Географиялық ақпараттық жүйе



Дата24.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#188172
Байланысты:
Презентация (2)
ПАКИ

Географиялық ақпараттық жүйе

Кіріспе

  • Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ), кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі балып саналады. Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда. Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады – геоақпараттық қосымшалар үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді.

Негізгі бөлім

  • Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы. ГАЖ 1960 жылдардың cоңында дамыса да, соңғы 10 жылда бұл технология өте қарқынды пайдаланылуда. Мұндай қарқынды дамудың басты себебі – әрине, есептеу техникасының дамуы болып отыр. ГАЖ пайдаланатын кең көлемді мәтіндік және графикалық ақпараттар, модельдік есептер, сапалы графика – машина ресурстарын едәуір талап етеді. Осы уақытқа дейін ГАЖ үшін жарамды сипаттамалары бар ЭЕМ өте қымбат, әрі оны тек ірі қалалардағы үлкен мекемелер ғана пайдалана алды.

Соңғы 10-15 жылда шетелдерде және отандық тәжірибеде ГАЖ- дың басым бөлігі ақпараттық жүйелер екендігін көрсетті. Ол мына мәселелерді шешудің ақпараттық негіз болып табылады:

  • 1.басқару деңгейінің шешімін қабылдау;
  • 2. қала мен оның жеке аумағының дамуын жоспарлау;
  • 3. қала аумағындағы өнеркәсіп пен азаматтық белгідегі объектілерді тиімді жобалау;
  • 4. қаланың бас жоспарын жасау және оны іске асыруды бақылау;
  • 5. аумақтың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, табиғи-ресурстық жағдайларын зерттеу және олардың экономикалық бағасы;
  • 6. қала жерлері мен жылжымайтын мүліктерді (ғимараттар мен құрылыстар) есепке алуды және тиімді пайдалануды жетілдіру;
  • 7. қалалық коммуналдық шаруашылықтың инженерлік желісінің орналасу орны мен пайдаланылуы жөніндегі ақпараттарды алу;
  • 8. көп мақсатта пайдаланылатын техногенді процестер мен жер қойнауының табиғи қорлары жөніндегі мәліметтерді, тау-кен- геологиялық мәліметтерін жинау;
  • 9. табиғи ресурстарды, жылжымайтын мүліктерді пайдалануға, қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақы, салық салуды жүргізу;
  • 10. аймақтық ресурстарды тұтынушылардың, жекеменшік иесінің, басқа тұтынушылардың құқын қорғау

Геоақпараттардың тұрақты пайдаланушыларына мыналарды жатқызуға болады:

  • Басқарушы және орындаушы өкіметтің қалалық құрылымдары;
  • жоспарлаушы органдар;
  • Салық инспекциясы
  • заң және құқық қорғау органдары;
  • Қаланың сәулет-жоспарлау және жер қызметтері;
  • Пайдаланушы мекемелер (коммуникациялар, транспорт, ғимараттар мен құрылыстар);
  • ғылыми-зерттеу,жобалау институттары;
  • Құрылыс мекемелері;
  • Сауда мекемелері, барлық міндеттегі биржалар;
  • Әлеуметтік-экономикалық, техникалық қадағалау инспекциялары мен бақылау органдары;
  • Шетел серіктестері мен инвесторлар;
  • Кәсіпкерлердің коммерциялық білім алуы;
  • Жеке тұлғалар.

2. Геоақпараттық жүйелердің құрамды бөліктері.

  • 1.Аппараттық құралдар: қазіргі уақытта ГАЖ компьютерлі платформалардың әртүрлі типтерінде, орталықтандырылған серверден жеке немесе үстел үстіндегі байланысқан компьютер желісіне дейін жұмыс істейді.
  • 2.ГАЖ-дың бағдарламалық қамтамасыздандырылуы: географиялық (кеңістіктік) ақпараттарды сақтауға, талдауға және көзбен шолуға (визуализация) қажетті функциялар мен құрал-жабдықтардан тұрады.
  • 3.Берілген деректер: қажетті тақырыптық қабаттары бар дайын карталар немесе ғарыштық түсірімдер, аэрофототүсірімдер, т.б. түрінде берілуі мүмкін.

Кез келген ГАЖ екі типті – графикалық және атрибутивті немесе тақырыптық деректер қорымен жұмыс істейді. Ал графикалық деректер қорында графикалық немесе метрикалық негіз деп аталатын деректер сақталады; атрибутивті (анықтауыштық) карта жүктемесі және кеңістікке жататын, бірақ картаға тура түсірілмейтін қосымша деректерден – аумақтың сипаттамасы немесе есептемедегі ақпараттан тұрады. Кез келген ГАЖ екі типті – графикалық және атрибутивті немесе тақырыптық деректер қорымен жұмыс істейді. Ал графикалық деректер қорында графикалық немесе метрикалық негіз деп аталатын деректер сақталады; атрибутивті (анықтауыштық) карта жүктемесі және кеңістікке жататын, бірақ картаға тура түсірілмейтін қосымша деректерден – аумақтың сипаттамасы немесе есептемедегі ақпараттан тұрады. Қордың екі түрі сандық деректі файлдарды (жинақтар) береді. Осы деректермен жұмыс істеу үшін ГАЖ-дың деректер қорын (базасын) басқару жүйесі (ДҚБЖ) болуы керек. ГАЖ-дың деректер қорын басқарудың – жеке метрикалық және атрибутивті ақпараттар үшін екі жүйесі бар. ДҚБЖ көмегімен ақпараттарды деректер қорында іздеу, сұрыптау, қосу және түзету жүзеге асырылады.

Геоақпараттық жүйелердің типтік құрама бөліктері

ГАЖ-дың шығару жүйесімен деректерді беру

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет