2- мойыны; 3 - нағыз тамыр.
Қант өндірісі – қант қызылшасынан не қант қамысынан шекер өндіруге арналған технологиялық процестер.

Жұмыстың барысы:

Қызылша – ұзақ күннің өсімдігі. Күн сәулесінің жеткіліксіздігі өнімді төмендетіп қан қоймайды, сонымен бірге тамыр жемісінің химиялық құрамын нашарлатады. Қызылша механикалық құрамы құмайт және құмбалшықты, жырту қабаты қалың, бейтарап немесе сәл сілтілі, борпаң топырақта жақсы өседі.

Асханалық қызылшаны қырыққабаттан, картоптан, қиярдан, қызанақтан, ас бұршақтан, кейін өсіреді. Қызылшаның тұқымы бір мезгілде піспейді сондықтан оларды 2-3 рет жинайды.

Қажетті материалдар:

Кестелер, микроскоптар, лупалар, плакаттар, зертханалық таразы, муляждар, пинцет, пробиркалар, ланцеттер, стакан.



Әдебиет: 4, 339-345 бет.

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірістік қантты дақылдарға қандай сипаттама бересіз?

2. Қант үшін өсірілетін екпе дақылдарға (қант қызылшасы, қант қамысы т.с.с) тән ерекшеліктер?

3. Көмірсулардың өсімдікте жиналуы қалайша өтеді?

4. Қызылша өсірудің қандай әдістері бар?

5. Қантты дақылдардың мәні?


Қантты дақылдардың тізімі:

1. Қант қызылшасы – (Сахарная свекла) Beta vulgaris.


Тесттер
1. Қант қызылшасының тамыр жүйесі қандай тереңдікке және ендікте жатады:

А) 2,0-2,5м тереңдікте, 40-50см ендікте

В) 5-5,м тереңдікте, 20см ендікте

С) 10 м-ге дейін тереңдікте, 100см ендікте

D) 15см –ге дейін тереңдікте, 50см ендікте

Е) дұрыс жауабы жоқ


2. Қант қызылшасының гүлсидамы вегетацияның 1-ші жылында пайда бол ма?

А) жоқ


В) жоқ, тіршілігінің 3-ші жылы дамиды

С) иә


D) жоқ, 4-ші жылы пайда болады

Е) жоқ, 5-ші жылы пайда болады


3. Қызылша өсімдігі тіршілігінің 2-ші жылында жапырақ дамыта (шығара) ала ма?

А) жоқ


В) жоқ, тіршілігінің 3-ші жылы дамиды

С) иә


D) жоқ, 4-ші жылы пайда болады

Е) жоқ, 5-ші жылы пайда болады


4. Қант қызылшасының жапырағының пішіні қандай болып келеді?

А) жай


В) сағақты

С) бөлімді

D) тілімделген

Е) түкті



Талшықты дақылдар

Жалпы түсінік. Талшықты өсімдіктер – тоқыма өнеркәсібінде тұқымы, жемісі, сабағы, жапырағы, талшығы пайдаланылатын бір жылдық не көп жылдық өсімдіктер. Мысалы, мақтаның тұқымы, сейба деген өсімдіктің жемісі, тінді өсімідіктердің сабағы, агава мен Жаңа Зеландия зығырының жапырағынан талшық алынады. Жер жүзінде көбінесе мақта, джут, сора, зығыр, кенеп егіледі.

Мақта өсіру – тоқыма өнеркәсібі мен басқа өндіріс салалары үшін құнды техникалық шикізат беретін өсімдік шаруашылығының бір саласы. Заводтарда шитті мақтаны өңдегенде шитті мақтаның жалпы салмағынан 29-40% таза мақта, 24-26% май болатын тұқым және бұдан басқа мақта мамағы алынады. 1 т шитті мақтадан 290-400 кг мақта талшығы (бұдан 3000 м мақта тоқылады), 600-700 кг тұқым алынады, 1 т мақта тұқымынан 170 кг мақта майы, 400 кг құн жара, 300 кг қауыз, ондаған килограмм мақта мамығы, олифи, стеарин, глицерин және басқа да құнды өнімдер алынады.

Мақташөп (Panoleria turkestanica) – алабота тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы көп бұтақты, қалың түсті. Жапырағы қандырмалы, кезекті орналасқан. Гүлі қос жынысты, масақ гүл шоғына топтанған, аталығы 5. Шілде – тамызда гүлдейді. Мақта тақырда, құмда, сексеуіл арасына өседі. Қазақстанда Қызылорда облысында, Зайсан, Бетпақдала, Мойынқұмда, Балқаш – Алакөл алқабында, Түркістан, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауында, Қаратау беткейінде өседі. Мақта – мал жайылымы.

Зығыр (Zinum) – зығыр тұқымдасының бір туысы. Бір жылдық не көп жылдық шөптесін өсімдік. Зығырдың субтропик және қоңыржай аймақтарда өсетін 300- ге жуық түрі белгілі. Екпе зығыр дара сабақты не сабағының төменгі жағы тармақталған, тықыр, тұтқыр балауызды жұмыр келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, шеті тұтас, қандауыр тәрізді. Гүлі ұсақ, көкшіл, күлгін, қызғылт, ақ, өздігінен тозаңданады. Жемісі қауашақ, тұқымы жалпақ, жылтыр, 44 %-ке дейін май болады. Зығырдың көп жылдық жабайы және екпе түрінің дәнінен май, сабағынан талшық алынады, әсемдік үшін де өсіріледі. Зығырдың талшығы ширатылып келген ұзын, одан әр түрлі мата тоқылады. Екпе зығырдың бірнеше топтары бар. Мысалы, шуда зығырдың биіктігі 80-100 см сабағында 25% талшық болады, май алу үшін өсіріледі; межеумок зығыры көбіне тұқым алу үшін өсіріледі; бұйра зығырдың биіктігі 30-35 см шоқталып өседі, тұқымды көп береді, одан май алынады; ірі дәнді зығырдың дәнінде май болады. Қазақстанда екпе зығырдың бірнеше сорттары бар. Сибиряк сорты Акмола, Орал, Семей, Солтүстік Қазақстан; Авангард сорты – Алматы, Орал; Вир -1650, Вир -1647 сорттары – Семей, Ақтөбе облысында өсіріледі.

Кендір, қызыл қурай (Apocynum) – көп жылдық апта тамырлы өсімдік. Кендірдің гүлі ұсақ, түсі ақ, күлгін, қызғылт, жемісі жіңішке, ұзындығы 8-10 см. Кендірдің 130-ға жуық түрлері бар. Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Талшығының сапасы жөнінен венеция және Сібір кендірі жоғары бағаланады. Кендір сабағында 20-27%-тік болады. Сондықтан кендірден жасалатын арқан, қап және түрлі маталар өте төзімді келеді.

Табиғи жағдайда кендір вегетативтік жолмен тез көбейеді. Кендірдің сабағынан, тамыр бүршіктерінен жыл сайын көптеген жас өсімдіктер өсіп шығады. Кендір тұқымынан нашар өседі. Оның тұқымы 12-160С жылылықта өсіп-өніп бір жылда биіктігі 50 см-ге жетеді. Екінші жылы гүлдеп тұқым бере бастайды, үшінші жылы толық жетіледі.

Кендір Қазақстанның Сырдария, Іле және Шу өзендері жағасында көбірек таралған. Кендір тамырынан жүрек ауруына қолданылатын гликозидтер алынады. Бұл өсімдік топырағы құнарлы, ылғалды, жұмсақ жерде жақсы өседі.

Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары

1 тақырып Талшықты дақылдардың морфологиясы

Мақсаты: Талшықты дақылдардың өсімдіктердің тоқыма өнеркәсібіндегі

маңызы мен техникалық



Жоспар: 1 Өсімдікте талшықтардың орналасуы.

Мақта, зығыр, кенеп, кендір- негізгі талшықты өсімдіктер.

2 Өсімдік шикізатын өңдеу.

Жалпы түсінік

Талшықты өсімдіктер талшық өндіру үшін өсіріледі, ал ол әртүрлі тоқыма маталары мен көптеген басқа бұйымдар өндірісінде пайдаланылады.

Талшықты дақылдар тобы әртүрлі ботаникалық тұқымдастарға жататын көптеген өсімдіктер түрлерін біріктіреді. Талшықтың пайда болу орнына байланысты оларды үш топқа бөледі:

1.Жемістері талшықты өсімдіктер –талшықтары тұқымдары мен жемістерінде түзіледі. Оларға мақта өсімдігі (құлқайыр тұқымдасы) жатады (18-сурет).




18-сурет. Мақта өсімдігінің бұтасы

1- негізгі сабақ; 2 – қорапшалары; 3- жеміс бұтақтары; 4- өскіш бұтақ


Сабақтары талшықты өсімдіктер – талшықтары сабақтарында қалыптасады.

Оған зығыр (зығыр тұқымдасы), қарақурай (қарақурай тұқымдасы),

кенеп пен канатник (құлқайыр тұқымдасы), кендір (жөке тұқымдасы), рами,



(қалақай тұқымдасы) кіреді (19,20-сурет).



19-сурет. Зығыр:1—салалы зығыр;2—3-аралық зығыр; 4 — бұйра зығыр.



20-сурет. 1 — аталық; 2 —аналық
Жапырақтары талшықты өсімдіктер – талшықтары жапырақтарында пайда

болады. Бұл топқа тоқымалық агава, жаңазеландиялық зығыр және сизаль жатады.

Талшықты дақылдар тоқыма өнеркәсібінің шикізат көзі болып табылады. Дүние жүзілік егіншілікте талшықты дақылдардың ішінде алдыңғы орынды мақта өсімдігі, кендір, зығыр, қарақурай, және кенеп иеленеді, ал ТМД елдеріндегі маңызды талшықты дақылдар – мақта өсімдігі, талшықты зығыр, кенеп. Талшықты дақылдардың тұқымдарында тамаққа және техникалық мақсаттарға пайдаланатын май болады. Тұқымды майға өңдегенде шығатын қосымша өнім – күнжара бағалы белокты мал азығы.

Қазақстан Республикасында талшықты дақылдардан Оңтүстік Қазақстан облысының 9 ауданында – Мақтаарал, Жетісай, Киров, Сарағаш, Ордабасы, Түркістан, Арыс және Шардара – тек қана мақта өсімдігі өсіріледі.



Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет