Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


СӨЗ ТАҢДАУ Өлең және сөз



Pdf көрінісі
бет18/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
СӨЗ ТАҢДАУ
Өлең және сөз
Өлең деген әр сөздің ұнасымы, 
Сөз қосарлық орайлы жарасымы.
(Абай)
Өлең тіліндегі сөздерді грамматикалық категориялар ретін-
де зат есім, сын есім, етістік деп жіліктеп талдаудың қажеті 
жоқ. Поэтикалық текстің лексикасын (сөздік қазынасын) зерт-
теу дегеніміз белгілі бір мағыналық, стильдік жүк арқалаған 
қолданыстарды әңгімелеу болады. Мұнда алдымен ақынның 
сөз таңдау шеберлігіне назар аударылады. Сөз таңдаудың өзін 
екі саладан іздеу керек. Бірі – өлең тексінде кездесетін сөздер-
дің сол өлеңнің мазмұнына, тақырыбына қатысты алынуы, 
екіншісі – көркемдік, яғни эстетикалық-стильдік мақсатпен 
белгілі бір сөздерді таңдап жұмсауы.
Ақынның қай-қайсысында да жеке өлең тақырыбына 
қатысты сөздерді қолдану – заңды құбылыс. Бірақ бүкіл шығар-
машылығынан (творчествосынан) алып қарайтын болсақ, 
Абайдың ақын ретінде айтпақ негізгі идеясына, ойшыл ретін-
де толғаған тақырыптарына, жанрлық жаңалықтарына сай 
бірқатар сөздерді жиі қолданып, актив сөздік қорына айнал-
дырғаны көзге түседі, өзгелерден айрықша тұрғанын таныта-
ды.
Абай – гуманист, ол дүние жүзіндегі ұлы гуманистердің 
алдыңғы сапында. Гуманизм әділдікті жақтау, адам баласы 
үшін игі қасиеттерді уағыздау, адамды сыйлап, оған жақсылық 
тілеу принциптеріне негізделетін болса, Абайдың да жырла-
ғаны алдымен имандылық, адамгершілік қасиеттер бол-
ды. Сондықтан ол рухани-мәдени дүниеге қатысты дерексіз 
ұғым атауларын (абстракт сөздерді) өте жиі қолданды. Мыса-
лы, 
адамдық 
сөзін Абай 15 рет жұмсаса, оның бір вариантты 
адамшылық 
тұлғасын 17 рет қолданған, демек, «адамгершілік» 
мағынасындағы сөзді ақын отыздан астам рет келтірген екен.
Абайдың ең жиі қолданған сөздерінің бірі – 
иман,
оны 
ақын өз тіліне 59 рет үйірген. Имандылық – гуманизм шар-


67
ты. Имандылыққа шақыру, оны үгіттеу, оны таныту – гума-
нист суреткердің міндеті. Міне, Абай осы үдеден шыққан. 
Иман 
сөзі о баста «ислам дінінің бес парызының бірі» 
дегенді білдіргенімен, ал діни терминдік мағынасы, Абайдың 
түсіндіруімен айтсақ, «Алла табарака уа тағаланың... бір-
лігіне, барлығына... жіберген жарлығына мойынсұнып, 
иланбақ» болғанымен, бұл сөз қазақтың халық тілінде жалпы 
«адамгершілік», «ізгілікке деген сенім» ұғымында жиірек 
қолданылған. Абайдың өзі: Ескендір патшаға Аристотель ау-
зымен: «Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда 
иман 
жоқ, 
түпке жетер» дегізгенінде, 
иман 
сөзі таза діни нанымды ғана 
емес, ар, ұят сияқты адамгершілік қасиетті атап тұр. Бұл сөздер 
қазақ поэзиясында бұрын да кездескенімен, дәл Абайдағыдай 
бір ақынның өлеңдері де 30-40 реттен орын алмағандығын 
білеміз.
Сондай-ақ Абай адам қасиеттерін атайтын 
жақсылық 
(33
 
рет), 
жаманшылық 
(18), 
арсыз
(18) сияқты сөздерді өлең 
тілінің актив сөздігіне айналдырған. Ақын жақсы-жаман мінез-
қылықтар мен іс-әрекеттерді атайтын сөздерді жиі қолданады. 
Абайдың адамнан, әсіресе жастардан күтетіні талап болса, 
ақын осы идеясын білдіруде 
талап 
сөзін 45 рет қолданған 
екен. Ал өз тұсындағы қазақ қоғамы үшін сауаттылыққа, 
білім-ғылымға ұмтылуды, өнердің түр-түрін игеруді жырлау – 
Абайдың ең негізгі тақырыбы. Бұл – өз халқының сауаттылық 
жайын, өнер-білім дәрежесін ойлағанда, Абайдың қабырғасы 
қайысқан тұсы.
Жарлы емеспін, зарлымын, 
Оны да ойла, толғанып.
Жұртым деуге арлымын,
Өзге жұрттан ұялып, –
деп зарланған, арланған сәттері де осы замани мәселелерге 
қатысты. Сондықтан оқу, білім, өнер жайын сөз еткен шығар-
маларында осы категориялардың өзін жиі атайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   259




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет