География және табиғатты пайдалану факультеті



бет7/14
Дата22.04.2020
өлшемі1,63 Mb.
#63910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Тасболатова Айгүл геоинформатика 2 топ

Урбанонимдер қала ішіндегі нысандардың аттары


Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы  Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізханамешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.

Әлемге танымал “Арыстан баб” мавзолейінің құрылысы екі жыл бұрын жаңа архитектуралық кешен тұрғысында басталған. Идея авторы – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, инженер-ғалым, танымал меценат Асқар Құлыбаев болып табылады. Бір кездері Асқар Алтынбекұлы халық игілігі үшін рухани құндылық орнатуды армандаған. Бүгінде Асқар Құлыбаевтың және оның ұлдарының Қазақстанның жан азығы байлығын еселей түсу мақсатындағы сіңірген үлесі зор екендігін айту қажет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзі бастама көтеріп, бүкіл мемлекеттік деңгейде жүзеге “Мәдени мұра” бағдарламасы асырылып жатыр.
Ұлы дала даналары, ұлттың ұлы билері. Ұлы даланың даналары атанған қазақтың үш биіне еңселі ескерткіш ашылды. Қазыбек, Төле, Әйтеке билерге арналған тас мүсіндер Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы «Бабалар рухына тағзым» кешенінде бой көтерді. Үш бидің ескерткіші Шымкент – Ташкент халықаралық күре жолының бойындағы саябаққа орнатылды. «Қазақта би көп болғанымен, бүкіл халық осы үш биді мойындаған. Сондықтан бұл игі іс елдігіміз бен бірлігімізді айқындап тұрады деп сенемін»,- дейді осы бастамаға мұрындық болған қоғамдық қор төрағасы Бекет Тұрғараев. Ол бұл жұмысқа қор есебінен шамамен 100 млн теңге қаржы жұмсалғанын айтады. Бұл ескерткіш Әйтеке би Бәйбекұлының 375 жылдық мерейтойына орай ашылып отыр. «Сондықтан тарих қойнауындағы атақты билердің есімін қайта жаңғыртып, өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа үлгі ету – үлкен тәрбие».

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет