Гаж географиялық ақпараттық жүйе (гаж), кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады



Дата08.02.2022
өлшемі1,38 Mb.
#98988
Байланысты:
руский язык срсп АйбатК, Инклюзивті білім беру жүйесі

Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (ГАЖ) – бұл кеңістіктік және олармен байланысты кеңістіктік емес мәліметтерді жинау, сақтау,өңдеу,талдау мен кескіндеуді және олардың негізіндегі географиялық кеңістік жайлы ақпарат пен білімді қамтитын ақпараттық жүйе.
ГАЖ
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ), кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады.
Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда.

Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады - геоақпараттық қосымшалар үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді.
ГАЖ құрылымының қосалқы жүйелері
Геоақпараттық жүйенің құрылымына төрт міндетті қосалқы жүйе кіреді:
1. Мәліметтерді енгізу. Бұл жүйешік қашықтықтан зондылау немесе карта материалдарынан алынған кеңістік мәліметтерді енгізу мен өңдеуді жүзеге асырады;
2. Сақтау мен іздеу. Бұл сәйкес талдау мәліметтерін жедел түрде алып отыру үшін және оларды іске қосып, реттеу үшін қолданылады;
3. Өңдеу мен талдау. Бұл параметрлерді бағалауға және есептік-аналитикалық тапсырмаларды шешу үшін пайдалынылады;
4. Мәліметтердің әртүрлі формада (жергілікті орынның картасы, кестесі, суреті, блок-диаграммасы, сандық модельдері) көрсету (беру)
Кеңістіктік мәліметтерді талдау немесе кеңістіктік талдау - ГАЖ-ды анықтаудағы түйін сөздер болып табылады. ГАЖ келесі сұрақтарға жауап бере алады:
-Берілген облыста не орналасқан? -Берілген шарт жиынтығын қанағаттандыратын облыс қайда орналасқан? -Заманауи ГАЖ карталарды жеке тақырыптық қабат түріндегі графикалық мәліметтерді сақтау есебінен қолдануды, ал олардың нысандардың сапалық және сандық сипаттамаларын мәліметтер
базасы түрінде қолдануды
 кеңейтті.
Функционалды мүмкіндіктері бойынша:
- Жалпы мақсаттағы толықфункционалды ГАЖ;
- Маманданған ГАЖ қандайда бір саладағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған;
- Үйде және ақпараттық-анықтамалық қолдануға арналған ақпараттық анықтамалық жүйелер;
Бүгінгі күні ГАЖ келесі классификацияға ие. Территорияның қамтылуына байланысты – ғаламдық (global GIS), субконтиненталдық, ұлттық (мемлекеттік мәртебеге ие), аймақтық (regional GIS), субаймақтық, жергілікті (local GIS). Ақпараттық модельдеу саласының пәніне байланысты – жер қойнауын пайдаланушы қалалық (муниципалды) ГАЖ (urban GIS), таулы-геологиялық ГАЖ, табиғатты қорғау ГАЖ (environmental GIS) және т.б., олардың арасында кеңінен таралған геоақпараттық жүйелері. Мәселелік бағытына қарай – алдына қойған мақсатына байланысты (ғылыми және қолданбалы), олардың арасында ресурстарды инвентаризациялау (соның ішінде кадастр), талдау, бағалау, мониторинг, басқару және жоспарлау, шешім қабылдауды қолдау деп бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет