Гендік инженерия



бет5/6
Дата22.12.2023
өлшемі370 Kb.
#198516
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
12 лекция

ДНК-лигаза

  • Лигаза (лат. ligāre — тігу, біріктіру) әртүрлі молекулалардың (белоктардың, нуклеин қышқылының, пептидтердің т. б.) бір-бірімен қосылуына катынасатын ферменттер тобы. Табиғатта кең тараған, ақуыздарды, липидтерді, көмірсуларды түзуде үлкен роль аткарады. 100-ден астам лигазалар белгілі. Кейінгі кезде олар нуклеин қышқылдарын «тігу» үшін биотехнология саласында айрықша қолданылып жүр. Олар өзгеше биологиялық қасиетке ие жаңа ген жасауда да өз орнын алады.
  • ДНҚ-лигаза — қос тізбекті ДНҚ-ның біреуі үзіліп қалғанда фосфодиэфир байланысты 5’- фосфорилді және 3’- гидроксиліді топтар арасында қалыптастырып, үзілген жерді "тігеді. Осы байланысты қалыптастыру үшін лигазалар АТФ-тің пирофосфарилді байланысының гидролиз энергиясын қолданады. Ең кен тараған қол жетімді комерциялық фермент ол Т4 бактериофагінің ДНҚ-лигазасы.

ДНК-полимераза

  • Бірінші рет ДНҚ-полимераза 1958 ж E. Coli-дан Коренберг және қызметкерлермен бірге бөлініп алынды.
  • ДНК-полимераза — ДНҚ репликациясына қатысатын фермент. Бұл класс ферменті ДНҚ-ның нуклеотидетр тізбегінің бойында дезоксирибонуклеоитидтердің полимеризациясын катализдейді, оны фермент оқып шаблон ретінде қолданады. Бұл фермент молекулалық салмағы 103 кДа болатын мономерлі полипептидті тізбектен тұрады және 3 доменді құрылымнан тұрады, әр домен өзіне тән ферментативті белсенділіктен тұрады.

Кері транскриптаза

  • Ревертаза — кері транскриптаза. Кері транскрипция (яғни РНҚ негізінде ДНҚ түзу) жүргізетін фермент. Өте сирек фермент, ол тек ретровирустардың құрамында табылған. Трансферазалар тобына жатады. Оның әсерінен ең алдымен РНҚ —ДНҚ буданы пайда болады, одан соң ДНҚ-полимеразасының катынасуымен ДНҚ түзіледі, ол тізбек екі есе көбейеді. 1964 ж Темин РНК-матрицасында комплементарлы ДНК синтездейтін вирусспецификалық фермент бар екендігі жәйлі гипотиза ұсынды. Көптеген таппыныстардың нәтижесінде 1970 ж Темин мен Мизутани және олардан тәуелсіз Балтимор іздеген ферментті “Раус саркома” вирусының клеткадан тыс виринондарының припаратынан табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет