Географиялық зерттеу әдістері


Қазіргі физикалық география әдістері



бет2/3
Дата24.10.2023
өлшемі24,51 Kb.
#188219
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Реферат

Қазіргі физикалық география әдістері:

  • Картографиялық және картометриялық зерттеу әдістері.

  • Табиғи аумақтық кешеннің (ТАК) кеңістіктік-уақыттық құрылымын зерттеу;

  • ресурстық әлеуетті бағалау;

  • ТАК шаруашылықта пайдалану мүмкіншіліктері мен шектеуліктерін зерттеу;

  • ТАК жағдайын ландшафттық-экологиялық бағалау және даму болжамы;

  • мәдени ландшафтық және т.б. жобалау.

  • Экспедициялық әдістер.

  • Қолданбалы кешенді физикалық-географиялық зерттеулер.

Экономикалық-географялық зерттеулер

  • Кеңістіктік-уақыттық талдау – экономикалық-географиялық зерттеулердің негізгі қағидаларының бірі ретінде.

  • Математикалық зерттеу әдісі

  • Визуалды бақылау

  1. жалпы ғылыми тұрғылар мен әдістерді (тарихи, экологиялық, модельдеу, математикалық, жүйелік, тағы да басқалары);

  2. нақты ғылыми тұрғылар мен әдістерді (физикалық географияда — геохимиялық, геофизикалық, палеогеографиялық және тағы да басқалары әдістер; әлеуметтік-экономикалық географияда — экономикалық-статистикалық, техникалык-экономикалық, социологиялық және тағы да басқалары);

  3. ақпарат алудың жұмыс тәсілдері мен операцияларын (баланстық әдістер, дистанциялық әдістер; зертханалық әдістер, мысалы, споралық-шаңдық талдау, радиокөміртекті әдіс, сауалдама жүргізу, іріктеме әдіс, тағы да басқалары);

  4. ақпаратты тәжірибелік және теориялық қорытудың әдістерін (индикациялық, бағалау, ұқсастық, жіктеу, тағы да басқалары);

  5. алынған ақпаратты өңдеу әдістері мен техникалық тәсілдерін (перфокарталардың, электрондық есептеу техникасы арқылы, тағы да басқалары) қамтитын жүйе.[1]


Географиялық сипаттау әдісі – географиядағы ежелгі әдістердің бірі, «жерді сипаттау» ғылымының атауына кіріктірілген. Ол – бақылаулар мен далалық зерттеулердің нәтижесін қорытындылау.

​Зерттеушілер нақты нысан, құбылыс, үдеріс туралы географиялық экспедицияның және далалық зерттеулердің нәтижесі бойынша қажетті ақпаратты жинақтағаннан кейін, оларды жүйелейді және аумақтың толық сипаттамасын құрастырады.

​Сипаттамалар бір элементті болуы және бір ғана компонентті қарастыруы мүмкін, мысалы, жер бедерінің сипаты, табиғи-аумақтық кешен немесе жерүсті сулары.

​Қазіргі уақытта көптеген сипаттамалар кешенді түрде жүреді, олар аумақтық кешенді толығымен қарастырады: табиғат – халық – шаруашылық.

​Сипаттау белгілі талаптар бойынша жасалады.
​Ол зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес болуы тиіс, яғни сипаттауға болатынның бәрін сипаттау емес, тек зерттеу жоспары бойынша сипаттау.
​Нысанның ерекше маңызды және елеулі белгілері, параметрлері және бейнелері сипатталады.

​Сипаттауға алынатын барлық жинақталған ақпарат, нақты санаттар бойынша жүйеленуі немесе бөлінуі тиіс. Бұл нысанның немесе аумақтың құрамын, құрылымын, негізгі сипаттамаларын, олардың арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді.

​Сонымен қатар географ-ғалымдар: «Географиялық сипаттамалардың сипаттау тілі қызықты болу керек және көркем мәнерліліктің көптеген тәсілдерін қамтуы тиіс», – деп санайды.
Модельдеу әдісі
Модель – бұл зерттеудің таңдап алынған мақсаты үшін неғұрлым маңызды сапасын және қасиеттерін айқындайтын, үдеріс немесе құбылыс туралы қарапайым түсінік беретін, жасанды жолмен құрастырылған нысан. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет