Генетика, селекция және тұҚым шаруашылығЫ (оқулық) алматы 2007


ІІ-ТАРАУ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ СЕЛЕКЦИЯСЫНЫҢ



бет10/22
Дата10.06.2017
өлшемі11,93 Mb.
#18540
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
ІІ-ТАРАУ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ СЕЛЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

2.1. Селекция ғылымының даму кезендері

Өсімдіктер селекциясы егіншілік ісімен бір мезгілде пайда больш, онымен бірге дамып келеді. Н.И.Вавилов атап көрсеткендей, егіншілік және өсімдіктер мәдениеті жалпы адамзат мәдениетімен катар дамыды.

Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару әдісінің даму тарихыңда төрт кезеңді бөліп көрсетуге болады: қарапайым, халықтық, өнеркәсіптік және ғылыми селекция.

Байырғы халықгардың қарапайым селекциясы. Ертедегі адамдар өсімдіктерді егіп, өсіруді үйренгеннен бастап оларды сұрыптап, тұкымын көбейте бастаудың кажетгігі туды.

Неолит дәуірінің өзіңде-ақ адам мәдени өсімдіктер мен үй жануарларын өсіруде сұрыптау тәсілін пайдаланғаны мәлім. Мәселен, егіншілік мәдениеті пайда болған алғашқы кезде-ақ жұпыны, қарапайым селекция түрлерін пайдаланған. Оның тарихы мындаган жылдармен есептеледі.

Қоддан сүрыптауды бірте-бірте жетілдіре отырып, осы заманғы мәдени өсімдіктердің түрлері жасалды. Ертедегі адамдардың тұрғын жайларын қазу кезінде байкалғандай, өсімдіктердің көпшілігі тас ғасыры дәуірінде өсірілген немесе шамамен біздің арамыздан 10 мың жыл бұрын пайдаланылған. Соңғы жыддары Египеттегі казба жұмысы кезіңде жер астында 17 мың жыл сақгалған арпа тұқымы табылган.

Бізге жеткен мәліметтерде көрсетілгендей, ертедегі адамдарға селекцияның кейбір тәсілдері белгілі болған. Мәселен, Египетте біздің арамызға дейін селекцияның бірнеше карапайым әдісін білген. Колумел, Варрон, Катон, Феофраст шығармаларында біздің арамыздан 2 мың жыл бұрын селекция ісін қалай жүргізу тәсілдері айтылған.

Халықтық селекция. Егіншіліктің дамуы мен мәдениеттің өсуіне байланысты қолдан сұрыптау әдістері бірте-бірте жетілдіріле тусті. Сорттардың көпшілігі қолдан және жасаңды сұрыптау әдістерімен шығарылғандықтан, ауа райының қолайсыз жағдайларына жаксы бейімделген.

Жергілікті сорттар өзінің маңыздылығы және бағалылығы жағынан біздің еліміздегі селекциялық сорттармен теңесе алады. Олар селекциянын алтын қоры болып табылады.

Өнеркәсіптік селекция. Селекцияның даму кезендері қоғамдағы ендірістік күштердің дамуымен тікелей байланысты.

XVIII-ғасырдың аяғы мен ХГХ-ғасырдың басында капитализмнің даму кезеңі басталуына байланысты селекциялық тәжірибе үлкен қарқьш алды. Еуропада және Америкада өнеркәсіптік тұқымдық фирмалар және ірі селекциялық-тұқымдық кәсіпорыңдар құрыла бастады.

Бұл кезенде өнерксіптік селекция кеңінен даму жолына шықты. өсімдіктердің дән байлау кезіндегі жыныс және жыныстық процесінің анықгалуы, өсімдіктердің қолдан ұрықтандыру және жаппай будан процесін зерттеу селекииялық тәжірибе үшін аса маңызды болды.

Ғылыми селекция. Селекцияньщ ғылым ретіңдегі дамуьша XVIII-ғасырмен ХГХ-ғасырдьщ арасындағы ғалымдар: Кельрейтер, Найт, Бербанк, Мендель, Римпау және бәрінен бұрын Дарвин еңбектерінің маңызы зор болды. Ч.Дарвиннің ілімі ғылыми селекцияньщ дамуьша шешуші рөл аткарды, ол ұсынған органикалық дүниенін эволюциясы туралы ілім, селекцияның ғылыми базасы және оның алғашқы негізі болып каланды. Селекция туралы ғылым эволюциялық ілімге негізделген Н.И.Вавилов жазып кеткендей, селекция дегеніміз, өсімдіктер мен жануарларды калыптастыруға адамның араласуы болып табылады.

И.В.Мичурин селекционерлердің арасында бірінші болып, кажетті белгілері мен касиеттері бар сортгарды адамньщ саналы түрде жасай алатындығын көрсетті. Бұл жайды теориялық жағынан негіздей отырып, ол жеміс-жидек өсімдіктерінің көптеген сорттарын шығарып, мұны тәжірибе жүзінде дәлелдеді.

Дегенмен, селекция ғылыми пән ретінде XX ғасырдың басында ғана калыптаса бастады. Селекциялықтәжірибе мекемелерін құру және ұйымдастыру жұмыстарына орасан зор көңіл бөлінді.

Ертеден, оньщ ішіңде ғылыми селекция кезеңінен бастап, адамзат: кьіскд, суыкка, қуаңшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді шаруашылыққа құнды белгілері бар жаңа сорттарды шығару және өңдіріске енгізуге өте көп көңіл бөлген.

Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзіндегі егістік алқабының 100%

- жуығы селеидаонерлердің еңбегінің аркасында алынған сорттармен себілген. Ауыл шаруашылық министрлігінің мөліметтері бойьшша, 2001 жылы Кдзақстан Республикасында күздік бидай мен арпаның 70%, жаздық бидайдың 54%, картоптың 38% сорттары аудандастырылған.

Казакстан Республикасында селекция және тұқым шаруашылық жұмыстарын зерттеулер: дәнді, дәнді бұршақгы, мал азықтық, майлы, жармалық жөне техникалық дақылдар бойынша екі селекциялық орталыктарда: Солтүстік қазақстаңда, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында, Шығыста, В.Р.Вильямс атындағы егіншілік ғылымы-зерттеу институтында, картоп және көкөніс дақыддары бойынша - қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында, жеміс-жидек және жүзім дақылдары - қазақ, жеміс шаруашылығы және жүзім шаруашылығы институтында ғылыми-зерттеу, мал азықтық дақылдары - Қазақ мал азықтық және жайылым шаруашылығы галыми-зерттеу институтында, жәнеқ, каракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жүргізіледі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс қазақстанда селекциялық жұмыстар күздік және жаздық бидайдың, арпаның және қонақ жүгері дақылдарының жаңа сорттарын шығаруда Красноводопад МСС және бұрынғы Алматының селекция станциясында

20-ы жылдары бастадды.

Алғашқы кезенде жаңа сорттарды шығаруда негізгі әдістің бірі жергілікті популяциядан жаппай сүрыптау әдісі бодды. Осындай жолмен бидайдың, арпаның, қонақ жүгерінің және күріштің: Грекум 433, Альбидум 22808, Красная звезда, Каскеленская, Прекоциус 143, Красноводопадская 246, Казахи-шалы, Дунган-шалы және баска да сорт популяциялары шығарыдды.

Казақстанда ауыл-шаруашылық дақылдарының сорттары мен будандарын шығаруда екінші кезеңде жергілікті популяциямен әлемдік коллекцияның үлгілерінің ұрықтық плазмаларын кең пайдалана отырып будандастыру әдісі қолданыдды. Осының нәтижесінде: Алматинская, Гибрид 57, Казахстанская 126, Алма-Атинская 236 және баска да синтетикалық сорттар мен будандар алынды. Бидайдьщ жаңа сорттарының өнімділігі гектарьшан 20-30 центнерге дейін барды.

Үшінші кезең 1960-1980 жыддары: Алма-Атинская 31, Богарная

56, Алма-Атинская полукарликовая, Красноводопадская 210, Красноводопадская 25, Казахстанская 3, Казахстанская 4, Эритроспермум 4, Шолпан, Байшешек, Береке 54 жэне баска интенсивті сорттар мен будандар шығарыдды.

Бұл сорттар жоғары өнімді, өсімдіктің кауіпті аурулар мен зиянкестеріне, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді.

Казақстанда академик Ф.Г.Кириченконың жетекшілігімен күзгі жүмсақ бидайдың қыска сабакты жаңа сорт моделі жасалынды. Сол жұмыстың нәтижесіңде соңғы 30 жьища кұздік бидайдьщ 60-тан астам (Прогресс, Алма-Атинская 31, Алма-Атинсая полукарликовая, ОПАКС-1, Комсомольская) сорттары шыгарыдды. Осы сорттарды шығаруда көрнекті селекционерлеріміздің Р.А.Оразалиев, Н.Л.Удольская, Т.Г. Зусманович, СИ. Нүрбеков, И.А. Нүрпеисов, Б.С. Қалибаев, О.Г. Шегебаев жөне т.б. еңбектері зор. Селекционерлерге биология лабораториясыньщ мамандары: Ю.В. Перуанский, М.Г. Сейфуллина, Б.Т. Надиров, А.И.Әбуғалиева, Б.Ш. Әлімғазинова, КМ. Булатова, А.Т. Сарбаев, КК. Қожахметов, MA. Есімбековалар үлкен, айтарлықтай көмек көрсетті. Соңғы 20 жыдда жазғы бидайдың 30-дан астам сорты шығарылып, мемлекетгік сортсьшауға берілді. Олардың ішіңде Казахстанская 4, Казахстанская раннеспелая, Казахстанская 10, Казахстанская 15, Лютесценс 90, Арай және т.б. сорттар аудандастырылып, кеңінен таралды. қазақстанда селекция және генетикалық зерттеулерінің нетижесіңде соңғы 10 жыдда арпа дақылының: Сәуле, Жүддыз, Бота, Арна, Север 1 және сем сорттары шығарылып, аудаңдастырылды. Мұндай сорттар -Б.С.Сариев, М.С. Құдайбергенов, Н.Н. Жүңдібаевтар сиякты селекционерлеріміздің еңбектерінің нәтижесі.

Мемлекеттік сортсынауға күріштің сорттары Алтынай, Казахстанский 3, Коллективный 194, Дәмелі, Тон, Сейхун, Аш-16, Маржан 2 берілді, олардың Алтынай, Маржан жөне АШ-16 сорттары аудандастырыдды.

Кдзақстанның Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс аймағында қант кызылшасы жақсы өнім береді. Осы дақылдың ЦКАЗ АК-44, КазМС-19, КазСИБ-14 сорттарын шығарып, оның тұқым шаруашылығын дамытуда, атап айтқанда қант қызылшасыньщ түқымын көшетсіз өсірудің технологиясын зерттеуде селекционерлеріміз І.Ә.Әбуғалиев, А.И. Бутенко, Л.А. Вихрева, М.Қ. Қожахметовтардың еңбегі зор.

Казақстанда жүгері будандарын шығаруда: Л.Л.Сейфуллин, С.С.Мамбетов, Н.Н.Потанова, Б.А.Алмаханов және т.б. селекционерлеріміздің еңбектері зор.

Қазіргі кезде республикамызда мал азығы үшін өсімдіктердің 50-ден астам түрлері өндіріледі. қазақ мал азықтық және жайылым ғылыми-зерттеу институты соңғы 20 жылда малазықтық өсімдіктерінің 38 сортын шығарды. Олардың кейбіреулері тек Кдзақстанда ғана емес Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Монголия, Болгария жэне т.б. елдерде өсіріледі. Көп жыддықшөтің сортгарьш шыгаруда Г.Т. Мейірман, В.С Петчунова, Е.Ш. Шаханов және т.б. селекционерлердщ еңбегі өте зор.

Мал азыктық дақыддары - изеннің-Алматинский песчаный 1, Бактөлеп; күйреуіктің-СЭН, теріскеннің - қызылқұм; қара сексеуіддің - Жансая сиякты жаңа сорттары шығарып және Казак, көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының селекционерлері: Е.И. Ившин, В.Ф. Красавин картоп сортының негізгі моделінің параметрін жасап, ыстыкқа, қуаңшылықка, жапырықтардың ерте қоңыр теңбіл және т.б. ауруларына төзімді: Азанда, Акжар, Ақкөл, Ақсор, Тамыр, Теңіз т.б. сорттарын шығарды.

Қазақстанда көкөніс дақылдарының сорттарьш шығару және сол сорттарды шығаратын мамандар дайындауда үлкен нәтижелі жұмыс жүргізген ғылымға еңбегі сіңген қайраткер П.М. Эренбург. Оның жетекшілігімен жиналған көкөніс және бакша дақылдарының өте бай бастапқы материалдарын селекционерлер пайдалана отырып, тек соңғы 10 жылда ғана 20-дан астам көкөніс және бақша дақылдарының сорттарын шығарды.

Селекция мен тұқым шаруашылығы жұмыстарын түбірімен жақсарту үшін селекциялық орталықтар құрылып: экономикалық өзара байланыс еддерінде ұзақ мерзімді ғылыми-техникальіқ қызмет бағдарламасы жасалған.

Осы заманғы селекцияның басты сипаты - ірі ғылыми-зерттеу мекемелеріне бірыңғай селекциялық бағдарлама бойынша бірлесе жұмыс жүргізу үшін мамандандыру және ұжымдарды топтастыру болып табылады. Мәселен, Мексикада жүгері және бидай сорттарын жақсарту жөніндегі халыкаралық орталық, ал Филиппинде күріш жөніндегі Халықаралық селекциялық орталык жұмыс істейді. Нидерландыда картоп селекциясы және тұқым шаруашылығы жөніндегі үлкен орталық ұйымдастырылған. 136

Барлык ғылымдағыдай, селекцияда осы кол жеткен жепспктермен тоқтап калмай, әр уақытта ізденісте болып, міндетті түрде жана әдістерді игеру керек. Осы жаңа әдістердің бірі биотехнология.

Біздің елімізде биотехнология саласын белсенді ұйымдастырушылар атақты ғылымдар М.Ә. Айтқожин мен І.Р. Рақымбаев. Осы атакты ғалымдар мектебінен өткен мамандар қазақстанньщ жоғарғы оқу орыңдарында және ғылыми мекемелерде жұмыс істейді.

Қазақстанда селекция ғылымының дамуына Қазақ ауылшаруашылық институтында (казіргі Казақ ұлттық аграрлық университеті) ашылған селекция және генетика кафедрасыньщ маңызы зор. Осы кафедра дайындағын мамандар еліміздегі селекция ғылымының дамуына үлкен ықпал тигізуде. Көптеген селекционер ғалымдар: PA. Оразалиев, Ү.Т. Мейірман, О.Ш. Шегебаев, Е.Ш. Шаханов, Ю.Г. Карягин, т.б. осы оку орнының түлектері.

Кафедра қызметкерлері оқутышылық қызметпен қатар, ғылыми жұмыстармен де тығыз айналысады. Селекция жэне генетика пөндерінен дәрістерді а.ш.ғ. докторлары, профессорлар Т.Н. Нүрғасенов, Ә. X. Қалиев, а.ш.ғ. кандидаты, доцент СЕ. Сүлейменова мемлекеттік және орыс тілінде қатар оқиды. Кафедраның жас мамандары С.С. Асканбаев, М.Ж. Нүрпейсовтер осы пәндерден тәжірибелік жұмыстар мен сабақгар жүргізеді.

2.2 Мәдени дақылдардьщ эколого-географиялықсистематикасы.



Систематикалық бірліктің негізгісі - түр болып табылады. Бір түрге жататын дербес өсімдіктер ұқсас касиеттерге ие болып, өзара жеңіл будандасып, жемісті тұқым береді. Нақгы жағдайда олар тіршілікке тез икемделіп, мұның нәтижесінде егіс себілетін ауданға жерсініп кетеді.

Ботаникалық систематика түрлі таксономиялық бірліктің ұқсастығы, өзгешелігі және шығу тегі туралы мәлімет бергенмен, Бұл тәжірибелік селекция үшін жеткіліксіз. Ботаникалык әр түрлілікке жататын бір өсімдіктің өзі түрлі геофафиялык жағдайда бейімделуіне байланысты: құрғақшылыққа, төмен температураға төзімділігі, ауруларға шаддығуы мен зиянкестерге бой алдыруы мен биохимиялық қасиеттері жағынан бір біріне ұқсамайды. Сонымен бірге екі формадағы өсімдік әр түрліге жатқанымен, биологиялық ерекшеліктерінің ұқсастығымен сипатталады.

Бір түрге жататын осімдік формаларыньщ биологиялық қасиеттері бойынша ерекшеленуіне байланысты селекцияда өте маңызды ұғым - экологиялық тип немесе экотип ұғымы қалыптасқан. ЭКО -ТИП (грекше eikos - үй, тұрғын жай, tipos - орын) өсімдіктің ұрпақ куалау тұрақтылығынан, топырақ-климат жағдайына және қалыптасқан тіршілікке бейімделген формасы.

Өсімдіктің өзара байланысын және қоршаған орта, экотиптердің қалыптасуы зандылығын зерттейтін ғылым - экология деп аталады.

Экология өсімдіктің үш экотипін анықгайды: ксерофит, гигрофит және мезофит, құрғақшылық жерлерде өсіп-өнуге бейімделген өсімдік - ксерофильді, ылғалы мол жерлерде өсетіңдер - гигрофильді, орташа (жеткілікті) ылғалды жерде өсетіндер - мезофильді деп аталады.

Селекциялық жұмыста табысқа жету үшін бір өсімдік формаларының түрлі топырақ-климат жағдайда өсу ерекшеліктерін білу аса кажет. Оған мынадай маңызды көрсеткіштер катысты:

  1. вегетациялык кезеңнің ұзақтығы;

  2. дамудың жеке фазаларынан өтуі - вегетациялық кезеңнің құрылымы;

  3. өнімді анықтайтын сандық белгілер, өнім құрылымы (дәннің саны мен салмағы және баскалары);

  4. вегетациялык, белгілері (сабақ ұзындығы, жапырағы түрлі зиянкестерге бейімділігі);

  5. құрғақшьшықтың түрлі формадағы көрінісіне төзімділігі (топыратағы, атмосферадағы көктемгі және жазғы төзімділігі);

  6. темен температура әсеріне қатысы) күздік өсімдік үшін қыска төзімділігі);

  7. гүлдену ерекшеліктері (ашық, жабық түрде, температура және ылғалдылығы бірдей емес жағдайда гүлдцену түрлерінің өзгеруі);

8) зиянкес құрамының тегіне қарай аурулардың түрлерін қоздырушыларға төзімділігі;

9) зиянкестерге төзімділігі;

  1. өнімді механикалық жинауға икемін анықтайтын: жатып қалмау, шашылмау белгілері бойынша төзімділігі;

  2. енімнің биохимиялық құрамы (белок, кант, крахмал, май құрамының өзгергіштігі);

12)ылғалды жағдайга қатысты дамудың ксерофильді, гигрофильді немесе мезофильді типтері.

Түрлі географиялык формадағы өсімдіктер әртүрлі жағдайда өсіп-өнуіне байланысты экологиялық форма ретінде сүрыпталу жолымен бейімделеді. Сондықтан географиялық формалар экологиялық формалар ретінде кдралады.

Дарвин іліміне толык, сәйкес келген эколого-географиялық систематика, модени өсімдіктердің түрлі географиялық жағдайда эволюциялық өсуі адамның өндірістік кызметімен: сұрыптау және өсіру ісімен байланысты.

Мәдени өсімдіктердің эколого-географиялық систематикасы негізін қалаған - академик Н.Юавилов. Ол эколого-географиялық топтарға қарай түрлердің дифференциациялық заңдылығын аныктады. Әрбір эколого-географиялықтоп барлықдақылдар үшін біріңғай табиғат-географиялық жағдайда сұрыпталу әсерінен қалыптасқан белгілердің ұқсастығымен сипатталады.

Н.И.Вавилов эколого-географиялық принципке негізделген мөдени дақылдардың ішкі түрлі систематикасының схемасын ұсынды:

Түр

Эколого-географиялық түр



Ботаникалық әр түрлілік

Формалар мен сорттар

Эколого-географиялық систематика селекционерге мәдени өсімдіктердің орасан сан алуандарының ішінен қкажетті формалар мен сорттарды іздеп табуга мүмкіндік береді.

2.3 Мәдени өсімдіктерідің шығу орталығы және қалыптасуы



Н.И.Вавилов дүние жүзі өсімдік ресурстарьш зерттеу нәтижесіңде мәдени өсімдіктердің шығу ортальпы туралы ілім жасады. Ол жер шарында мәдени өсімдіктердің әр түрлілігі мен шығуына байланысты 8 негізгі орталыкты: Кытай - Жапон, Үңдістан, Орта Азия, Азияның алдыңғы жағы, Жерорта теңізі, Абиссина, Орталық Америка, Оңтүстік Американы бөліп алды.

ВАСХНИЛ академигі П.М. Жуковский Н.И. Вавилов идеясын одан әрі дамытып, мәдени өсімдіктердің шығуы және калыптасуыньщ 12 орталығьш (Австралиялык, Африкандық, Еуропа - Сібірлік жэне Солтүстік Американдық) ашты.

1. Қытай-Жапон орталығы. Екі генетикалық орталықтың алғашқысы қытайлық болып саналады. Жапондық генетикалық
Орталык. кьп-айлықгьщ әсерінен кейін пайда болған. Қытай орталығы жеміс түрлері жөнінен бірінші орын алады. Жапоңдық күріш өзінің бастауын осы жерден алады. Бұл дүние жүзілік егіншілік және мәдени өсімдіктердің шығуының ірі орталығы. Мұнда тары, каракүмық, қытайбүршақ, кенеп, бүйракендір, көкөніс, эфирмайы, бояулы жөне дәрілік өсімдіктердің түрлері бар.

  1. Индонезия - Үнді-қытай орталығы. Мұнда күріштің жабайы тетраплоидты түрі, сондай-ақ егістік явандық түр тармағы, кокос, саго пальмасы, манго және нандық ағаштың бастапкьі генетикалық орталығы орналаскан.

  2. Австралиялык орталық. Австралияда мақта өсімдігінің эндемиялық тоғыз түрі табылған. Мұнда табиғатта кездесетін әр эвкалиптің 605 түрінің 500-нің бастапқы шығу орталығы, қарақаттың көптеген түрі және шырын өсімдікті дақылдар, темекінің 21 түрі бар.

  3. Үндістан орталығы. Бұл күріш пен кұрақ қантының отаны, осы жерден нүг, күнжіт, кенеп, үнділік зығыр, көптеген көкөніс, эфир май, бояу және дәрілік өсімдіктер өндіріліп шығарылған.

  4. Ортаазиялық орталық. Бұнда жұмсақ бидайдың көп түрлері дәңді бұршақтылардың маңызды тұрлері - бұршақ, жасымық, ноғатық, нут жэне бадана өседі. Көптеген майлы өсімдіктер - қына, зығыр, кориандр осы орталыктан тараған. Осы орталықтардың бірінде жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа мақсары, кұнжіт, сәбіз, пияз, сарымсақ сияктылар өседі.

  5. Азияның ілгері орталык жағы. Күнгей Кавказда жер шарында бар бидайдың 28 түрінің 18-і табылған, оның ішінде 8 - еш жерде кездеспейді. Бидайдың белгілі 650 түр бөлігінің 200-ден астамы Армениядан ашылған.

Кіші Азия мен күнгей Кавказ - негізінен қара бидайдың отаны. Бұл жерде көк жоңышка, люпин, эспарцет, сиыржоңышка және кдуынның бірнеше түрі өседі.

7. Жер орта теңіз орталығы. Мүнда қатты бидайдьщ бірқатар тұр тармақтары, полба, қияқ, сиыржоңышқа, қызылша
топтастырылган. Б
ұл аудан бидай мен дәнді бұршактылардың екінші орталыгы болып саналады.

8. Африкандык орталық. Мұнда бидайдың ботаникалық өзіндік ұлгілері топтастырылған. катты бидайдьщ бай үлгісі ерекше білінеді.
Б
ұл орталықтан абиссин сұлысы - табылған. Бұрын белгісіз болтан және баска жерде кездеспеген арпаньщ 16 түрі өседі, оның сары, көк, кара және көкшіп дәні табылған.

Осы өлкеде зығырдың көптеген үлгісінің шығуының автономды орталыгы бар, ол тек тұқымға пайдаланылады, олардан ұн дайыңдалады. Эфиопия көптеген баданалы дақылдардьщ бұршақ, нүг, жасымық, ноғаттық, люпин өсетін орталыктарының бірі.

Қонақ жүгерінің барлық түрлері Африкадан бастау алады.

Африкандықмақта, африкандықкүріш, қарбыз, құрма пальмасы осы жерде шығады.

9. Европа - Сібір орталығы. Бұл аймақ қант қызылшасының бірінші және екінші шығу орталығы, қызылбас беденің бастапқы
генетикалық
орталығы болып табылады. Мұнда жоңышқаның біркатар түрлерімен тұр тармағы, Амурлық жүзім, жабайы алма,
жабайы алм
ұрт шығады.

Россияның солтүстік батыс бөлігінде салалы зығырдың тарихи - алғашқы генетикалық орталығы қалыптасқан. Кубань жерінде селекциялық потенциялы жоғары күнбағыстың бірден-бір генетикалық орталығы орнатылған.

10.Ортаамерикан орталығы (Мексика, Гватемала, Коста-Рика, Гондурас, Панама). Бұл жүгері жэне соған жақын жабайы түрлері теосинте мен трипсакум дакыддарының негізгі орталығы. Үрме бұршақ пен аскабактың американдық, картоптың жабайы түйнек тәрізді түрі осы ортада қалыптасты. Осыдан тараған мақта егісі дүние жүзілік мақта шаруашылығының негізін қалады.

11.Оңтүстік американдык (Андылык) орталық Перуде күнбағыстың оңтүстік американдык, топтарының 17 бұта түрлері
өсетін бастап
қы генетикалық орталығы бар.

12.Солтүстік американдық орталық. Бұл аймақта күнбағыстың 50-ге жуықшөптес түрлері, картоп пен темекінің бірнеше жабайы түрлері, жабайы люпиннің 40-ка жуықтүрі, мақта егісінің жабайы бір түрі бар, осы дақылдардың бастапқы генетикалық орталығы. Солтүстік Америкада жүзімнің бастапқы генетикалық орталығы болып саналады.

Генетикалык туыстас дакылдардың жабайы өсетін түрлерінің эндемдік географиялык микроорталыктары. (Кіші -орталыктары).

Өте ірі және ірілеу орталыктар құрылуымен қатар, П.М. Жуковский кішілеу орталықтардың да құрылуын анықтады. Олар бұрынғы бастапқы орталықтардың қалдығы немесе жаңадан орнаған генетикалық орталықтар еді. Олардың аралдары мүлде аз. Кіші орталықтар, ошауланған немесе өзіңдік блок жасайтын аралас топтардан тұрады.

Кіші орталықтардың пайда болуы сірә, оқшауланудың әсерінен өсімдіктердің ішкі түрлерімен дифференциалдануы. Мәселен, қарабидайдың туыстасы Азияның ілгері жағында шығады. Бірақ, Оңтүстік Африкада олардың кіші орталығы табылған (Secale africanum Stapy), ол баска еш жерде кездеспейді. Бұл тамырдан тарайтын көпжылдық өсімдік.

Эфиопия - жабайы капуста үлгісі шығатын кіші орталық. Ол күннің ұзақ болатын жағыңда өседі. Бұл жерде Абиссин сұлысы -өндемі табылған.

Бірінші және екінші орталыктары. Мәдени өсімдіктердщ пайда болу уақытына қарай Н.И.Вавилов оларды бірінші және екінші орталықтарға бөлген. Бірінші генетикалық орталықтар коне замаңда, екіншілері кейінірек құрылғандар. Олардың жасалуы тауар алмасудың әрістеуі мен егіншілік аудандар арасыңдағы қатынасқа байланысты болып отыр. Осы фактілердің өсері өсімдіктерді өсірудің жаңа өндірістік географиялық егіншіліктің дамуына жеткізді. Мутацияның шығуының нәтижесінде екінші орталықтағы өсімдіктердің түрлері арасында будандасудың пайда болуы анықалады.

Н.И. Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы ілімінің тұқым қуалаушьшық өзгерістер мен өсімдіктер жуйесіндегі эколого-геофафиялық принциптерінің ашылған зандары селекционерлер үшін маңызы зор болды. Н.И. Вавилов бағалы қасиеттерді едәуір дәрежеде қайдан іздеуге болатынын айтқан.

Бір туыстыққа жататын түрлер, түршелер және формалардың генетикалық жүйсдегі орналасу ұқсастығы сондай, бір түр қатарында болатын өзгерістердің осы туыстықка жататын екінші бір түрде де болатының бүлжытпай табуға болады (Н.И. Вавилов).

Соңғы уақытта мәдени өсімдіктердің пайда болуының үшінші ортальпының бар екендігі жайлы айтылуды. Бұған мындағын жаңа мутацияларды будандастыруға тәжірибе ретінде алып пайдаланылатын ірі селекциялық орталықтардағы өсімдік түрлерін айтуға болады.

Осы байкалган заңдылықты Н.И.Вавилов 1920 ж тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомолоттық қатары аты заң ретіңде құрастырады. Оның теориялық негізін Н.И.Вавилов қалады, бір катар маңызды тұқым қуалаушылық зандылықтары мен мәдени өсімдіктердін географиялык таралуын ашып, Н.И.Вавилов осімдіктердщ өзгергіштігін зерттеп, тұқым қуалаушы өзгергіштігіндегі гомологаялық қатары зандарын кальштастьірадьі. Осыған байланысты өсімдік түрлерінің жақыншьны тұқым қуалаушылық өзгерісі ұқсас қатарларын соншалықты дәдділікпен білдіреді, бар түрінің шенберіңце үлгі катарын білу арқылы баска да түрлері мен туыстарының болуын белгілеуге болатынын дәлелдеп берді. Бұл заң селекционерлерге өсімдік түрлерінің есуінің бүкіл генетикалық потенцияльш толық анықгауға мүмкіндік береді.

Тұқым қуалайтын езгергіштіктің гомологтық қатарларының заңының маңызы сондай, оны Менделеевтің периодтық системасымен теңестіріледі.

Өсімдік шаруашылығы институтының негізгі мақсаты - жабайы осетін жөне мәдени өсімдіктердің ген қорын зерттеу және жинау болып табылады. Сондықтан ғылыми-зертеу жұмыстары мына бағытта жүргізіледі:

  1. Үлгі бөлшектердің коллекциясын тірі күйінде ұстап, көбейту және оны қоймада ұзақ уақыт сақтау. Экспедиция арқылы тұүқым мен тұқымдықты жинап, сатып алып немесе ғылыми мекелермен не болмаса шетелдің фирмаларымен айырбастау.

  2. Жоғары өнімділік пен сапалықтың қкайнар көзі ретінде және селекцияда пайдалану мақсатында коллекция үлгілерін мұқият зерттеу.

3. Ғылыми-зерттеу мекемелерін селекцияның бастапқы материалымен қамтамасыз ету.

  1. Мөдени өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы, иммунитеті, тарихи дамуының және олардың эколого-географиялық мәселелерін дайындау.

  2. Өндіріске ғылыми агрономиялық көмек көрсету.

2.4 Өсімдіктердің белгілері мен қасиеттері

Өсімдіктің қайсы бір формасы немесе сорты болмасын, көгггеген білгілері және касиеттерінің жиынтығымен сипатталады.

Өсімдік құрылымының морфологиялық ерекшелігі белгілер деп аталады.

Өсімдіктердің белгілері өлшеу, салмағьш тарту және көзбен баға беру жолымен анықгалады. Оларға өсімдіктің биіктігі, жапырағының саны мен көлемі, сабағының жуандығы, масақ пен сыпырғының көлемі, түйіндердің, тамыр жемісінің, жемістің формасы, дән ірілігі, өсімдік тұлғасы, масақгағы және сыпырғыдағы дәннің толықтығы, тұқым мен жемістің түсі және тағы басқалар жатады.

Өсімдік белгілерін шартгы түрде екі топқа белуге болады: сапалық және сандық. Сапалық белгілер көз өлшемімен айыру арқылы анықтауға болатын айырмашылык,

Сандық белгілер деп, көз өлшемімен айыруға келмейтін оны, тек өлшеу, салмақтау, есептеу арқылы анықтауға болатын өлшемді айтамыз.

Қандай бір сапалық белгі болмасьш сандық сипат беруге болады, бірақ көп жағдайда көз өлшемімен анықтама беріледі. Егер көз өлшемімен бағалау жеткіліксіз болса, онда айырмашылык, сан өлшемі бойынша сипатталады. Мәселен, екі сортты салыстыру кезінде, бірі қылтанақты, екіншісі кылтанақсыз болса, бұл белгілер бойынша айырмашылық көз өлшемімен анықталады. Егер қылтанақты екі сортты салыстыру қажет болса, бұл белгілсргс сандық сипаттама беру қажеттігі туады. Кейде сандық жөніндегі белгілер бойынша айырмашылық көз өлшемімен аныкталады. Мәселен, сабақтардың ұзындығын аныктау: биік орта, темен; дәннің көлемін аньпстау кезінде: ірі, орта, майда болып бөлінеді.

Өсімдіктердің физиологиялық, биохимиялық және техникалық ерекшеліктерін олардың касиеттері деп атайды. Өсімдіктердің физиологиялық қасиеттеріне олардың құрғақшылыққа, суықкд, қысқа, аурулар мен зиянкестерге тезімділігі, жарыккд реакциясы, жоғары агрофонға, оның ішінде тыңайтқышпен суды пайдалануға икемі жатады. Биохимиялык қасиет есімдік бойында болатын түрлі заттардың сандық және сапалық белғілері: белок, крахмал, қант, май, эфир майы, витаминдер, алкалоидтар бойынша анықталады. Өсімдіктердің технологиялық касиеттері оларды өндірістік өндеуге байланысты аныкталады: дәнді тартқан кезде ұнның шығу мелшері, жабылған нанның келемі мен кепсуі, арпа дәнінің экстрактивті заттар саны, мата тоқылатын дақылдардың талшықтарының техникалық мәліметтері жатады.

Сорт бағасының негізгі керсеткіші - оның өнімділігі. Ол осімдіктің коптеген шаруашьшық-биологиялық белгілері мен қасиеттерін біріктіретін күрделі байланыс болып табылады. 144

Организм емір сүрген орта тұрақты болмағаңдықтан, бұрынғы белгінің қайта керініс табуын модификация деп атайды. Тұқым қуалайтын езгерістерді генетикалық өзгерістер деп атайды. Сапалық белгілер гендермен қатаң бақыланып, олар тұрақтылық сипат алып, дамуы сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты болмайды да, үзіліс сипатта болады. Сандық белгілер гендердің кеп санымен айқындалып, катаң бақыланбайды, олардың дамуы сыртқы ортаның әсеріне ете бағынышты болғандықган, үзіліссіз сипатқа ие болады.

Мәдени осімдіктердің туыстық және түрлік құрамы жағанан және олардың жабайы тектестерінің формалары сан алуан, олар кептеген белгілері мен қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Бұлардың көпшілік бөлігінің көрініс табу дәрежесі, әсіресе, шаруашылық-биологиялық қасиеттері, осірілетін жерлер мен жағдайларға ете тәуелді болады.

2.5 Сорт туралы ұғым

Селекцияда тұқым шаруашылыгы жұмыстарын табыспен жүргізу үшін жэне ауыл шаруашылыгы ендірісінде сорттарды дүрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт топтарының езара ұқсастығы мен олардың бір-бірінен айырмашылығын білу аса маңызды.

Өсімдіктер систематикасында "форма" және "сорт" бір үғымды білдіреді. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның ендірістік кызметі аркасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.

Сорт деп, селекция тәсілімен алынған морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құңды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады.

Мынадай негізгі шарттарды атап ету қажет:

  1. Сорт құрамына кіретін өсімдік топтарының шығу тегіне жалпыламалық бар. Ол бір немесе бірнеше есімдік тұқымынан көбейтіледі.

  2. Өсімдіктің бастапқы тегін көбейте отырып, шықкдн тұқым шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша сұрыптау жолымен алынады.

3) Сорт ашық бір аймақтағы табиғат жағдайында осірілу үшін

шығарылады. Ол бір топырақ-климат аймағында жоғары өнім берсе, екінші аймақга ондай өнім бермеуі мүмкін.

  1. Сорт нақты ондірістік жағдайда өсіру үшін жасалады және механикаландыруда қол жеткен деңгейге, егшшілік мәдениетіне сай болуы кажет.

  2. Тиісті табиғи және ондірістік жағдайларда сорт тұрақты және жоғары сапалы өнім беруді қамтамасыз етуі тиіс.

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша жергілікті және селекциялық болып бөлінеді.

Жергілікті сорт деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне орай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сортгарды айтады. Түрлі дақылдардың жергілікті сортгарьшың үлкен бөлігі халыктық селекция процесімен алынған.

Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми-зертгеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілер және шаруашьиіық-биологиялық касиеттері бойынша біркелкілі болуымен ерекшеленеді.

Сорт шығару төсілі бойынша сорт - популяция, линиялық сорт, сорт-клон, буданнан шыккан сорт, мутант сорты больш болінеді.

Сорт - популяция айқас және өзін-өзі тозаңдандырудың нәтижесіңде жаппай сұрыптау аркылы алынады. Олар тұқым қулаушылығы жағынан біркелкі емес.

Линиялык деп, өздігінен тозанданатын дақылдарды жеке сұрыптау арқылы алынатын сорттарды айтады. Линиялык сорт - біртекті өсімдіктің көбеюі, сондықган олар барльгқ белгілер мен кдсиеттері бойынша біркелкі болады.

Бұдан популяциясынан будандастыру және сұрыптау арқылы алынған сорттарды будандар деп атайды. Өздігінен тозанданатын будан сорттары линиялык, сорттарга Караганда, оншама біркелкі болмайды. Кейде олардың қайта сұрыптау жолымен жаңа сорттар шығарылады. Барлык дақылдардың кептеген аудандастырылған сорттары бұдан болып табылады. Дәнді дақылдар арасынан күздік бидайдың - Алматинская полукарликовая, Жетісу, Таза, Алмалы, ОПАКС-18, Лютесценс-41, Бота; жаздық жұмсақ бидайдың Казахстанская 3, Казахстанская 6, Казахстанская 16, Арай, арпанын Сәуле, Жүлдыз, Арна сорттары жүгерінің Сары-Арка 150, Будан 237В, Целинный 160СВ, Алатау 107 ТВ, Казастанский 587 СВ будандары жатады.

Сорт-клондар осімдіктердің вегетативті көбейетін түрлерін жеке сұрыптау жолымен алынады. Сорт-клон өсімдіктің бір текті вегативті көбеюінен шыққан ұрпақ, сондықтан олар біркелкі болып келеді.

2.6 Сортқа қойылатын өндірістік талаптар

Осы заманғы ауыл шаруашылық өндірісі сортка жоғары талаптар қояды. Олардың негізгілері мыналар:

  1. Жыл сайын жоғары және тұрақты өнім беруі. Сорт жоғары өнімді болуымен қатар, тыңайтқыш ендіруге және баска агро әдістерге кеткен шығынды өз тұсімімен өтеуі кажет.

  2. Даму барысында ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуы тиіс. Сорттар құрғақшылыққа, томен температураға, қыстап шығу барысында қолайсыз жағдайларға (күздік, және көп жылдық дакыл сорттары), төзімді болуы шарт. Бұл қасиеттер өнімнің тұрақтылығын анықтайды.

  3. Аурулар мен зиянкестерді қоздырушыларға да төзімді болуы керек.

  4. Механикалық баптауға икемділігі

  5. Өнімнің жоғары сапасы. Сорттар себілу мақсатына карай кажетгі өнімді (белок, кант, крахмал, май, талшык) мол беруі керек.

Шығарылып жаткан сорттъщ белгілері мен касиеттерінің нақты комплексі негізгі үш көрсеткіш бойынша анықталады:

  1. болашақ сортқа арналған аймақтың топырақ-климат жагдайлары;

  2. сорттың өндірісте өсірілуіне байланысты (тыңайткьіштың жоғары нормасы, суландыру т.б.) агротехникасы және механикаландырылу дәрежесі;

  3. дақыл бағдары және оны пайдалану (жүгеріде дәнді немесе сүрлемдік арпада сыра кайнату мен мал азықгық, картоптың асханалық және техникалық, тағы баска бағытгарда).

Селекциялық орталықтардың перспективалық бағдарламаларында бидайдың интенсивті типтегі мынадай негізгі көрсеткіші бар сорт модеддері белгіленген: мықты және қыска сабақтылар.

Бір масақтағы дән салмағы 2 г жэне одан жоғары, 1 м2 өнім беретін сабактардьщ орташа саны 500-600. Жогары өнімділік жағдайында дән үлесіндегі биомасса 55-65%. Мяндай қысқа сабақты сорттар ауруларға тозімді, құрамында 15-16% белок,

32-35% клейковина болуымен қатар, үн күші 300-350 е.а. болуы қажет.

Барлық дақылдар үшін селекциялық жұмыстар бағдарламасьшда нақты жағдайда өсіру және өндіріс талаптарына сәйкес шығарылатын сорттардың моделдері жасалуға тиіс.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары нақты табиғи жағдайда өсіру үшін жасалады және осы жағдайларға бейімделуіне карай сұрыпталады. Соңдыктан барлық аймаққа жарамды сорт болуы мүмкін емес және болмайды.

Сорт икемділігі сыртқы ортаның күрт өзгеру жағдайына биологиялық икемділігімен, ауа райының қолайлы және қолайсыз жағдайларында жоғары агротехника фонында мол өнім беру икемімен сипатталады.

Жаздық бидайдьщ Саратов 29 сорты өте икемді сорттар катарына жатады. Бұл сорттың өсімдіктері суды аз пайдаланады және тамыр жүйесі сіңірімділік қасиетімен сипатталады.

Кейбір сорттардың кең көлемде себілуі олардың сапасы жоғары, икемділік касиеттершен ғана емес, сол топырақ-климат аймактарында селекциялық жұмыс жеткіліксіз жүргізілмей, икемді сорттардың жоқтығынан, сондықтан бұл аудандарда жергілікті жерге бейімделген сорттарды шығару кажет.

Барлық сорттар экологиялық бейнесі жағынан толық сипатталып, сұрыпталу бейімі және шығару мақсатына қарай нақгы экологиялық жағдайда өз рөлін атқарады. Н. Борлаугтың жұмысы көрсеткендей жоғары өнімді, икемді, жоғары экологиялық бейімі бар сорттар күн ұзақтығына сезімтал болмауы тиіс.

Кейбір сорттар ауданның спецификациясына қарай беиімделгендіктен, шағын егістерде ғана себіледі. Мұңдай сорттар айтарлықтай шаруашылық-биологиялық қасиеттерге ие болғандыктан, жоғары бағаланады. Дәнді дақылдардың және көкөністің тез және өте ерте пісетін сорттары жылылық аз және өніп-өсу кезеңі өте қыска солтүстік облыстарда өсіруге, ал кейбір дәнді және басқа дакылдардың бастпақты, тұзданған және құмдауыт топырактарда, жартылай шөлейт және таулы аудандарда өсіруге арналған сорттары шығарылған. Бірақ мұндай сорттар егілетін жер көлемі оншама үлкен емес. АКДІ-та жүздеген жаңа сорттардың шығарылғанына қарамастан, тұрақты өнім беретін азғантай сорттар 148 хурі өсіріледі. Мәселен, жүгерінің екі жүз сорттының тек алты буданы егістің 70 процентіне, бидайдын 270 сортының тек тоғызы ғана егістің 50 процентіне, картоптың 82 сортының тек төртеуі егістің 72 процентіне, бұршақтың 50 сортьшың тек екеуі ғана егістін 96 процентіне егіледі.

2.7 Селекциялық процесс

Селекция мамандарының бастапқы материалдарды алудан бастап жаңа сортты мемлекеттік сынауга бергенге дейінгі барлық жүмыстар жинағын селекциялык процесс деп атайды. Селекциялық процесс кезінде қолданылатын шаралар жинағын, олардың мақсатына, қолдану тәсіліне қарап үш кезеңге бөлуге болады: Бастапқы материалды тандап алып құру, сұрыптау және сынау.

Бірінші кезеңде, селекционер алдына қойылган міндетке қарап, сол аймақтағы жергілікті және селекциялык немесе басқа аудандардан және шет елдерден келінген сортгарға жете талдау жасап, оның ішінен қойылған мақсатка сәйкес келетін түрлерін таңдап алса, ол бастапқы материал ретінде қолданылады.

Селекция материалдарын құрудың ен кең тараған және қолайлы әдістердің бірі - будандастыру.

Бірақ будандастьфу кейде тиісті бастапқы материалды бермейді. Себебі, көп түрлі сорттардьщ ішінде, керекті белгілердің болмауы мүмкін, немесе керекті жақсы белгі қолайсыз белгімен байланысты болуы мүмкін, ал олардьщ арасында кроссинговердің болуы өте сенімсіз.

Соңдықтан, баска белгілер жинағын сақгай отырып, бір белгіні кәдімгідей өзгертіп, бастапкы материалдар популяциясын мутация аркылы құруға болады.

Кейде, бастапқы матеиалдар популяциясы өсімдіктерге колхицинмен әсер етіп полиплоидияны құруға болады.

Осы жоғарына аталган әдістер, әрбіреуі жеке немесе бір-бірімен тығыз байланысты түрде эсер етіп бастапқы материалдар популяциясын құруға болады.

Екінші кезеңнің ұрыптаудың) мақсаты бастапқы материалдар популяциясынан көздеген мақсатқа сай келетін белгісі бар өсімдікті, оның тұқым қуалау қасиетінің нәтижесінде жаңа популяция құру әрине мұның өзі 5-7 ұрпақты керек етеді.

Селекцияның үшінші кезеңі: алынған сорттарды сынау.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет