География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі Жоспар Кіріспе


Қазақстан Республикасы географиясы бойынша оқушыларға өзіндік



бет9/21
Дата15.04.2022
өлшемі0,5 Mb.
#139463
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
dip -geografija-sabagynda-jekologijalyq-tarbie-beru-adistemesi-2013-64

Қазақстан Республикасы географиясы бойынша оқушыларға өзіндік
жұмыс арқылы экологиялық сананы қалыптастыру жолдары.

Кезеңдер

Орындалу кезіңдегі іс-әрекеттер

Сабақ түрлері

1. Бейімделу кезеңі

Белгілі құбылысты немесе оқиғаны мүғалім айтады, ой қозғайды

Экологиялық бағыттағы өзіндік жұмысты орындау барысыфнда

2.Бағыт-бағ-дар кезеңі

Муғалім әр турлі экологиялық жағдайларды көрсетеді, білім көздерін пайдалана отырып, ықпал етеді

З.Орындалу кезеңі

Әр түрлі жаттығулар, экологиялық қызықты ойындар жургізу, оларды келешекте оқу материалымен ұштастыра алуын қадағалайды

4.Шығарма-
шылық
кезеңі

Оқушылар шығармашылық жұмыс жүргізеді, машықтану, бағдарлай, жобалай алу.белгілі оқиғаға өз ойын тұжырымдап, қорытынды шығара алуды қамтиды

Осы кезеңдерді оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бірінен соң бірі уздіксіз орындалу барысында муғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс туындап жасөспірім бойында экологиялық сана, мәдениет қалыптасады. Оқушы біртіндеп экологиялық жағдайларға өз бетінше баға бере алатындай, пайымды ой қорытып айта алатындай дәрежеге көтеріледі. Өз жолдастары мен жүрген ортасына экологиялық саналы іс-әрекетімен оңды
ықпал етеді.
Мұғалім бұл өзіндік жұмыстарды орындағанда төмендегідей құнды ұстанымдар жүзеге асады:

  • ғылымилық (құбылыстар мен үрдістер, оқу материалдары, адамның, табиғатқа әсері);

  • байланыстылық (флора мен фауна арасында және әр түрлі ғылым салаларымен);

  • тепе-теңдік;

  • қызығушылық;

  • үздіксіздік;

  • дамытушылық;

  • интеграциялық;

- өлкетанушылық байланыстардың барлығы да орындалады.
Қорыта айтқанда, Қазақстан географиясында осы үздіксіз экологиялық бағыттағы өзіндік жұмыстарды жүргізгенде, оқушы бо-
йында жетіспейтін құнды қасиеттердің бірі - "экологиялық сана"
мен экономикалық түсінік қалыптасып, болашақта бәсекеге қабілетті,
мәдениетті ұрпақ, жеке тұлға дамиды.
Сабақтың мақсаты:
а) Экологиялық білім беру; Материктегі табиғи зоналық ерек- шеліктерінің климат жағдайларына байланыстылығын оқушыларға
ұғындыру, табиғат зоналары орналасуына әсер ететін рельефтің
басты ерекшеліктерін, адамдардың табиғат зоналарына тигізетін әсерін
меңгеруін қамтамасыз ету.
ә) Экологиялық білім беру арқылы оқушылардың мәдениетін, және өмір салтын, экологиялық көзқарасын қалыптастыру.
б) Табиғат зонасында тірі табиғат пен өлі табиғаттың байланысын дұрыс қалыптастыру, салыстыра білу және дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние-жүзінің табиғат зонасының картасы, гербарийлер (кеппешөптер жинақтамасы), жануарлардың суреттері, схемалар және т.б.
Сабақтың барысы: Бүгін сабақта Евразияның ішкі суларын қайталап шығамыз. (әдісі сұрақ-жауап):
1. Ішкі суға не жатады? Өзен,көл, сарқырама, бұлақ, минералды
су, жер асты сулары.
а) Өзен дегеніміз не? ә) Өзеннің қандай элементтерін білесіңдер?

  1. Евразия материгінде ішкі су қалай бөлінген, жеткілікті ме?

  2. Материктің өзендері қандай бассейндерге жатады? (Солтүстік мұзды мұхитына, Атлант мұхитына, Үнді, Тынық, ішкі ағындар территориясына).

а) Солтүстік мұзды мұхитының өзендерін ата.
ә) Тынық мұхитының бассейніне жататын өзеңдерді ата?
б) Үнді мұхитының бассейніне жататын өзендерді ата?
в) ішкі ағындар территориясына қандай өзендер жатады?
Ауызша географиялық диктант

  1. Қандай өзен Бенгал шығанағына құяр кезінде, ұлан-байтақ атырау

құрайды? (Ганг)

  1. Қандай өзен Охот теңізіне құяды? (Амур)

  2. Қандай өзен Солтүстік Мұзды мұхитының бассейніне жатады? (Лена)

  3. Қандай өзен Гималай тауынан басталады? (Ганг)

5. Қандай өзен Сары теңізге құяды? (Хуанхе)
6. Қандай өзен ішкі ағынды бассейнге жатады? (Амудария)
Көл дегеніміз не?
Евразияның колдерінің орналасу ерекшелігі қаңдай көл:
а) Дүние жүзіндегі ең терең көл? (Байкал-1620 м).
ә) Қандай көл ең тұзды? (Арал-27).
б) Қандай көл ең түщы? (Байкал).
в) Қандай көл опырынды қазан шұңқырыңда орналасқан? (Байкал)
Міне, оқушылар, біздің көптеген өзен, көлдеріміздің жағдайы нашарлап, экологиялық мәселесі шиеленісіп барады. Әсіресе, Арал тағдыры қиын. Қазір Арал туралы видеокассета көрсетіледі. Сондық-тан біз судың таза болуын, үнемдеп жұмсалуын қадағалауымыз керек. «Судың да сұрауы бар», «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең-көзін аш» деп халық бекер айтпаған.
ІІ Жаңа білім беру. (әдіс) Біз бүгін әдеттегідей жаңа тақырып өтеміз. Сабақтың тақырыбы Евразияның табиғат зоналары. Тақырыпты тақтаға жазып қоямын. Сосын «Табиғат зонасы дегеніміз не?»-деп анықтамасын сұраймын.
Табиғат зонасы деп температура жағдайларының ылғалдануы, топырағы, өсімдігі, жануарлар дүниесі бірдей болып келетін ірі табиғат комплексін айтамыз. Евразияның табиғат зоналарының орналасуында ендік зоналық заңы байқалады.
Табиғат зоналары картасын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Евразияның табиғат зоналары анағұрлым алуан түрлі, материктің солтүстігінде табиғат зоналары тұтас алап болып созылып жатады, тайганың оңтүстік тұсына қарай олар сол сияқты батыстан-шығысқа қарай ауыса береді.
Табиғат зоналардың материкте орналасуы климатқа, жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
III. Сыныпты үш топқа бөлем (үш қатарға, тиісті жұмысты бөліп беремін) Балалар, тақтада жазылған табиғат зоналарының кестесін кі- таппен және алдарындағы картамен жұмыс атқара отырып толтырып шығасыңдар.
І-топ: Арктикалық шөлдің таблицасын толтырады.
ІІ-топ: Тундра, орманды тундраның кестесін толтырады.
Ш-топ: Тайга табиғат зонасының кестесін толтырады.
Келесі зонамыз қоңыржай белдеудің үлкен кеңістігін алып жатқан Шығыс Европа жазығында орналасқан аралас орман мен жалпақ жапырақты ормандардың табиғат зоналарына өзім қысқаша тоқталып шығамын.
III. «Көңіл толқыны» күйі ойналып жатады. Мұғалім енді келесі тоқталатын табиғат зона қандай деп сұрайды. Орманды дала мен дала табиғат зонасы. Дала зонасымен сіздермен қандай материкті өткенде танысып едік? Солтүстік Америка, онда ол зона қалай аталған? Прерий-ормансыз кеңістік деген мағынаны білдіреді. Сіздер бұл табиғат зонасының климатымен толығырақ 8 сыныптың «Қазакстанның физикалық. географиясын өткенде танысасыңдар». Ал бүгінгі сабақта біз сіздермен бұл зонаның қасиеті, қадірі тарихқа толы екендігің және даму болашағын қарастырамыз. Дала табиғат зонасында Қазақстанның 26 % территориясы, орманды дала зонасында 7 % орналасқан. Сонымен қатар осы зонада тілі, әдепғүрпы, салтдәстүрі, мәдениеті ұқсас болған түркі тілдес халықтар мекендеген. Олардың тіпті аспаптары, тағамдары кәсібінде мал шаруашылығы болған. Қазақстанның дала зонасын ғалым Қаныш Сәтбаев жаяу аралап, түсті металл кендерін ашып, респуб-ликаның өндірісін дамытып. экономикасын котеруге үлес қосқан жер осы. Қазақстан үш жүздің басы қосылып біріккен жер осы. .Ал енді 1950-54 жылдарға тоқталатын болсақ, осы зонада тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Миллиондаған гектар жер жыртылып, егіншілік қарқынды дамыды. Бірақ мұның кері әсері де болды, көптеген құнарлы жерлердің топырақтары бүлініп, эрозияға үшырады.
Ал енді біз бұл зонаның болашағын қалай елестете аламыз? Бүгінгі таңда бұл табиғат зонасында кішкентай Қорғалжын қорығы болса, болашақта XXI ғасырға аяқ басқан кезде 2030 жылдары дала зонасында ең үлкен қорық болып, онда емдік қасиеті бар өсімдіктер көп өсіп, таза экологиялық аймаққа айналады. Түркі тілдес халықтар, соның ішінде қазақ халқына қасистті жылқы малы табын-табын өсіріліп, адамдар түгел қымызбен емделеді. Қымыз адамға әрі қуат, әрі шабыт беріп, адам жаны сая табатын жер осы жер болады.
IV. Келесі біздің соңғы зонамыз, шөл мен шөлейт. Біріншіден, біз шөлдердің түрлеріне тоқтала кетейік. Біз сіздермен қандай шөлдердің түрлерін білеміз? Құмды шөл, сазды шөл, тасты шөл. Осылардың ішінде адамға біршама қолайлысы сазды шөл. Евразия материгінде және Қазақстанда қандай шөлдерді білесіңдер?
Шөл зонасының климатын, топырағын мұғалім өзі сипаттап шығады. Ал енді балалар, сендер өсімдіктану пәнінен қандай шөл мен шөлейттің өсімдіктерінің аттарын білесіңдер? Оқушылар бірнеше өсімдіктердің аттарын атап шығады. Шөл зонасының кеппе шөптерін таратып беріп, олардың құрылысына, ерекшелігіне тоқталады. Олардың бойлары аласа, тікенекті, тамырлары ұзын болып келеді. Себебі оған қоршаған орта әсер етеді.
Дәптермен жұмыс. Географиялық терминдер.

  1. Эфемерлер.

  2. Эрозия.

  3. Табиғат зонасы.

V. Қорытынды. Жауын-шашын өте аз, өсімдіктері сирек, кейбір жерлерінде мүлдем кездеспейтін табиғат зонасын ата. Ал енді балалар бүгін сабақта біз не өттік, не үйрендік, соны тексеріп шығайық.
Евразия материгінде табиғат зоналары қалай орын ауыстрады екен?
Солтүстіктен оңтүстікке қарай, батыстан шығысқа қарай. Әр табиғат зонасының өзіне тән ерекшеліктері болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет