Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


ЕТІСТІК – КӨРІКТЕУ ҚҰРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет2/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
ЕТІСТІК – КӨРІКТЕУ ҚҰРАЛЫ
Есімдер сияқты етістіктер де көркем сөз тілінде, әсіресе 
өлең тексінде поэтикалық-стильдік қызмет атқара алады. 
Абайда ойдың ұсынылу сипатына қарай етістік тұлғалардың 
түрліше болып келуі, әрине, ақын тілінің ерекшелігін та-
нытпайды, өйткені бұл тәсілді өзгелер де қолданады, бірақ 
Абайдың шеберлігін танытады. Бұл жердегі «шеберлік» деп 
отырғанымыз – мазмұн мен түрдің, яғни айтылмақ идея мен 
оның тілдегі көрінісінің үйлесімі.
Әдетте өлеңде айтылмақ ой жай баяндау түрінде ұсынылса, 
етістіктер көбінесе ашық райдың ауыспалы шақ 
(кетеді), 
өткен шақ 
(кетті, көрдім 
деген сияқты) тұлғаларымен 
беріледі. Абай «Мен жасымнан көп көрдім» деп басталатын 
«Абралыға» деген өлеңінде надан адамның портретін оның 
іс-әрекет, қылықтарын баяндау арқылы жасайды, сондықтан 
мұндағы етістіктер 
көрдім, көрмедім, шатылды, білмейді, не 
етеді, кетеді 
тұлғаларында тұр. Сөзге жүйрік болса да, сау-
аты жоқ, тіпті мұсылманшылық шарттарын дұрыс білмейтін 
«Сары жорға» атанған замандасына арнаған сықақ түріндегі 
бұл өлеңінде ақын Абралы замандасының портретін оның іс-
әрекеттерін көрсету арқылы береді. Ол үшін етістіктің қалыпты 
тұлғаларын пайдаланады.
Абайдың көп өлеңі констатация түрінде, яғни оқиғаның, 
болмыстың, суреттің дәл солай екендігін, бар екендігін баян-
дау сипатында берілгендіктен, оларда да етістіктер ашық рай 
тұлғасында қолданылған. Мысалы, «Қансонарда бүркітші 
шығады аңға» деп басталатын өлеңінде аңшылық суретін 
береді және оны жай баяндау стилімен ұсынады, бұл конста-
тация 
шығады, тұра қалады, талас қылады, айқасады 
деген 
сияқты ауыспалы шақ тұлғасында келсе, сипаттау етістіктері 
көсемше тұлғаларымен 
(сымпың қағып, қорқақтап, тісін 
қайрап) 
ұсынылады.
Қысқасы, Абай өлеңдерінде етістіктің шақтық тұлғаларын 
қолдануда сол өлең идеясының статика 
(бір 
нәрсенің қалыпты 
күйі) мен динамика (қозғалыс, қимыл, әрекет) тұрғысынан 


38
берілуіне тікелей қатысты. Мысалы, ақынның «Қақтаған ақ 
күмістей» деп басталатын өлеңінде сұлу қыздың портреті ста-
тикалық планда берілген, сондықтан бұл өлеңнің сұлудың 
сыртқы портретін беретін бөлігінде етістіктер негізінен 
ашық райдағы, көбінесе шақ категориясына бейтарап 
-
ады
 
қосымшалы тұлғамен келген: «Аласы аз қара көзі 
нұр жай
-
найды... 
Ақша жүз, ал қызыл бет 
тіл байлайды... 
Торғындай 
толқын ұрып 
көз таңдайды
»
... 
Өлең екі бөліктен тұрады: 
1-бөлігі сұлу қыздың сыртқы түр-түсін суреттейді, 2-бөлігі 
кейбір сондай сұлулардың («бұл заманның қыздарының») 
және кейбір жігіттердің жағымсыз мінез-қылықтарын су-
реттеуге арналған. Абайдың ақындық құдіреті бұл бөліктің 
тақырыптық үні алдыңғыдан мүлде бөлек екендігіне орай 
етістік тұлғаларын да өзгеше етіп құрғызады, яғни


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   259




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет