Гимнастика сабағын өткізу түрлері Орындаған: Алияков Нұрмуханбет дот нвп и фкис тексерген: Тастанов Адильбай Алматы 2023 Гимнастика сабағын өткізу түрлері



бет4/4
Дата11.04.2023
өлшемі40,31 Kb.
#174185
1   2   3   4
Байланысты:
Гимнастика
Белый Черный Бежевый Простой Корпоративный Засечки Презентация, Презентация по математику на тему Үш перпендикуляр туралы теорема
Болашақ волейболшы – шеберлер мектебіне қабылданатын спортышлардың дайындау барысында оларға қойылатын негізі талаптардың бірі, оның ұжымдық ойындағы жеке рөліне ерекше назар аударылу қажеттілігі осы жерде тәжірибелі бапкер «жалғыз шауып бәйге алмас, жалғыз ағаш орман емес», «Жалғыздың үні шықпас – жаяудың шаңы шықпас»- деген халық мақалының педагогикалық мәніне көңіл бөлгендері жөн демекпіз.
Волейболшылар дайындайтын мектептің әрбір жылы, белгілі сынақ, емтихан және болашаққа жолдама беретін оқу-жаттығу мектебіне айналғанда ғана көздеген нысанасына жетеді.
Мысалы, келесі оқу-жаттығу процесінің жаңа белестер мен биік тұғырға көтерілуіне арналған бапкердің жаңа бағдарламасы мен оқу жоспары, спортшының әрбір жарыстан кейінгі ой толғанысы яғни, жетістіктері мен қателіктерін таразылай келіп, өзінің алдына жаңа талаптар қоюға қабілеттілігі т.с.с.
Арнайы дайындық мектебінен өткен спортышлардың жылдық қорытынды нормативтер тапсырудағы көрсеткіштері екі жақтылық педагогикалық-спорттық мәселелерді шешеді. Олар, біріншіден, жаттықтырушының білімі мен өзі маманданған спортты меңгергендігін көрсетсе, екіншіден, жаттығушылардың өздері таңдаған спорт түріне деген сүйіспеншілігін және өз борышына деген адал ниетін де білдіреді, үшіншіден, спорт мектебінің педагогикалық ұжымымен басшылардың мемлекеттік мәні бар іс-шараны іске асыра алу қабілетінде көрсететін факторлар жиынтығы екендігі хақ.
Біз жоғарыда әңгіме еткен негізгі оқу-жаттығу процесінің өзекті көзі болып табылатын негізгі құжаттар спорт мектептерінің оқу жоспарлары мен оқу-жаттығу процестерінің негізгі кезеңдері көрсетілген үлгі-жобаны оқушылар назарына ұсынамыз.
Ескерту: Бұл оқу жоспарына өзгеріс енгізуге әрбір спорт мектебінің құқығы бар екендігін естеріңе саламыз [8].
Ескерту: оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру кезеңін есепке алу әр жылдың қыркүйек айының 1-ші аптасынан басталады. Сол сияқты оқу-жаттығу мерзімімен оның бағдарламасына жеке облыстардың, аудандардың, қалалар мен елді мекендердің ауа райына, мектептегі құрал-жабдықтардың даярлығына байланысты мектептің педагогикалық кеңесі өзгертулер енгізуге құқығы бар екендігін тағы да ескертеміз. Сол сияқты игерілген әдістерден жаттығушылар қозғалыс әрекетінің нақты тәсілдерін құруға бейімделулері қажет. Мысалы, тордың алдында тұрып және секіріп волейбол өткізе доп беру қимылы сияқты. Сонымен қатар дайындық кезінде ойыншыға машықтанушылар торға теріс қарап тұрып та, секіріп тордан өткізіп доп беру элементтеріменен де жаттығулары дұрыс. Дайындық кезеңінің ең бір күрделі жаттығуы-алаңның қорғау шебіндегі кеңістігі барлай алу қабілетінің күрделенуі, оның қарсыластары алаңынан берілген допты қабылдауға машықтану және волейбол алаңының әрбір зонасын ыждағатты түрде меңгеру болып табылады.
Оқу-жаттығу кезеңінде жаттығушылар тек қорғаныста ойнау менен ғана шектелмей, оңтайлы-нәтижелі шабуыл шебін де меңгергендері жөн. Олар ойыншылардың келісімді бағытта орын алмаса отырып шабуыл сәтін шалт ұйымдастыру, тез алма-кезек өз орнын ауыстырып отыру мүмкіншілктерін меңгерулері. Бапкерлер бұл кезеңде 2:1, 3:1, 2:2, 3:2, 3:3 сияқты ойын барысын шәкірттердің меңгеруіне жағдай жасаулары негізгі қажеттіліктердің бірі.
Жалпы білім беретін мектептердің Х-ХІ сыныптарындағы дене тәрбиесі пәнінің өзіндік ерекшеліктері барлығын мұғалімдер зерделі түрде ұйымдастырулары керек. Себебі бұл сыныптар оқушылары спорт ойындарының бір түрімен тиянақты, зор ыждағаттылықпен шұғылдануға ерекше мән береді, сондықтан да олардың ойын шеберлігіне мән беріп, жүйелі, мақсатты жаттығулар ұйымдастыру мақсаты қойылуы міндетті. Бұл жастағы окушылар психологиясына тән ерекшеліктер спорт ойындарының әдіс-тәсілін меңгерумен бірге оларға тән қимыл-қозғалыстардағы үйлесімділік, өзара келісімділік, ақыл- ой, сана -сезім және еріктілік сияқты қасиеттердің жүйелену кезеңдерінің бастау алулары. Сондықтан да мұғалімдер мен жаттықтырушылар бұл кезеңіндегі негізгі шарттардың бірі олардың ойын ережелерінің күрделі тәсілдерін үйреніп меңгерулеріне ерекше уақыт бөлулері болашақтағы олар іс-әрекеттерінің нәтижелілігін қамтамасыз ететінін ескертеміз. Оқушылардың волейбол ойыны дәрісін нәтижелі ұйымдастырудың бір пайдалы- тиімді түрі арнайы бағытта өткізілетін тәжірибе дәрісі болып былады. Бұл кезеңде ойын-жаттығу барысында жан-жақты дамыту жаттығуларын тиімді пайдалану арқылы талапқа сәйкес тәжірибелер жинақталады, шеберліктері арттыратын жалпы спорттық жаттығулар түрінде өз беттерінше тандауғ мүмкіншілік алады.
Дене тәрбиесі мұғалімдері болашақ волейболшылар дайындаудың алғашқы бесігі мектептегі дене тәрбиесі дәрісі екендігін назардан тыс қалдырмауы қажеттілік демекпіз, себебі тек дамудың осы кезеңінде төмендегілердей сапалық өлшемдер бар. Олар: теориялық жәңе әдістемелік білімдерді, айла-әдіс шеберлік деңгейін қамтитын бағдарламалық материалдарды меңгеру дәрежелері, дене шынықтыру, салауатты өмір салтын баянды ету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет