Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет6/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
-а+ды (-е+ді, 
-й+ды)
 
немесе 
-ар 
қосымшалы етістіктерді пайдалануға бейім. 
Мысалы, Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп бастала-
тын өлеңі кейбір замандастарының мінез-құлқын, іс-әрекетін 
суреттеуге арналған. Демек, мұндағы етістіктер сол заман-
дастарына тән мінез-құлықтарын, олардың әрдайым жасай-
тын әрекет-харекеттерін атайды, сол себептен олар «өзін өзі 


42
күндейді, 
жақынын жалған 
міндейді, 
ел тыныш болса, 
азады, 
ерігіп 
өле жазады
»
...
«Базарға қарап тұрсам әркім барар» деп басталатын өлеңін-
де ақын өзі «базарға салып» отырған байлығы – өлеңін тың-
даушы, оқушы қауым қалай қабылдауға тиіс екенін сөз етеді. 
Мұнда да етістіктер шаққа бейтарап, адамзатқа әрдайым тән 
іс-әрекетті білдіретін 
-ар
 
тұлғалы есімшені таңдайды: «Базарға 
қарап тұрсам әркім 
барар, 
Іздегені не болса, сол 
табылар... 
Біреу 
ұқпас 
бұ сөзді, біреу 
ұғар... 
Бағасын пайым қылмай 
аң-
таң қалар
»
...
Қысқасы, ақынның айтпақ идеясының үні (тоны) үшін 
етістіктер баяндайтын, толғайтын, суреттейтін стильдік жүк 
арқалап тұрады. Бір нәрсені жай баяндау (констатация) қажет 
болса, көбінесе ашық рай тұлғалары жұмсалады, суреттеу 
қажет болса, айталық, біреудің портретін беру немесе көңіл 
күйді суреттеу сияқты, көбінесе 
-ып 
жұрнақты көсемшені ка-
лайды ақын философиялық толғаныстарға барса, 
-мақ, -ар
 
тұғалы есімшелерді таңдайды. Абай өлеңдерінің біразында 
етістіктер баяндамайды, сипаттайды. Мысалы, «Адамның 
кейбір кездері» деп басталатын туындысында «тәңірінің бер-
ген өнері көк бұлттан ашылған» кезді жырлайды. Мұндағы 
етістіктер негізінен 
-
ар
 
тұлғалы есімше болып келген, «Алла 
деген сөз жеңіл» деп басталатын өлеңінде адам баласы Алла-
ны ақылмен, жүрекпен біліп, тануын өлең тілімен сипаттай-
ды, мұнда етістіктер еш нәрсені баяндамайды, сондықтан бұл 
шағын өлеңде етістік тұлғалары мүлде аз, бары – 
-ар
жұрнақты 
есімше мен кәмілдікті білдіретін 
білмейдүр, сезедүр, езедүр 
сияқты тұлғалар.
Қыздың сыны, аттың сыны сияқты сыртқы портреттерді 
берген өлеңдерінде де етістік тұлғалар кемдеу ұшырасады
барлығы көбінесе көмекші етістік болып келеді. Мысалы, 
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ, Қаз мойынды, қоян жақ, 
бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, 
үңірейген болса 
сағақ» деген төрт жолда бір ғана етістік бар, 
ол да қимылды атамайды, сағақтың сипатын 
(үңірейген болса) 
атайды. Әрине, сыртқы портретті берген өлеңдерінде етістік 


43
тұлғалары мүлде кездеспейді деуге болмайды (жалпы етістіксіз 
ой айту мүмкін емес қой). Бірақ мұндайда етістіктер портреті 
жасалып отырған объектінің тікелей іс-әрекетін білдіруден 
гөрі, соның қасиет-қылықтарына қатысты болып келеді. Мы-
салы, қыз сынында: «Қақтаған ақ күмістей 
кең маңдайлы, Ала
-
сы аз қара көзі 
нұр жайнайды... 
Ақша жүз, ал қызыл бет 
тіл 
байлайды»... Бұл үзіктердегі нұр жайнайтын – сұлу қыздың өзі 
емес, көзі, тіл байлайтын оның жүзі, беті т.т.
Демек, бұл фактілер ақын тіліндегі етістік тұлғалардың 
стильдік-көркемдік қызметі тұрғысынан бейтарап еместігін, 
ақынның творчестволық контексін танытатын элементтердің 
бірі екенін көреміз. Сол себептен біз Абай поэзиясы тіліндегі 
етістіктің мына тұлғаларын арнайы талдауды жөн көрдік:
1. ақынның көсемшенің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   259




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет