География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі Жоспар Кіріспе


1.1. Экологиялық тәрбие берудің маңызы



бет3/21
Дата15.04.2022
өлшемі0,5 Mb.
#139463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
dip -geografija-sabagynda-jekologijalyq-tarbie-beru-adistemesi-2013-64

1.


1.1. Экологиялық тәрбие берудің маңызы.

Республикамыз дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отан сүйгіштікке баулыйтын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, "табиғат - қоғам -адам" жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен "Білім туралы" Заңы (1999), "Айналадағы ортаны қорғау туралы" Заңы (1997), "Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы" (1996), "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы" (1997), "Қазақстан Реслубликасы экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық: стратегиясы" (1998), "Экологиялық білім бағдарламасы" (1999), "Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары" (1998), "Қазақстан ; Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау ' тұжырымдамасы" (2004) және т.б. құжаттар қабылданды.


Қоғамымыздың білім саласындағы азамат ғалымдары Ә.Бейсенова, Ж.Жатқанбаев, Н.Сарыбеков, К.Сарманова, А.Сотников, С.Тілеубергенов, Н.Торманов, / / т.б. экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін зерттеуде үлкен үлес қосты. Соңғы кезде экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге қарағанда оның әр түрлі моделі қолданылып келеді. Олар:
- көп пәнді жүйе (барлық пәнді өздерінің ортақ тақырыбына сәйкестендіріп, экологиялық білім беру);

  • бір пәнді жүйе (экологиялық білім бір ғана пән арқылы беріледі);

  • аралас (экология жеке пән ретінде) оқытылады. Республикамыздың оқу жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы дүниежүзілік тәжірибелерді саралай отырып көпшілікке, жеткіншектерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді. Ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:

  • мектептерге дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;

  • мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;

  • жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру (әр түрлі сала бойынша);

  • мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру;

  • көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспары бойынша жалпы және арнайы білім беретін оқу жүйелері 2000 жылдан бастап жаңа базистік оқу жоспарына көшірілді. Ол - орта мектеп (10-11 сыныптар) және бастауыш мектеп (1-4 сыныптар). Жоғарыдағы оқу құрылымына қарай әрбір пән мұғалімі оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдістерін жоспарлауы тиіс. Осыған орай, ғалымдар А.Захлебный, И.Суравегина, Б.Лихачев еңбектерінде көрсетілген экологиялық тәрбиенің әмбебап маңыздылығын ескере отырып, біз экологиялық тәрбие беруде оқушылардың "экологиялық сауатын" ашудан сөз бастағанды жөн көрдік. Өйткені, экологиялық тәрбие экологиялық білімділікпен тығыз байланыста қалыптасады.. Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында негізгі үғымдар мен түсініктер бар, олардың негізділері: "экологиялық сана", "экологиялық сауаттылық", "экологиялық этика", "экологиялық мәдениет", "экологиялық білім", т.б. Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырады.
Ауа-табиғаттың ажырамас элементі, онсыз жан баласы дем алуы, қоректенуі, жылу мен жарықты қабылдауы мүмкін емес. Қысқасы, табиғатсыз тірлік те, өмір де жоқ. Сондықтан да қоршаған ортамыз - табиғатқа деген қарым-қатынас терең ізгілік пен адамгершілікке ұласуы қажет. Осымен қатар табиғат-адамдар үшін таным мен эстетикалық қарым-қатынастардың нысаны. Оның тартымды құпия сырына енудің өзі терең ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал жасайды. Осыған орай, экологиялық мәдениетті адамның негізін қалаушы бастапқы, міндетті және жалпыға ортақ берілуі тиіс экологиялық тәрбиенің қажеттілігі туындайды. Жоғарыда атап кеткендей, экологиялық сана толығымен экологиялық білімді қамтыса, оның құрамдас бөлігі эстетикалық сезімдер мен экологиялық жауапікершілік болып табылады.
Экологиялық сана мынадай маңызды функцияларды атқарады:

  • ағартушылық функциясы;

  • дамытушылық функңиясы;

  • тәрбиелік функциясы;

  • ұйымдастырушылық функциясы;

  • болжаулық (прогностикалық) функциясы.

Аталған функцияларға сипаттама берсек, ағартушылық функциясы оқушылардың табиғат: эстетикалық жаратылыс және ол барлық тіршілік иелерінің өмір сүру ортасы екендігін түсінулеріне көмектеседі. Өскелең ұрпаққа экологиялық тепетеңдіктің қайтымсыз бүлінуіне жол бермей, табиғатты қорғау мақсатында экологиялық білімдерін пайдаланудың қажеттілігі туралы ой, көзқарастарын қалыптастырады.
Жастардың жан-жақты үйлесімді дамып қалыптасуы үшін білім мен төрбие ғана емес, әсем табиғат, тылсым дуние, жаратылыс күштерінің ықпалы, сонымен қатар, жоғары мәдениетке қол жеткізген отбасы тәрбиесі керек.
Табиғат пен адам дамуы егіз, бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, адамзаттың табиғатқа, қоғамға, жаратылыс әлеміне, айналасындағы жан-жануарға деген ізгі қатынасы сүйіспеншілік сезімінің дамуымен айқындалады.
Экология - табиғатты үнемдеу туралы ғылым.
Экология - грекше oikos - үй, мекен және логия сөзінен құралады. "Экология" терминін 1866 жылы Австралия ғалымы биолог Э.Геккель ұсынған.
БҰҰ шешімі бойынша маусымның 5-ші жұлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні деп атап өтілуде. Қазіргі кезде балаға жас шамасына қарай экологиялық білім және тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда табиғат анамызға тіземізді батырып, жерге қопарылыс жасап, ойран салудан табиғат әсемдігінен, үйлесімділігінен айрылып, экологиялық дағдарыс әлемдік проблемаға айналды. Табиғи орта ластанған. Арал теңізінің жоғалып кету қаупі тұр. Өзен суларында 20 есеге артық мұнай, т.б. зиянды өнімдер бар. Теңіз тартылу зардабынан 34 түрлі балықтың азайғаны дүние жүзінде сирек кездесетін құбылыс. Балқаш өңірі, Абай жері, Сыр өңірі бәрі де өзінің келбетін жоғалтып отыр. Сондықтан да табиғат-ананы қорғау-адамзат парызы. Оны ұрпаққа ұғындыру, тәрбиелеу мектептің міндеті. Экологиялық тәрбие балалық шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезінумен бірге тәрбиеленуі керек.
Әр бала өзін қоршаған ортаның құрлысын, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын бұзбай сақтау жолдарын, табиғатты қорғаудағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті. Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін, мөлдірлігін, тұнық ауасын бұзбауға, үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жанашырлықпен, мейірімділікпен, сезімталдықпен қатынас жасауға тәрбиелеу. Жас ұрпаққа табиғатты қорғау мен байлығын асырап етпеудің ғылыми негіздерінің басты заңдылықтарын үйрету.
Адам өз бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерін туған жерінің табиғатымен, өскен ортасымен байланыстырады.
Қазақ халқының туған жерге деген ыстық ықыласын таныта білген данышпан әрі ақылғой Асан қайғы бабамызды қазақтан шыққан алғашқы эколог деп мақтан етеміз. Оның Жерүйықты іздеп жүріп, қазақ жерінің әрбір өзен-суына, кең байтақ даласы мен асқар тауларына берген бағасы осы күнге дейін құнын жойған жоқ. Ал Қорқыт бабамыздың "Асқар тауларын құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарын қырқылмасын" деген өсиет сөздерін бала құлағына сіңіру және оның мағынасын түсіндіру - міндетіміз.
Халқымыздың салт-дәстүрлері бойынша, Наурыз мейрамының туған жер табиғатын түлетуге, көркейтуге қосатын үлесі зор. Бұл мейрамның басты мақсатының өзі табиғат заңдылықтарына үйлесімді табиғи тепе-теңдікті сақтауға негізделген. Айналаны тазарту, ағаш отырғызу, бұлақ көзін ашу адамның табиғат-ана алдындағы міндеті екендігін түсіндіру.
Балаға экологиялық тәрбие бере отырып, онымен келешекте оқытылатын жаратылыстану пәніне дайындық жұмыстарын жүргіземін.
Экологиялық білім және тәрбие нәтижесін үш түрге бөлемін:

  1. Оқушыға экологиялық білім туралы ой саламын.

  2. Жеке өз бетінше ізденушілікке бағыттаймын.

  3. Зерттеушілік қабілетін дамытамын.

Кесте 1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет