Геологиялық БӨлім 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4



бет7/24
Дата30.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#155669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
Дип.-Жетібай-кен-орнында-мұнайды-жинау-жүйесі
Кристалдар мен кристаллография туралы түсінік Геология және пайдалы қазбалар кен оындарын барлау, №2 Практикалық жұмыс., азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді

1.5 Мұнайгаздылық


Жетібай кен орны субендікті жазықтықты ірі антиклиналдық қатпарға үйлескен. Юра горизонтының құрылымдық бет бойынша оның өлшемдері 22х6 километр көтерілу амплитудасы 65 метр болған кезде. Құрылым айтарлықтай жатық, құлау бұрышы тереңдік бойынша 2қ-тан 5қ-ққа дейін өседі.
Терең барлау ұңғыларымен кен орнында жоғары триастықтан бастап төртік жасқа дейінгі шөгінді тау жыныстарының үш километрлік қалыңдығы, олардың ішіндегі юра жүйесінің шөгінділері өнеркәсіптік мұнайлы болып табылады.
Юра жүйесі төменгі, ортаңғы және жоғарғы бөлімдермен көрсетілген. Юра шөгінділері құмтастар, алевриттер, саз балшықтар, аргиллиттердің жалпы қалыңдығы 1300 метр болатын қабатшалардың кезектесіп келуімен сипатталады. Юра шөгінділерінің қалыңдығы 10-120 метр. Отаңғы юра бөлімдері аалендік, байостық және баттық ярустардың шөгінділерінен тұрады. Аалендік ярустық қимасында ХІІ және ХІІІ горизнттар бөлінген. Шөгінділердің жалпы қалыңдығы 165-200 метр. Байостық яруста ХІ, Х, ІХ, ХІІІ, ХІІ горизонттар бөлініп көрсетілген. Шөгінделерінің жалпы қалыңдығы 335-365 метр.
Баттық яруста ХІ, V, ІV, ІІІ өнімді горизонттар бөлініп тұр, ярустың жалпы қалыңдығы 225 метр. Келловейлік ярустың төменгі жақ бөлігінде І және ІІ өнімді гоизонттары айқындалған. Жоғарғы бөлімнің жалпы қалыңдығы 450-460 метр. Бор жүйесінің шөгінділерінің қалыңдығы 1200 метр, палеогендік және неогендік қабатта сәйкесінше – 170-200 метр және 100-125 метр. Кен орнының өнімді қалыңдығы оның аудан және қима бойынша бір теңсіздігімен сипатталатын күрделілікке ие. Юра шөгінділерінің қимасында 13 өнімді горизонттары айқындалған, оларға мұнай және газ кеніштері үйлескен.
Газ кеніштері І горизонтта, мұнай кеніштері ІV горизонтта, V (Б12123), VІ (Б23), VІІ (1-6,8+9), VІІІ (а4), ІХ (3+4), Х,Х2 (5,6+7,8+9) және ХІІ горизонттарда, ал мұнай кеніштері В1112), ІІІ (1+2+3+4+5+6), VІ (а123123), ІХ (1+2+3+4+5) және ХІІІ горизонттарда. Қима мен аудан бойынша өнімді горизонттарының құрылысын сипаттайтын мұнай кенішінің сыйымдылық-сүзгілену қасиеттерінің құрылысын айқындап нақтылау 2-ші кестеде көрсетілген. ХІІІ горизонтта, оның қалыңдығы орташа алғанда 53 метрді құрайды, А және Б екі бумасы көрінеді, олардың әр қайсысында сәйкесінше төрт үш қабат орнықтырылған. А бумасының «аң және «а2ң, «а3ң, «а4ң қабаттарына екі мұнайгаздылы және бір мұнайлы кеніштер үйлескен. Олардың газдық бөлігінің өлшемдері 12,8х2,4 және кеніштікі 14,6х3,5.
Газ бөлігінің қуыстық көлемі Мпор=0,82; 5,8х1,2 километр және кеніштікі 13,6х3,5 километр, Мпор=0,6 кеніштігі 12,5х4,0 километр.
Б-бумасының «Б», «Б23» қабатына екі мұнайгазды кеніне байланысты. Олардың өлшемдері сәйкесінше газдық бөріктікі ІІХ,1,75 километр және кеніштікі 17,2х5 километр, Мпор=0,16 газдық бөліктік 3;8х1,4 километр және кеніштікі 16х4,2 километр Мпор=0,02.
VІІІ горизонт жоғарыда жатқан горизонттан қалыңдығы шамамен 4-17 метр болатын сазды бөліммен бөлінген.
Горизонт, жалпы қалыңдығы 150-160 метр болатын горизонт бағынышты мәнге ие, қуаты аз өткізбейтін ерекшеліктері бар бір текті тұтас қалыңдықтықтағы құмтасты-алевролиттік жыныстармен көрсетілген. Коллектор қима бойынша да және аудан бойынша да жақсы ұсталған, күнделікті тараумен сипатталады. Кейін қабаттық, төбелі, табан суы бар мұнайгаздылығы. Газ бөлігінің 6,2х2 километр, мұнайлы бөлігі 7,5х3,2 километр, Мпор=0,38
Горизонт астының тиімді қуаттылығы едәуір кең ауқымда толқиды 3,6-дан 20м дейінгі аралықта және орташа алғанда 8, м-ге тең. Горизонт асты VІІІ а+б қабаттың, төбелі шекті суары бар мұнайгаздылы кенішті білдіреді. Көтерілудің төбе алдындағы бөлігі солтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа қарай шығыңқы бұрыштармен күрделенген, олардың екеуі негізгі төбе келеді.
Нақтылы корреляциямен кеніштің нұсқа сыртындағы аумағындағы батыс күшклинал (655 ұңғы) және оңтүстік қанат (68 ұңғы) ауданында VІІІ а+б горизонт тастының жоғарыда жатқан УП горизонтымен бірігіп кеткендігінің екі онша үлкен емес аймақтары белгілі болған.
2 кесте – Қима мен аудан бойынша қабаттардың құрылысы мен таралу сипаттамасы

Гори-зонт

Бума

Кеніштер

Қабаттар

Бірге құйылу
Коэфф-ті
КРД, бірлік

Бірге құйылу к.сл, бірлік

Горизонт-ң
жату тереңдігі
м,

мөлшері

индексі







АА

Аа1

11

а1

0,98

0,18

2065







Аа23

22

Аа23

0,90

0,51

2170







Аа4

11

а4

0,63

0,06








ББ

ББ1

11

ББ1

0,93

0,05











ББ23

22

ББ23

0,98

0,94



1.6 Сулылығы


Гидрохимия мен гидродинамика бойынша материалдардың негізінде Жетібай кен орнының қимасындағы геологиялық құрылым мен мұнайлылықтың мәндерін есепке алғанда екі гидрогеологиялық сатыға бөлуге болады: юра және бор.
Юра шөгінділерінің сулары бор шөгінділерінің суларынан ерекшеленеді. Бұлар тығыздығы бойынша (1109-1110 кг/м3) үлкен және минералдылығы 140-160 г/дм3 хлоркальцийлі типті тұздықтар. Скважинаның орташа шығымы 50 м3/тәу құрайды. Юра қабат суларының химиялық құрамы біркелкі.
XІІ горизонттық табан суы №6 скважинаның ашық фонтандауы мүнаймен бірге алынды. Оның жалпы сұйықтағы мөлшері 35-40 %.
Бор шөгінділері тең, апт және баррем горизонттарының суларың тығыздығы 1102 кг/м3-ті құрайды. Төменгі бор сулары тоғыз горизонттан алынды, олардың шығымы 0,2-ден 903,7 м3/тәу дейін жетті. Бұл горизонттардың суларының тығыздығы 1018-1020 кг/м3 құрайды. Барлық сулар сульфатты-натрийлі типті. Тек қана готерив ярусының суы хлор-кальцийлі. Құмтастар мен алевролиттер су араластырғыш жыныстар және саздар мен аргиллиттер су тірегіш жыныстар болып табылады.
Жетібай ауданындағы сормат шөгінділерінің сулары тұздылау, арынсыз, тереңдігі 30 метрге жететін шығымы аз құдықтар. Құдықтардан алынатын судың шығымы шамамен 260-330 м3/тәу. Нақты талдаулардың мәндері бойынша Жетібай кен орнының юра және бор горизонттары үшін корреляционды гидрохимиялық графиктер тұрғызылды.
Графиктер бойынша иодтың концентрациясы 6-8 мг/дм3 әдетте кездеспейді. Жетібай үшін көбінесе иодтың құрамы 10-11 мг/дм3, бірақ 15мг/дм3-ден аспайды. Жетібайдың өнімді горизонттарының (VІІІ-XІ горизонттар) төменгі қабатында иод мөлшерінің ұлғаюына беталыс қатты байкалмайды. Ортаңғы юра кешеніндегі суларда аммоний 60-тан 130 мг/дм3 дейін мөлшерде кездеседі. Әсіресе төменгі шегі тән.
Бор ортаңғы юра кешеніндегі сулардың барлық сынамаларынан тадылды. Оның концентрациясы 20-52 мг/дм3 шегінен аспайды. Көбіне жиі кездесетін бор концентрациясы шамамен 30-40 мг/дм3.


2 ТЕХНИКА -ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ




2.1 Игерудің ағымдағы жағдайының негізгі көрсеткіштері мен олардың өзгеру динамикасы


Қазіргі уақытта Жетібай кен орнының қимасында 13 өнімді горизонттар мен 26 кеніштер анықталды. Олардың: біреуі газды, он үші мұнайгазды және он екісі мұнайлы кеніштер. Өлшемі мен қоры бойынша белгілісі XII горизонттың мұнайлы кеніші болып табылады. Кен орынды игеруде төрт объект байқалды. Олардың ішінде үшінші объект IX бен X, төртінші объект XI, XIII+XII горизонттардың бірігуінен тұрады. Бірінші және екінші объектілер үшін есептеулер жүргізілмеген.
1976 жылы игерудің кешенді жоспары жасалды. Осыған байланысты скважиналардың өзіндік торлары бар игерудің алты объектісі анықталды. Алайда, жоғарғы (V-VI) горизонттардың геологиялық құрылымының күрделілігінен жобада қабылданған игерудің негізгі жағдайларынан бас тартуға тура келді. VIII, X-XII горизонттарға нұсқа ішінен су айдаумен игеріледі. XIII горизонт өзінің су арынды бассейні болғандықтан еш ықпалсыз игеріледі. Су айдау XII және X горизонттарға 1973 жылы, ал XIII горизонтқа 1976 жылы басталды. Жұмыс істеп тұрған скважиналардың саны өскесін мұнай өндіру де артты. Жетібайда мұнай өндіру 1979 жылы максимал мәніне жетті, сосын кішкене құлдырау болды, ал 1987 жылдан бастап жылына 400 мың тонна өндіріліп қарқынды дамиды. Бұл негізінен осы кезеңдегі кеніштің жоғары өнімді қабатшаларын бұрғылаумен және өндіру скважиналарындағы депрессияның ұлғаюымен түсіндіріледі.
Мұнай өндірудің өсуімен қатар 1972 жылы газ өндіру де өз максимумына жетті. Су өндірудің шамасы 386,897 мың тоннаға жетіп барлық өндірілген сұйықтың 10,2 пайызын құрады. 1983 жылдан бастап мұнай мен газ өндірудің төмендеуі өнімділік коэффициенті, пайдалану скважиналар коэффициенті, скважиналар қорын қолдану коэффициенті, сорапты компрессорлы құбырлар мен шлейфтердегі, түп аймақтардағы қиыншылықтар сияқты табиғи және технологиялық факторлармен байланысты
2.1.- кесте. Шикі мұнайдың физика-химиялық қасиеттері

Көрсеткіштер

Толқын теңіз кен орны

1) Газ факторы
(сепарация кезіндегі), м3
2) 50 оС- дегі тығыздығы ρ Н, г/см3
3) Тұтқырлық µН, π*с
4) Қату температурасы, оС
5) Құрамы, %
күкірт
шайырлар
асфальтендер
парафин

58
0,840


4,9
34

0,11
9,2


1,74
23,6





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет