Қоспалары: Каолиндер жəне саз-балшықтар



бет1/3
Дата11.10.2023
өлшемі24,55 Kb.
#184726
  1   2   3
Байланысты:
Документ материал
Философия СРС 1

1-слайд.
Керамика (грек. keramіke - қыш өнері, keramos - саз) - қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. Керамиканың негізгі технологиялық түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады.
2-слайд.
Қоспалары:
Каолиндер жəне саз-балшықтар деп – əртүрлі қоспалармен араласқан, табиғатта тараған сулы алюмосиликаттарды айтады. Оларды су қосып илегенде – пластикалық қамырға, ал күйдіргеннен кейін – тасқа ұқсас күйге айналады. Каолиндер тек қана дерлік каолинит минералынан құралады, бөлшектерінің (түйіршектерінің) өлшемдері көбінесе 0,01 ммден, күйдіргенде ақ түсін (өңін) сақтайды.
Саз-балшықтар (осыдан кейін балшық немесе саз деп қысқартылыпайтылады) бірнеше минерал мен біршама минералдық жəне органикалық қоспалардан құралады. Бұл минералдардың бір тобы сумен араластырғанда иленгіш қамыр түзеді. Ал басқа (екінші) тобында - кальцитте, дала шпатында мұндай пластикалық қасиет жоқ. Бірінші топтағы минералды – сазды (балшықты) зат деп атайды, екіншісін – сазды емес минералдар дейді.
Бентониттер деп – жоғары пластикалық негіз демонтмориллониттен құралған, балшықтарды айтады. Олардың 85-90пайызы өте ұсақ 0,001 мм-ден төмен бөлшектерден тұрады. Қорыта айтқанда, балшық материалдарда өлшемі 0,001 ммбөлшектер көбейген сайын, олардың пластикалығы өседі. Пластикалығы ең жоғары балшықтарда көп кездесетін қоспа – далашпаты, олардың балқу температурасын төмендетеді. Темір тотығы оларға қызыл, ал басқа, əсіресе көміртегіне бай органикалық қоспаларқоңыр, т.б. түстер (өңдер) береді. Кальцийлі карбонат “көпірме” атты ақау (кемістік) келтіреді.
Қасиеттері:
Тығыздығы мен жылу өткізгіштігін азайту үшін кірпішті, керамикалық тастарды қуыстайды. Керамиканың су сіңіргіштігі – оның кеуектілігін сипаттайды. Кеуекті керамикалық бұйымдардың массалық су сіңіргіштігі – 6-20%, ал тығыз бұйымдардікі – 1-5%.
Жылу өткізгіштігі. Абсолютті тығыз керамикалық бұйымның жылу өткізгіштігі жоғары. Ауамен толған саңылаулар мен қуыстар бұйымдардың тығыздығын төмендетіп, жылу өткізгіштігін едəуір азайтады.
Керамикалық бұйымның беріктігі оның фазалық құрамына, кеуектілігіне жəне шытынауына (жарықшақталуына) байланысты. Қабырғалық керамикалық бұйымдардың (кірпіш, т.б.) маркасы, олардың сығуға беріктігі арқылы анықталады. Осыған қарамастан, əрдайым олардың июге беріктігі де анықталынады, себебі кірпіш қабырғада ию күші əсеріне де кедергі көрсетеді.
Керамикалық бұйымдардың аязға төзімділік маркасы, олардың су сіңіргеннен кейін неше (қанша) тоңазу-жылыту (жібіту) цикліне қабыршақтанбай, шытынамай, майдаланбай шыдағанын көрсетеді.
3-слайд.
Құрылыстық керамика - бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар - өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен keramos деген сөзден шыққан,саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді. Құрылыстық керамика өндірісі халық шаруашылығындағы ең маңызды сала болып саналады. Соңғы он жылдықта механикаландырылған керамикалық кірпіш және тастар өндіретін зауыттар пайда болуда. Бұл зауыттар қуатты саз өңдейтін және қалыптайтын машиналармен, жаңа кептіргіш қондырғылармен және пештермен жабдықталған. Құрылыстық керамикалық тастар цемент, аз кездесетін металл, сонымен қатар тасымалдау қондырғыларын үнемдеуге септігін тигізетін ең көп тараған қабырғалық материал болып саналады.
4-слайд.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет