Геометриялық нивелирлеу



бет1/3
Дата27.04.2023
өлшемі479,5 Kb.
#175597
  1   2   3
Байланысты:
Лекция 14 Геом нивелир
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R

Дәріс 14


Геометриялық нивелирлеу

Нивелирлеу дегеніміз бастапқы пункттен немесе теңіз деңгейімен салыстыра отырып жер бетіндегі пункттердің, нүктелердің биіктігін анықтау үшін жүргізілетін геодезиялық жұмыстың бір түрі. Нивелирлеу кезінде жер бетінде бір нүктелер мен екінші нүктелердің арасындағы өзара биіктіктерді анықтайды. Содан кейін бастапқы нүктенің берілген биіктігі арқылы келесі нүктелердің деңгейлік беттен саналатын биіктіктерін есептейді. Өзара биіктікті анықтау әдісі және қолданылатын аспаптарына байланысты келесі нивелирлеу түрлері бар:


1. Геометриялық нивелирлеу - өзара биіктік горизонталь көздеу сәулесі арқылы анықталады және нивелир аспабының көмегімен орындалады;
2. Тригонометриялық нивелирлеу - өзара биіктік көлбеу көздеу сәулесі арқылы анықталады және теодолит аспабының көмегімен орындалады;
3. Гидростатикалық нивелирлеу - өзара биіктік өзара байланысқан ыдыстардағы сұйық бетінің бір деңгейде тұруына негізделген;
4. Барометрлік нивелирлеу – нүктелердің арасындағы өзара биіктік сол нүктелердегі атмосфералық қысымдардың айырмашылығына негізделген;
5. Механикалық нивелирлеу – аспаптап арқылы жердің профилі автоматты түрде жазылады.


Геометриялық нивелирлеудің әдістері

Геометриялық нивелирлеуде нүктелердің биіктік өсімшесі нивелир деп аталатын аспап және рейка арқылы анықталады, нивелир горизонталь жазықтыққа келтірілген дүрбі арқылы рейкадан есеп алуға негізделген.


Геометриялық нивелирлеудің екі әдісі бар: «ортадан», «алға».
Ортадан нивелирлеу кезінде нивелир нүктелер арасына, ал рейкалар сол нүктелерге орнатылады.

Сурет 14.1 - «Ортадан» және «алға» нивелирлеу


Содан кейін нүктелерде тұрған рейкаларға кезекпен қарап, дүрбінің көздеу сәулесінің осы нүктелерден биіктіктері а және в деп есептеліп алынады. Егер А нүктесін артқы, ал В нүктесін алдыңғы нүкте деп белгілесек, онда а - рейкадан алынған артқы есеп те, в - рейкадан алынған алдыңғы есеп болады:


Һ = а - в (14.1)


мұнда, һ - биіктік өсімшесі.


Демек, ортадан нивелирлеу әдісінде биіктік өсімшесі артқы және алдыңғы есептердің айырмашылығына тең.
Егер а>в болса, онда h–тың оң таңбалы, ал а<в болса онда h–тың теріс таңбалы болғаны.
Нивелирді екі нүктенің ортасына орнатып, биіктік өсімшесін осылайша анықтауды «ортадан» нивелирлеу деп атайды. Ортадан нивелирлеудегі аспаптан рейкаға дейінгі қашықтық нивелирлеу жұмысының дәлдігіне, сол жердің рельефіне байланысты болады және де екі қашықтық бір-біріне тең болуы қажет.
Алға нивелирлеу әдісінде нивелир дүрбісінің окуляры мен нүкте бір тіктеуіш сызық бойында орналасады да, есеп алынатын рейка екінші нүктеге орнатылады. Бұл жағдайда көздеу осінің нүктеден биіктігін рулетка немесе рейка арқылы өлшейді. Алдыңғы нүктеден есеп алынады:

Һ = і - в (14.2)


мұнда, і - аспап биіктігі.


Демек, алға нивелирлеу әдісінде биіктік өсімшесі аспап биіктігінен алдыңғы есепті алғанға тең.
Екі нүкте арасындағы өсімше белгілі болса, В нүктесінің биіктігін мына формула арқылы анықтауға болады:

НВ = НА + h (14.3)


Яғни келесі нүктенің биіктігі алдыңғы нүктенің биіктігіне өсімшені қосқанға тең.


Деңгей жазықтықтан аспаптың көздеу осіне дейінгі тіктеуіш сызықты аспап горизонты АГ деп атайды.
Аспап горизонты былай анықталады:

АГ = НА + а немесе АГ = НВ + в (14.4)


яғни, аспап горизонты нүкте биіктігіне сол нүктеде орналасқан рейкадан алынған есепті қосқанға тең.


Аспап горизонты арқылы да нүктелер биіктіктерін анықтауға болады. Екі пункт арасындағы С нүктесінің биіктігі мынаған тең:

НС = АГ - с


мұндағы, с - С нүктесіне қойылған рейкадан алынған есеп.


Егер нивелирленетін екі нүктенің арасы 100 м-ден аспаса, онда екеуінің арасындағы биіктік өсімшесі жалғыз станциядан анықталады. Мұны қарапайым немесе жай нивелирлеу деп атайды.
Нивелир жүрісіндегі нүктелерде рейка алдымен артқы, содан алдыңғы болса, ондай нүктелерді байланыс нүктелері деп атайды. Байланыс нүктелері екі көршілес станцияларды байланыстырып тұрады.
Байланыс нүктелерінің арасында жатқан ерекше нүктелерді аралық нүктелер деп атайды.
Керісінше, А және В нүктелерінің арақашықтығы едәуір қашық болса, онда өсімшені анықтау үшін нивелирді бірнеше станцияға орналастырып күрделі нивелирлеу жүргізіледі.

Сурет 14.2 - Күрделі нивелирлеу






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет