Географиялық зерттеу әдістері



бет3/3
Дата24.10.2023
өлшемі24,51 Kb.
#188219
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Реферат

Модельдеу – бұл нысандарды, үдерістерді немесе құбылыстарды зерделеуге және зерттеуге арналған модельдер құрастыру.
​Нысан үшін құрастырылатын модель түпнұсқа немесе прототип деп аталады.
​Географияда сөздік, картографиялық, құрылымдық, графикалық, математикалық, материалдық деген сияқты негізгі модельдерді айқындауға болады. Сонымен қатар модельдер құрама да болуы мүмкін: математикалық-картографиялық, математикалық-графикалық және басқалар.
Теориялық әдістер

Теория зерттеу нәтижелерін қорытындылау формасы, өзара байланысты пайымдаулар мен дәлелдер жүйесі. Ой тұжырымының негізгі екі формасын бөліп көрсетуге болады. Олар пайымдаудың жалпыдан жекеге және жекеден жалпыға қарай жолын қарастырады және дедукция мен индукция деп аталады. Оларға кейбір қасиеттердегі, белгілердегі, қарым-қатынастардағы заттар мен құбылыстардың ұқсастығын анықтауға болатын ұқсастық әдісі де жатады. Далалық және камералдық (ғылыми өңдеу) зерттеулердің деректерін жүйелеу және талдау, оларды модельдерде және карталарда бейнелеу нәтижелері бойынша зерттеушілер нысанның, құбылыстың және үдерістің даму ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы жалпы қорытынды жасайды. Осындай қорытынды теория болып шығады.


Пайдаланған әдебиеттер

1.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
2.Пузаченко Ю.Г. Математические методы в экологических и географических исследованиях / Ю.Г.Пузаченко. – М.: Издательский центр «Академия», 2004. -407с.
3.Паромов В.В. Полевая практика по физической географии: топографо-геодезические работы: Практическое руководство / В.В.Паромов. – Томск: ТГПУ, 2004. - 48с. 3

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет