Геодезиялық өлшеулер


Планиметр бөлігінің бағасын табу



бет2/3
Дата05.12.2019
өлшемі488,92 Kb.
#53041
1   2   3
Байланысты:
геодезия


Планиметр бөлігінің бағасын табу:

Планиметрдің ең кіші бөлігінің м2 немесе га арқылы сәйкес көрсетілуі – планиметр бөлігінің бағасы деп аталады.

Планиметр бөлігінің бағасын табу үшін бақылау сызғышы (контрольная линейка) қолданылады, оның сызған ауданы 100см2, немесе 1:10000 масштабында ауданы 100 га болады.

Бақылау сызғышы бойынша сағат тілі бағытымен аудан екі айналымнан алынған санаулармен есептеледі: мысалы, 6382, 7333, 8283, олардың айырмашылықтары 7333-6382=951 және 8283-7333=950. Екі есептеудің арасындағы айырмашылық үш бөліктен аспауы керек, бізде бір бөлік, олай болса орташа ауданын есептеуге болады (951+950):2 =950,5. Бөліктің бағасы С1= 100 : 950,5 =0,1052 га.

Полигон контурын өлшегенде планиметрді оң тараптан қояды, өлшенетін алаңды екі рет айналады. Әр айналымның санауын алады, кестеге жазады, содан кейін есептеулердің айырымын, орташа айырымын табады.

Мысалы, полигонды айналғандағы санаулар 7150, 8444, 9739, оларды айырымдары: 8444 – 7150 = 1294 және 9739 – 8444 = 1295.

Екі есептеудің арасындағы айырым үш бөліктен аспауы керек, бізде бір бөлік, олай болса орташа ауданын есептеуге болады (1294+1295):2=1294,5.

Содан кейін бақылау сызғышының бағасын – С1 құрылған полигонның масштабына сәйкесті ету үшін – С2 келесі есепті жүргізеді:

С2 = (М2 : М1)2 х С1, мұнда М2 – полигонның масштабы, М- бақылау сызғышының ауданын есептеу масштабы.

Мысалы, С2 = (2000 :10000)2 х 0,1052 = 0,0042.

Олай болса полигонның ауданы 1295 х 0,0042 = 5,44 га.
4 Кесте. Ауданды (алаңды) планиметрмен анықтау ведомосы

Планиметр №1235. Бөлік бағасы С1 = 0,105



Планиметр бойынша санаулар

Санаулар айырымдары


Орташа айырымы


Ауданы, га


алғашқы

соңғы

7150

8444

1294

1261

5,4

8444

9739

1295






Ауданды өлшеу барысында санаулар арасындағы айырмашылық ауданы планиметрдің 200 бөлігіне дейін болғанда 2 бөлік, 200 – 2000 дейін 3 бөлік, ал 2000 бөліктен артқанда 4 бөліктен аспауы керек.

Карталар мен пландарда жер бедері горизонталдармен бейнеленеді. Жергілікті жердің планында және топографиялык картада жер бетінің ой-қыры горизонталь сызықтармен бейнеленеді (грекше горизон - шектеуші). Горизонтальдар деп биіктіктері (мұхит деңгейінен) бірдей нүктелерді косатын кисық сызықтарды айтады (16, 17 суреттер).



16 Сурет. Төбенің биіктігін өлшеу

17 Сурет. Горизонтальдармен төбені бейнелеу
Горизонтальдарды жер бетін белгілі бір биіктік сайын басып жатқан су денгейі сызығымен салыстыруға болады.

17-суретте көтеріліп келе жаткан судың төбені бірте-бірте қалай басатыны бейнеленген. 1 -жағдайда су төбенің етегін жайлап алған. 2-3-4- жағдайларда әрбір 1 м сайын көтерілген су төбенің кандай жерін альш жатқандығын көреміз.

Горизонтальдар топографиялық картада белгілі бір биіктік сайын жүргізіледі (1м, 2,5м, 5м, 10м, 25м, 50м, 100,0м). Бұл мөлшер картаның масштабына және жер бедерінің ыңғайына карай белгіленеді. Мәселен, 1:10 000 масштабтағы топографиялык картада гори­зонтальдар тегіс жазықта 2,5 м сайын, ал кыратты жерде 5,0 м сайын жүргізіледі.

Жер бедері қимасының биіктігі (h) деп биіктігі бойынша көршілес горизонтальдардың ара қашықтығын айтады.

Салынымы-заложение (d) деп көршілес горизонтальдардың пландағы метрмен өлшенген ара қашықтығын айтады.

Жер бедерінің сипатын аныктауды оңайлату үшін картада кейбір горизонтальдардың және нүктелердің биіктігі жазылып койылады. Цифрдың жоғарғы жағы әрқашанда өрге, аяғы ылдига қарап тұрады. Сонымен бірге ылдидың бағытын горизонтальдарға кесе-көлденең койылған сызыкша - бергштрих (немісше берг - тау, штрих - сызык) көрсетеді (18 сурет).




18 Сурет. Цифрдың басы биік жақты көрсетеді, бергштрих ылдиға бағытталады.
Санауды оңайлату үшін әр бесінші немесе оныншы горизонталь жуандалады немесе қалыңдалады. Кей кезде қабылданған қима биіктігіне сәйкесті қосымша жарты немесе төрттік горизонтальдар жүргізіледі. Оларды жарты немесе төрттік горизонтальдар деп атайды. Біріншілер ұзын, ал төрттік қысқа және жіңішке пунктирлермен бейнеленеді.

Горизонтальдардың қасиеттері:

1. Горизонтальдар тұйықталған қисық сызықтар.

2. Бір горизонтальда орналасқан барлық нүктелердің биіктіктері бірдей болады.

3. Горизонтальдар арасындағы ең қысқа қашықтығы оның ең тікті құламалығын білдіреді.

Жер бетінің кейбір горизонталь­дармен түсіруге келмейтін бедері (жарқабак, жыра, т.с.с.) қосымша шартты белгілер қолдану арқылы бейнеленеді.



Карталарда горизонтальдармен шешетін есептерге жатады: 1) жер бедерін оқи білу; 2) жер бедері қимасының биіктігін анықтау; 3) нүкте биіктігіне қарай горизонталь биіктігін анықтау; 4) горизонтальдарға қарай нүктенің биіктігін анықтау; 5) картада қиманы немесе профильді құру; 6) сызықтардың ылдилығы мен еңістік бұрыштарын анықтау.

Жер бедерін оқи білу. Жер бедері негізгі формалардың әртүрлі үйлесімдерінен тұрады, олардың әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар. Жер бедерінің негізгі түрлері (формалары): тау, қазаншұңқыр, ер, қырат, лощина (19 сурет).

19 Сурет Жер бедерінің негізгі түрлері: а – тау; б – қазаншұңқыр; в – қырат; г – өзек; д – ер (водораздел-су айрығы; тальвег-су ағыны)
Тау – 200 м биік құрат немесе көтеріңкі жер, егер биіктігі одан төмен болса төбе (холм) немесе шоқы (сопка) деп аталады. Таудың бүйірін немесе көлбеу жағын беткей (склон), ал табанын (основание) – тау етегі (подошва) деп атайды. Картада тау тұйықталған горизонтальдармен бейнеленеді.

Қазаншұңқыр – жер бетінің тұйықты ойыс жері, түрі конус сияқты, ең төменгі нүктесі – түбі (дно), бүйірі – беткей деп аталады. Кішкентай қазаншұңқырды – ойыс немесе ор деп атайды. Картада тұйық горизогтальдармен бейнеленеді, бергштрихтары (скатштрихи) ішіне қаралған.

Ер – ерге ұқсас, екі биіктіктің (құраттың) ортасындағы ойыс жер. Ерден екі өзек, қарама-қарсы тарайды. Таулы жерлерде ерді ерді асу деп атайды.

Қырат, арқа (хребет) – ұзындығы едәуір биік жер немесе созылған құрат, ылғыйына бір жағына аласаратын. Қыраттың екі беткейі (ылдыйы) бар, үстіңгі биік жағы суайрығы (водораздел) болып қосылады.

Өзек – созылған ойыс, беткейлері жайылымды келеді. Ең төменгі бөлігі түбі, ал түбінің ең төменгі нүктелерін қосатын сызықты тальвег немесе ағын су деп атайды. Кең немесе енді өзектерді аңғар деп атайды, олардың беткейлері жайылымды келеді. Енсіз беткейі құламалы өзекті жыра немесе сай деп атайды. Өзектер, қыраттар сияқты созылған горизонтальдармен бейнеленеді, бергштрихтары төмендну жақтарына бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет