«География» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып Нұр-Сұлтан, 2019 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына



бет1/13
Дата26.02.2020
өлшемі1,67 Mb.
#59042
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ОШ СОР География 9 класс каз-конвертирован



«География» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып

Нұр-Сұлтан, 2019



Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және ӛткізуге кӛмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бӛлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бӛлім бойынша жиынтық бағалауды ӛткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныстар жалпы орта сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бӛлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, ӛңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

МАЗМҰНЫ


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 4

«Географиялық зерттеу әдістері» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау 4

«Картография және географиялық деректер базасы» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау 8

«Физикалық география» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау 12

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 17

«Физикалық география» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау 17

«Физикалық география» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау 21

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 25

«Физикалық география» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау 25

«Әлеуметтік география» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау 29

«Экономикалық география» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау 34

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 38

«Экономикалық география» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау 38

«Экономикалық география» бӛлімібойынша жиынтық бағалау 41

«Елтану және саяси география негіздері» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау 44

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ


«Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Қазақстандық географтардың зерттеулері. География ғылымының қазіргі заманғы ӛзекті зерттеу

проблемалары



Оқу мақсаты

        1. География ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың зерттеулері туралы баяндайды

        2. География ғылымының қазіргі заманғы ӛзекті проблемаларын анықтайды

9.1.1.5 Зерттеу нәтижелерін түрлі академиялық формада ұсынады

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • География ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың зерттеулерін анықтайды

  • География ғылымының қазіргі заманғы зерттеу проблемаларын сипаттайды

  • Зерттеу нәтижелерін әр түрде ұсынады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма
1.Берілген ақпаратта қай ғалымға сипаттама берілгенін анықтаңыз.

ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында ӛмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында ӛшпес із қалдырған. Ол жазған «Жылнамалар жинағы» атты кітап орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш географиялық мазмұндағы тарихи шығарма. Бұл кітапта Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, түркі тайпаларына анықтама береді. Қазақ хандарының ӛмірбаяндарына тоқталады. Ол қазақ жері, оның қалалары туралы аса құнды тарихи деректер қалдырды.

А. Әл Фараби В. М. Қашқари С. М. Бабажанов

D. Қ. Жалаири


2. «Қазіргі заманның география ғылымының мәселелері» тақырыбында эссе жазыңыз. (100- 150 сӛз)

Кіріспе Негізгі бӛлім Қорытынды


3.Мәтінді мұқият оқыңыз.

Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ ӛзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытайдың батыс шетінен ӛтіп, Іле ӛзенімен Ыстықкӛлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Ирак, Иран, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб (Сайрам) қаласына келіп және екі тармаққа бӛлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы



Сырдарияның тӛменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай ӛткен. Сауда қалалары Оңтүстік Қазақстанда – Суяб, Құлан, Тараз, Отырар,Баласағұн,Сайрам,Сауран.

  1. Ұлы Жібек жолының басты бағыттары:




  1. Ұлы Жібек жолы қандай елдерді қамтиды?




  1. Қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан басты сауда орталықтарын картаға түсіріңіз (шартты белгімен белгілеңіз).


Шартты белгі:



Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

География ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың

зерттеулерін анықтайды


1


берілген ақпарат негізінде ғалымды анықтайды;

1

География ғылымының қазіргі заманғы зерттеу проблемаларын сипаттайды

2


негізгі бӛлімде нақты 2 аргумент

қолданады;



2

проблеманы шешу жолдарын ұсынады;

1

логикалық құрылымы тақырыпқа сәйкес

келеді;


1

Зерттеу нәтижелерін әр түрде ұсынады

3


Ұлы Жібек жолы бағыттарын анықтайды;

1

Ұлы Жібек жолы ӛтетін елдерді

анықтайды;



1

Ұлы Жібек жолдары ӛткен қазақ жеріндегі қалаларды картаға түсіреді (картасызбасын

жасайды).



1

Жалпы балл

8


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет