Геологиялық БӨлім 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4



бет5/24
Дата30.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#155669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дип.-Жетібай-кен-орнында-мұнайды-жинау-жүйесі
Кристалдар мен кристаллография туралы түсінік Геология және пайдалы қазбалар кен оындарын барлау, №2 Практикалық жұмыс., азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді
Баттық ярус (J2 bt)
Баттық ярус үшін олармен көтерілген саз балшықты қабатшалары бар алевролитті бумалар қалыңдығы 30-50 метрге дейін болатын ірі құмтастардың кезектесіп келуі тән. Құмтастар сұр, қанық-сұр, бұрыл-сорғыш-сұр, ұсақ түйіршікті, алеврит-сазды, бұрышты, жартылай жұмырылған. Құмтастардың және алевролиттердің құрамы полимикті, көпшілік бөлігі далалық сипатпен, хлоридтенген слюидтермен және басқа да жыныстармен, жиі регенерацияланған кварцпен көсетілген. Үгітілмелі материал жарықшақты. Цемент саз балшықты, карбонатты, базальт тектес, кварцті-регенерациялық.
Баттық саз балшықтар қанық-сұр, қанық-қоңыр, жасыл-қанық-сұр, тығыз, құмайытты және алевритті, каолинит-гидрослюидті-монтморилонитті. Осы саз балшықтардың ерекшеліктері жанартаулық шынымен байытылғандығы болып табылады.
Баттық ярусқа VІ,V өнімді және ІV сулы горизонттары жатады, ярустық жалпы қалыңдығы 225 метр.


Жоғарғы бөлім (J3)
Жоғарғы юралық жүйе келловейлік, оксфордтық кимериджтік және титондық ярустармен көрсетілген, олардың жалпы қалыңдығы шамамен 450 метрді құрайды.


Келловейлік ярус (J3 k)
Келловейлік ярустық шөгінділері бағынышты құмайтты-алевролиттік жыныстардың қабатшасымен көрсетілген, олардың төменгі бөлімінде І және ІІ өнімді горизонттар бөлінеді.
Келловейлік ярустық құмтастары сұр, жасыл-сұр, ұсақ түйіршікті, күшті алевриттік, нашар іріктелген, көмір тектес. Иілмелі материал кварцпен, далалық шпатпен, кварцпен, кремнилік, эффузивті және басқа да жыныстармен көрсетілген.
Саз балшықтар жасыл-сұр, қанық-сұр, сирек бұрыл түсті, тығыз, алевритті, құмтасты, монтмориллонитті гидрослюидті құрамды.
Саз балшықтардың карбонаттылығы мергел қабатшаларының және карбонат сазды құм тастардың кездесетін жерлерінде, қима бойынша өседі.
Барлық қима бойынша көмірленегн өсімдік қалдықтары кездеседі. Ярустық орталық бөлігінде түпкі жүйелердің қалдықтары бар қазбалы топырақ қабатшасы жатыр. Ярустық жалпы қалыңдығы 87-113 метрді құрайды.


Оксфордтық ярус (J3 о)
Оксфордтық ярус үшін қиманың төменгі жақ бөлігінде саз балшықтар басым сазды-карбонаттық жыныстардың қалыңдығы тән. Саздар тығыз, сұр, жасыл және бұрыл түсті, мергел тектес, алевролиттік, гидрослюидті- монтмориллонитті. Мергелдер пелигоморфті –микро түйіршікті, сазды-кальцитті, алеврит тектес. Сол сияқты таза және сазды әктастар кездеседі пелитоморфті, ұсақ кристалды, жарықшақты, сирек те болса алевролиттің және майда түйіршікті құмайттардың қуаты аз қабықшалары кездеседі. Оксфордтық шөгінділері көрінбейтін үйлесімсіз келловейлік ярустың жыныстарының үстінде жатыр. Ярустың қалыңдығы 230-260 метр.


Кимериджтік ярус (J3 km)
Кимериджтік ярустың шөгінділері оксфордтыққа жатады және мергель мен доломит қабатшалары бар 30-50 пайызға доломиттелген және қайтадан кристалданған әктастармен, саз балшықтармен, алевролиттермен майда түйіршікті құмтастар мен кристалдық әктастармен көрсетілген. Әктас тілік ретінде шектелген. Ярустың қалыңдығы 8-93 метр.


Бор жүйесі (К)
Тез бұрыштық үйлесімсіз бор шөгінділері юра шөгінділерінің жуылған бетінде жатыр және жүйенің сегіз бөлімдерімен көрсетілген. Өзінің литологиялық ерекшелікетері бойынша бор шөгінділерінің барлық қималарын төменгі терригенді-карбонаттық, орталық терригенге бөлуге болады. Жалпы қалыңдығы 1200 метр.


Палеогендік жүйе (P)
Палеогендік шөгінділер лезді бұрыштық неогенмен бор шөгінділерінің жуылған бетінде жатады. Палеогендік шөгінділердің қалыңдығын төменгі карбонатты-терригендік және жоғарғы-терригендік деп бөлуге болады. Жалпы қалыңдығы 163-203.


Неогендік жүйе (N)
Неогендік шөгінділер бұрышты үйлесімсіз қиманың төменгі жақ бөлігінде терригенді-карбонаттық жыныстармен кезектесіп келген және жоғарғы жақ бөлігінде тығыз шектелген әктастармен көрсетілген палеогендік шөгінділердің жуылған бетінде жатыр. Жалпы қалыңдығы 100-150 метр.
Жоғарыда қима бойынша жалпы қалыңдығы 5-10 метрді құрайтын төрттік жастағы құмдар мен саздар жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет